АШЫ? САБА?. Денелер.Заттар.Таби?ат ??былыстары.


Тақырыбы: Денелер.Заттар.Табиғат құбылыстары.
Мақсаты: Табиғи және жасанды денелер, заттар,табиғаттағы құбылыстар жайлы түсінік беру; Оқушылардың ой- өрісі дамыту; көзқарасын қалыптастыру . Оқушыларды табиғатты сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру,ой қозғау, миға шабуыл.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер ,ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу-оқыту материалын талдау..
ІІІ. Ой қозғау.
-Табиғат дегеніміз не? Табиғатты зерттеу әдістерін атаңдар.
IV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Денелер, заттар, құбылыстар.
V. Жаңа материалды түсіндіру. Денелер- адамды жан -жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене деп аталады. Олар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Күн, ай, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс – табиғи денелер. Үй, машина, үстел, орындық, кітап, дәптер, қарындаш –жасанды денелер. Ауа , құм, тас ,т.б. өлі табиғатқа жатады. Тірі денелердің жиынтығы тірі табиғат деп аталады. Кез келген табиғи және жасанды денелер заттан тұрады. Мысалы, жаңбыр тамшысы – судан, доп -резинадан тұрады, тамшы- дене, су- зат, доп - дене, резина- зат.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Ойын. Заттар мен денелердің байланысын анықтау.Әр дененің жасалған затпен арасын бағыттауыш сызықтармен қосу қажет.
Дәптермен жұмыс: атауларын жазу.
Миға шабуыл.
1.Адам табиғат құбылысын игеріп, өзіне бағындыра ала ма? Мысал келтір, дәлелде.
2. Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажеттеріне пайдалана білді?
VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.
-Дене деген не? Дене неден тұрады?
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұндау.
Бағалау.