Поурочный план на тему Кейінгі палеолит


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Кейінгі палеолит
Сабақтың мақсаты:
? Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау
? Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: баяндау
 Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
·        Оқу құралын тексеріп түгелдеу
·        Әнұран орындау, «Хабар»
·        Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
? Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?
? Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай  пайдасы болды деп ойлайсыңдар?
Жаңа сабақтың жоспары:
1.     Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында  ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.
2.     «Саналы адам».
Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/
«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.
3.     Рулық қауымның шығуы
Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.
Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.
 
 
Сабақты бекіту:
·        Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?
·        Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?
·        «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?
·        Ру дегеніміз не?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?