Математика Мы? к?леміндегі сандарды разрядты? ?осыл?ыштар?а жіктеу


Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Мың көлеміндегі сандар (оқу, жазу, салыстыру, разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеу)
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы Суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Оқушылардың 1000 көлеміндегі ауызша есептер шығару іскерліктерін қалыптастыруБілімділік: Оқушылардың 1000 көлемінде берілген есептер туралы білімдерін кеңейту, ауызша есептеу тәсілдері туралы мағлұмат беруТәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеуДамытушылық: Оқушылардың ойлауын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін зейінін дамытуСабақтың түрі: Аралас сабақӘдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілікКөрнекілігі: интерактивті тақта
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Шығармашылық тапсырма:
1 - тапсырма. Математикалық диктант1. 1метрде неше сантиметр бар?2. 58 бен 2 сандарының қосындысы нешеге тең?3. 12 мен 50 сандарының қосындысына 8 - ді қос4. 1 минутта неше секунд бар?5. 5 жүзд. 6онд. 5. Бірл қандай сан?6. 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?2 - тапсырма.3 – топқа сандар беріледі. Олар разрядтық қосылғыштарға жіктеп жазады Білгірлер тобы: 368, 386, 638, 863, 638Алғырлар тобы: 507, 570, 750, 289, 298Жүйріктер тобы: 279, 278, 423, 324, 4323 - тапсырма. Есептеуді түсіндір70+14=8480 - 52=2858+2=60370+14=3847 80 - 52=728580+20=61035+23=58750 - 21=72939+2=41350+230=580750 - 210=540390+20=41060+23=8350 - 21=29390+200=590560 + 23 =583750 - 21=729390+220=610560 +230=790750 - 210=540390+200=590
Сергіту сәті Сергіту сәті
«Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
Бірінші байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндікҮшінші байлық - тіл байлықТөртінші байлық - қайрат-күшБесінші байлық - ақ жаулықАлтыншы байлық - балаңызЖетінші байлық - жүз саулық
Ой толғаныс 4 - тапсырмаА) 12 ашық хатты әр хатқалтаға 2 - ден салу керек. Неше хатқалта керек?Жауабы: 6 хатқалтаӘ) 12 ашық хатты 2 хатқалтаға тең бөліп салу керек. Әр хатқалтада неше ашық хат бар?Жауабы: 6 ашық хаттан5 - тапсырма. Есепті шығар«Білгірлер» тобыА) Дүкенде 500 кг пияз болды. Пияздың біраз бөлігі сатылғаннан кейін, онда 140кг қалды. Неше килограмм пияз сатылды?«Алғырлар» тобыӘ) Асханаға 17кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді. Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?«Жүйріктер» тобыБ) Анасында 200 теңге болды. Ол 100 теңгеге сүт және 45 теңгеге нан сатып алды. Анасында неше теңге қалды?6 - тапсырма. 3 топқа теңдеу беріледі652 - х=14+38a - 130=420+200700+x=1000 – 100
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады