Саба? та?ырыбы: «Капронан лала г?лін жасау»


Сабақ тақырыбы: «Капронан лала гүлін жасау»Мақсаты: Дайын жапырақшалардан лала гүлін құрастырып үйрену, оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеру, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығару.Капроннан гүл жасау арқылы қол икемділігін дамытып, кәсіпкерлік бейімділігін қалыптасыру, іскерлік өнерге баулу;Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақтың түрі: араласОқыту әдістері: түсіндіру, көрсету, үйрету.Материалдық- техникалық құрал:Гүлдер түрлері, сым темір, капрон түрлері, капрон жіп, дайын жапырақтар, гүл сабақтары, дәнегі, қайшы, желімді таспа, интерактивті тақта.Пәнаралық байланыс: биология, химия.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, арнаулы киімдерін кию,құралдарын тексеру.II. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.III. Үй тапсырмасын қайталау. (Сұрақтар)а) Капроннан гүл жасау үшін қандай құрал – жабдықтар қажет?(Әр түрлі көлемдегі қалыптар, капрон кесетін қайшы, түрлі түсті сымтемірдер ,түрлі түсті капрон, таяқшалар, түбін байлайтын капрон жіп)ә) Жапырақша жасаудың неше тәсілі бар? (4 тәсіл)б) 4 тәсілдің ішіндегі ең оңайы, әрі тез жасалатын әдісін атаңдар. (1 тәсіл)IV Жаңа материалды түсіндіру: Лала гүлдерін жасау үшін алдымен мына әдемі гүлдерді тамашалап көрейік, қандай әдемі, түстері де әр түрлі. Міне біз бүгін алдынғы сабақта жасап үйренген жапырақшалардан осындай әдемі әрі әсем лала гүлдерін құрастырамыз.Бір Лала гүлін орындау үшін бізге келесі бөлшектер керек.- 6 дайын жапырақшалар,- дәнегі,- желімді таспа,- гүлдің сабағы,- капрон жіп,- қайшы- кемпіраузДайын күлтелерді сабағымен біріктіріп, желімді таспамен өңдейміз. Дәнегін қосамыз, бекітеміз.Жапырақтарды сабағына кигізіп, бекіту. Гүлді жөндеп қалпына келтіру.V. Өзіндік жұмыс1.Оқушыларға жұмыс құралдарын тарату.2.Лала гүлін орындауға нұсқау беру.Жұмыстың жасалу барысы- Сабағының басын кемпірауызбен иеміз.- Иілген басына дәнегін орналастыру- Жіппен тартып байлау.
Біртіндеп сабағына дайын жапырақшаларын қосып, түбін капрон жіппен тартып ораймыз.6 жапырақты орналастырып, түбін бекітіп алған соң, оны желімді таспамен орап, жақсылап бекітеміз. Дайын гүлдің жапырақшаларын созып бір пішінге келтіру. Сонымен гүл дайын.VI. Сабақ қорытындысы: Оқушылардың білімін сұрақ жауап арқылы тексеру. Сонымен балалар капрон қандай талшыққа жатады? (синтетикалық талшық)Жұмыс барысында нені сақтау қажет? (техника қауіпсіздігін сақтау қажет) Гүлді құрастыру үшін қандай бөлшектер қажет? (6 дайын жапырақшалар,дәнегі, желімді таспа, гүлдің сабағы, капрон жіп, қайшы, кемпірауз)VІI. Оқушылардың жұмысын бағалау. VIII. Үйге тапсырма беру. Дайын гүлдерден композиция құрастыру .