Поурочный план по казахскому языку на тему: Алматы ?аласыны? экономикасы. Ыры?сыз етіс(для студентов колледжей)


Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________ М.Ерманова
Сабақ жоспары № 23
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: _____________
Тобы: ПО-17
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Алматы қаласының экономикасы
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Ырықсыз етіс
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Студенттерге еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласы туралы, оның экономикасы туралы мағлұмат айту, ырықсыз етіс туралы білімдерін толықтыру;
Ә) Дамытушылық: Студенттердің сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Б) Тәрбиелік: Студенттерді еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Оқыту әдістері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау
Оқыту құралдары: Мультимедиалық проектор, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттермен сәлемдесу.
2. Студенттерді түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Студенттерге сабақтың мақсатын айту
Грамматикалық тақырып: Ырықсыз етіс
Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндей көрінеді.
Жұрнақтары: -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н.
Мысалы: егін ор+ыл+ды, үй таза+лан+ды.

1. «Алматы қаласының экономикасы» мәтінін оқу.
2.Мәтінді аудару.
3.Сөздікпен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
Жаттығулармен жұмыс.
1.1-жаттығу. Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.
қосалқы кәсіпорын
орын орнату
өнім бөлшектер
тұрақты өңдеу
шағын алу
қарым-қатынастар жүйе
металл орталығы
1.3 - жаттығу.Сөйлемдерді толықтырыңдар. Сөйлемдегі бастауышты ырықсыз етіс түрінде жазыңдар.
1. Ертіс және Жайық өзендері арқылы көпірлер ... . 2. Жиналыс туралы оған алдын ала ... . 3. Көшелерге көптеген жарнамалар ... . 4. Осы мейрам қарсаңында зейнеткерлерге пәтер ... . 5. Бөлмеде жарық ... . 6. Отбасы дастарқанға жиналып, шай ... .
1.4 – жаттығу. Берілген сөздерді етістің түрлеріне қарай бағанға бөліп жазыңдар.
Үлгі:
Өзгелік етіс Өздік етіс Ырықсыз етіс Ортақ етіс
оқыт көрінді тазаланды сөйлес
Жеңілді, аяқталған, әкелісті, өңдетті, жүргізген, жуынды, тапсыртқыз, ақылдастым, сөйлестік, жасырынды, сұрат, жинасты.
ІV. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау.
V.Үйге тапсырма беру:
80 бет, 1.6-жаттығу. Берілген етістіктердің шақтарын, етіс формасын анықтаңдар.



Пән оқытушысы: Б.Мукашева