Біз салауатты ?мір с?реміз


Тақырыбы: «Біз салауатты өмір сүреміз»Мақсаты:Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.Тәрбиелік - денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі: 
Үш тілде амандасу.
Кіріспе: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?    Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.    Салауатты өмір сүру дегеніміз не?    Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмай
"Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.Қызған шақболма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.-  Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..
І топ:«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың!»ІІ топ: «Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық - зор байлық!»ІІІ топ:«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда!»
Олай болса бүгінігі іс- шарамыздың бөлімдерімен танысайық.
І. «Денсаулық –зор байлық» ой ашар сұрақтары
ІІ. «Мені жалғастыр» ойыны
ІІІ. «Суреттер сөйлейді» суретпен жұмыс
ІV. «Жағдаяттар»
V. «Исіне қарай ажырат» ойыны
VІ. «Өмір театр» көрініс
Нұрхан:Денсаулық – ол күлуің,Көңіл-күйің жадырай.Денсаулық – ол жүруің,Ешбір жерің ауырмай.
Меруерт:Денсаулық - шексіз бақыт халқым менің,Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.Қолда барда біл оның қасиетін,Күтіп баптап, аяла әр уақытта.
Дәулет:Денсаулық – зор байлығың,Сақта оны жасыңнан.Зиянды әдет еліктірсе,Айналып өт қасынан.Ақмаржан:Басты байлық - денсаулық,Бабаң айтқан даналық.Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Айдос:
Денсаулық ол – шыныққанБарлық денең мүшесі.Денсаулық ол - тыныққанЖүйке тамыр жүйесі.
Жангүл:Денің сауда күштісің бұл әлемде,Денің сауда сұлусың жер бетінде.Сол мықты денсаулықтың арқасында,Жеңерсің ауыр заман тәлкегінде.
Мұғалім: Әр топ өздерін таныстыра кетсін.Топ спикерлері өз топтарының аты мен ұрандарымен таныстыра кетеді.
І бөлім «Денсаулық –зор байлық» ой ашар сұрақтары
1.Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)2. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)4. Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)5.Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)6.Не зиян? Не пайдалы?7. тіс емдейтін дәрігер (стоматолог)8. Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік)9 Асқар тауда қара орман (шаш)10. Тәні саудың (жаны) сау.11.тазалық кепілі (денсаулық)
Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?Байлық туралы ой қозғау.Байлық--- ақша ------------ машина------------ денсаулықЕң үлкен байлығымыз – денсаулық.
ІІ. «Мені жалғастыр» ойыны
1.Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!
2.Көзің ауырса, қолыңды тый.Ішің ауырса, аузыңды тый.3.Ас адамның арқауы.4.Тазалық - саулық кепілі, Саулық - байлық кепілі.5.Өзі тойастың көзі тоймас.
6.Өле жегенше бөле же.
7.Тәні саудың жаны сау.8.Денсаулық – зор байлық.
9. Бас аманда мал тәтті
Бас ауырса ,жан тәтті
10. Жеңіл барып, ауыр қайт
Аман барып, сау қайт
11. ауырып ем іздегенше
Ауырмайтын жол ізде.
ІІІ. «Суреттер сөйлейді» суретпен жұмыс
Әр топқа суреттер таратылады. Сол суреттер бойынша өз ойларын айтады.
ІV. «Жағдаяттар»
1-   жағдаят:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
 « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2-жағжаят:
Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?
3- жағдаят
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
V. «Иісіне қарай ажырат»ойыны.
Бұл ойында әр топтан оқушы шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
VІ. Өмір театр» көрініс
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.Есік қағылады. Ішке бала кіреді.Дәрігер:- қандай себеппен келдің?Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.Дәрігер:- Нені ұнатасың?Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Әр топтан бір баладан өзінің күн тәртібі туралы айтады.
Олай болса балалар экранға назар аударайық.
Бұл жерде Дананың іс-әрекеті дұрыс па?
Деніміз сау болу үшін не істеу керек?
Бүгін бізге Аудандық емханадан қонақтар келіп отыр соларға сөз берейік.
Салауатты өмір сүру дегенді қалай түсінесіңдер? Постер қорғау» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді                            қоректену керек.» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ертетұрукерек.» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.» Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.
   -  «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін. 
 Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,Таза болып жүреміз.Біз баламыз шыныққан,Денсаулығы мықты жан.