Конспект сыбайлас жем?орлы??а жол жо?


Жарөткел негізгі мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Ғабидуллаева Алмираның
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
тақырыбына жазған баяндама жұмысы.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - әр адамның парызы
Біздің бүгінде ең басты мәселеміз ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып отыр.Өзіміздің ата заңымызда айтылып өткендегі «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген,Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұратына берілген бейбітшілік қоғамда тұрамыз деп,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге сала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз»деп Қазақстан Республикасының Конституциясының алғашқы бетінде жазылған.Бұл игі талапты өзіміздің болашағымызды және де үздік мемлекетімізді тәуелсіз етіп,биік белестерге жетеміз деген мақсатпен түсінуге болады.Еліміз тәуелсіз мемлекет болып,жарияланғаннан кейін,халықтың жағдайы жақсарып жоғарыланды,бірақ бұл нәтиже бізді көп ойға салатын ол «сыбайлас жемқорлық»деген біздің індетіміз.Бұл індетпен біз күресіп жатқанымызға көп уақыт болса да,одан бізге нәтиже болып жатқан жоқ.Өкініштісі сол,сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен жарасып өсіп келе жатыр.Ол мемлекетіміздің басқарушыларының барлық бағыттарында орын алады.
Елбасы өзінің «Қазақстан-2050»жылғы бағдарламасы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталатын жолдауында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресті басты мақсатқа қойған.
«Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» деген.Осы елбасымыз айтқан заңға бағынып жатқан халық болмады.Көптеген адамдар жемқорлық пен ұсталып жатса да,оны біздің елдің беделді атақты адамдары түсіне білмеді.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады,билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдыруына ықпал етіп жатыр.Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың экономика саласын да,құлдыратуға ықпал жасайды.Барлық мемлекеттер,қалалар,аудандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізсе екен деген меселе туындайды.Жалпы ертеңі үшін аландайтын жас ұрпақ жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің сауаттылығы мен ұйымдастырушылық жүйесін кеңейтіп ойланады деп түсінемін.
Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды.Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге БҰҰ,Еуропа одағы,Америка мемлекеті ұйымы,сонымен қатар экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қосылады.Қазіргі заманда сыбайлас жемқорлықтардың түрлері көбеюде.Олардың түрлері ғана өзгеріп қоймай,соған деген халықтың көзқарасы да өзгеріп тұрады.
Бұрын сыбайлас жемқорлыққа халық көз жұма қараса,қазіргі таңда керісінше оның жолын бөгеуге тырысады.Осыған орай біздің президентіміз Н.Назарбаев 2015-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» бағдарламасында,сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды қатаң басшылыққа алды.
Қорытындылай келсем,сыбайлас пен жемқорлыққа біздің елімізде жол жоқ.Халқымыз өз істерін қалай қолдану керектігін,қандай іс болмасын өз құқықтарын қолдана және де нақты білуі қажет.Сонымен қатар елімізге заңнамада қандай қатаң шаралар қолданып,өзгерістер болып жатқаның түсіндіріп отыруға тиіс деп ойлаймын.
Ал айтар ұсынысыма келер болсақ :Келешек жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан біліммен қоса дұрыс тәлім-тәрбие беріп имандылыққа,адалдыққа баулу қажет деп ойлаймын.Елбасымыз айтқандай «Болашақ-жастардың қолында»,- деп сенімін жауаптылық пен атқару борышымыз деп есептеймін.