Презентация та?ырыбы: Таби?ат ??былыстары (5 класс)


Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі қар кемпірқосақ жаңбыр. жел Табиғи құбылыстар: Дыбыстық құбылыстарЭлектро – магниттік құбылыстарХимиялық құбылыстарБиологиялық құбылыстарМетеорологиялық құбылыстарЖылу бөлу құбылыстарыЖарық шығару құбылыстары Дыбыстың құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т.б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші, дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір-бірімен сөйлеспеуі және т.б. Электр тогы болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті электро-магниттік құбылыс дейміз.Жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі – метерологиялық құбылыстарға жатады. Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор – химиялық құбылыстың нәтижесінде пайда болады. Олар бір заттың екінші затқа түрленуінен болады. Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы – биологиялық құбылыстарға жатады. Табиғаттағы барлық құбылыстар бір-бірімен байланысқа түседі. Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып, кемпірқосақты көруге болады. Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түнде ұйқыға кетсе, оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады. Пайдаланғаннан кейінгі газдар, шаң – тозаңдар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да – қышқыл жаңбырлар пайда болады. Бұлар химиялық – метерологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады. Табиғи құбылыстардың бірі – жаңбыр. Жаңбыр - диаметрі 0,5—7мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Найзағай - бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай Бұршақ Бұршақ - мөлшері 5-тен 55 мм-ге дейін және одан да ірі жұмырланған мұз түйіршіктерінен тұратын атмосфералық жауын-шашын. Қалың жаңбырлы будақ бұлттардан, әдетте, қатты найзағай кезінде енсіз (бірнеше км-лік), ұзын (жүздеген км-ге созылған) өңірде жауады. Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Кемпірқосақ Кемпірқосақ Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұлт Бұлт — атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. шарбы бұлттар — 10 км биіктікте кезде-седі, жекелеген жұқа және сирек бұлттар, түрі ақ, шарбы немесе қауырсын тәріздес будақ бұлттар — 1-2 км биіктікте пайда болады, негізі жайпақ горизонтальды және басы күмбездер не кертпештер тәрізді жеке қалың бұлттар қатпарлы бұлттар — 1 км-ден аз биіктікте пайда болады, бір беткей бұлтты тұман құрады нажағайлы немесе будақ-жаңбыр бұлттары — негізі 1-4 км және басы 3-тен 5 км-ге дейін биіктікте болады, тау немесе мұнара тәрізді оте қалық бұлт массалары Будақ бұлт Қатпарлы бұлт Шарбы бұлт Тұман — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 – 15 мкм) дейін Қырау— ауадағы су буының салқындауынан топырақ бетіне, шөп сабақтарына, электр желілеріне, т.б. жерлерге қататын мұз қабаты. Иней Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Қар Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран Стала речка сосен тише…А над речкой – кутерьма: Мы по льду коньками пишем: «Здравствуй, зимушка-зима!». Мұз Су температура 0 градуста қатады. Мұз —Судың қатты түрі. Мұз Графикалық диктант Сұрақтың жауаптары жоқ; иә белгілерімен белгіленеді.1) Табиғаттағы барлық болатын процестерді құбылыс деп атаймыз2) Жаңбырдың жауғаны, қардың еруі, күннің күркіреуі биологиялық құбылыс3) Құстардың сайрауы, адамдардың бір-бірімен сөйлесуі дыбыстық құбылысқа жатады4)Электр тогы болмаса, теледидарды көре алмас едік, бұл жарық шығару құбылысы5)Тірі организмдердің өсуі, көбеюі биологиялық құбылысқа жатады Суреттерге қарап, қандай табиғи құбылыстар бейнеленгенін айтып беріндер. Өзіңді тексер Табиғи құбылыстар дегенді қалай түсінесің?Қандай табиғи құбылыстарды байқауға болады?Жылдық маусымдарда қандай биологиялық және метеорологялық құбылыстарды байқауға болады?