Поурочный план по математике на тему повторение изученного материала 4 класса


Сынып: 5 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіші және еселігі.
Жай және құрама сандар
Сабақтың мақсаты:
1. Құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу туралы ұғымымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Қайталау сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудың әдісі: практикалық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
2. Үй тапсырмасын тексеру: § сұрақ 1-3, № 242 , 248, 251
1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
3. 1 саны қандай сан?
3. Жаңа сабақты меңгерту:
Құрама сандыжай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деп аталды.
Мысал: 462=6*77=(2*3)*(7*11)=2*3*7*11
462=21*22=(3*7)*(2*11)=3*7*2*11
Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.
Мысал: 36 = 2*2*3*3 36= 22 *32
4. Есептер шығару.
№ 257-259. жазбаша тақтада орындау
№ 261 өздіктерінен
5. Сабақты бекіту кезеңі:
1. Құрама санды жай көбейткіштерге қалай жіктейміз?
2. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеуде қандай реттілікті сақтау керек?
6 . Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
7. Үйге тапсырма: § 1-2 сұрақ. №166, №247, 256