Наурыз аруы-2016 атты іс-шара


Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.Жүргізуші:Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық.Рұқсат болса бастайық!Жүргізуші:Мың бұралған арулар аңдап басып,Келеді міне ортаға толқып тасып.Аруларын сыйлаған, халқым менің,Көңілді қошеметпен қарсы алайық!Ортаға аруларымызды біздің топтың жігіттері алып шығып таныстырады.1 - аруымыз: Бералиева Карина2 - аруымыз: Исаева Адия3 - аруымыз:Какимова Инкар4 - аруымыз: Менбаева Зарина5 - аруымыз:  Асилбекова Мухаббат6 - аруымыз: Икрам Сандуғаш
7-аруымыз: Казбекова Альмира
8-аруымыз: Оспанова Дильназ
9-аруымыз: Испантаева Аида
10-аруымыз: Сейлбекова Акниет
11-аруымыз: Смагулова ЗаринаЖүргізуші:Ал, халайық, аруларға тамсанайық,Қыз қылықты дегенге ән салайық.Атына заты сай аруларғаТағы да бір қол соғып алайық.Жүргізуші:Уа, арулар, арулар!Ешкімің жоқ алалар.Ару болу үлкен сын,оны қазың бағалар – деп,әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың атқаратын міндеттері мен таныстырып өтейін.1. Өзін таныстыру2. Сұрақ-жауап3. Үй тапсырмасы4. Арулардың өз өнерлерін көрсетуі.Жүргізуші:Бүлдіршін арулар келді танысуға,Бойындағы бар дарынды дарытуға.Қорықпастан сахнаға келіп жетті,Әдеппен, ізетпенен танысуға.Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,Әрбір ару көрсін өзін таныстырып, -деп І кезеңнен бастаймыз І кезең.» Өздерін таныстыру» кезеңі
Сырлары көп ғылымның,Шешілмеген әлі де.Тереңдігі білімнің,Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа берейік.ІІ кезең- сұрақ-жауап кезеңі1. Көктемнің қай айында аналарымыздың мерекесі болады?2. Төрт түлік малды ата?3. Анаң сені үйде не деп еркелетеді?4. Қандай мақал - мәтелдерді білесің?5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?6. Сен қай мектепте оқисың?
7. Анаңның сүйікті асы қандай?
8. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
9.16-желтоқсан қай мереке?
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі?
11. Оқу-білім туралы мақал айт
ІІІ кезең. . «Анамның сүйікті асы».Арусыңдар таудай биік талабың,Қызысыңдар еркін өскен даланыңАл, қанекей мүдірмеңдер бұл сындаАс әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).ІҮ кезең Арулардың өз өнерлерін көрсетуі:
Кедеймін деп қысылма,Өнерің болса қолыңда.Өнерлінің ырысы,Жарқырап жатыр жолында.Сайыста ән салайық, би билейік,Өнермен өрге басып кідірмейік.1 - аруымыз: Бералиева Карина – Көркем сөз(тақпақ(2 - аруымыз: Исаева Адия – ӘН «Қызыл гүлім-ай»3 - аруымыз:Какимова Инкар- Көркем сөз(тақпақ(4 - аруымыз: Менбаева Зарина- аспапта ойнау (домбыра)
5 - аруымыз:  Асилбекова Мухаббат - Көркем сөз(тақпақ(6 - аруымыз: Икрам Сандуғаш – би «Аққу»
7-аруымыз: Казбекова Альмира - гимнастика
8-аруымыз: Оспанова Дильназ – ән «Мен қазақтың қызымын»
9-аруымыз: Испантаева Аида – заманауи корей биі
10-аруымыз: Сейлбекова Акниет- ән «Ана тілегі»
11-аруымыз: Смагулова Зарина- би «Қара жорға»Жүргізуші:Барына риза болсын көрермендер,Көрсетті өнерлерін жас өрендер.Осымен сайысымыз аяқталсын,Қазылар берсін енді шын бағасын.Қазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Өнерлі, білімділер жарысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. Әділ қазылар әділ бағаларын шығарғанша ұлдарымыз аналарын құттықтап қойсын.
Ән «Ақ мамам»
Аналарына сыйлықтарын сыйлайды.
Қалалық бастауыш сыныптар онкүндігінде өткен сайыстардың жеңімпаздарын марапаттап өтейік!
Әділ-қазылар алқасына сөз берейік!
Қорытынды сөз.Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті.