«Сыбайлас жем?орлы??а жол жо?»


Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
Мақсаты:1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;
«Жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру;Тәрбие сағатының барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
ҚР әнұранын орындау;
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Мұғалім сөзі
«Сыбайлас жемқорлық» - деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.
Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр
1-ші топ.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
         Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
         Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.
         2-ші топ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. 
Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.  
3-ші топ. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.
«Менің көзқарасым» әр топтан бір оқушы шығып, сыбайлас жемқорлық жайында өз ойларын айтады.Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал - мәтелдер.1. Адамгершілік болмай,Әділдік болмас.2. Адамның ұяты бетінде,Адамгершілігі ниетінде.3. Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,Өзенге көпір салған бір сауап,Жолға ағаш еккен бір сауап.4. Адалдық — ардың ісі.5. ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.6. Адамның әдемілігі шыншылдығында.7. Ақиқат сөзде алалық жоқ.8. Әділ айтқан жеңер.9. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.10. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
«Менің отбасым» тақырыбына сурет салу (әкесі,анасы,баласы)
Қорытынды: Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.