Саба? жоспары та?ырыбы ?айна?ан жартылай д?мбіл ?німі ж?не профитроли дайындау


Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
С.К.Лукпанова___________
5.16 сабақ жоспары

Бағдарлама жоспары: Ашытқысыз қамыр түрлерін және оның өнімдерін дайындау.
Сабақ тақырыбы: «Қайнаған жартылай дүмбіл өнімі және профитроли дайындау».
Сабақ мақсаттары:
Білімдік: Оқушыларда игеретін операцияны дұрыс және сапалы орындаудың әдіс тәсілдерінің алғашқы біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың біліктілігін, еңбек дағдыларын, өз бетімен жұмыстану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Шеберхана жабдығын ұтымды, үнемді пайдалануға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас.
Пәнаралық байланыс: Ұнды кондитер өнімдерінің технологиясы; Сауда есебі; Сурет және жабыстыру.
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Сабақтың техникалық және материалдық қамтылуы: Технологиялық сызба; баға беру картасы; жұмбақтар, таба, ожау, плита, пластикалық ыдыстар, миксер.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау (30-35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу:
Жеміс-жидек езбесімен орама дайындаудың технологиялық схемасы
1 Қант


3 араластыру


Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
«Қайнаған жартылай дүмбіл өнімі және профитроли дайындау»; мақсаты: Қайнаған жартылай дүмбіл қамырын дайындап үйрету.
Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)
Бұл қамырды дайындау үшін ыдысқа су құямыз үстінен сары май, тұз салып қайнатамыз. Қасықпен араластыра отырып үстіне ұн сеуіп отырамыз. Араластыра отырып массамызды 5-10 мин. жылытамыз. Массамыз біртекті, түйіршіксіз болу керек. Одан кейін массамызды араластырғыш машинамызға салып 65-70С температураға дейін салқындатып аламыз. Араластыра отырып оған жұмыртқамызды саламыз 10-20 мин. Қамырымыздың ылғалдылығы 53%, қасығымыздан үшбырышты болып ағу керек.
Егерде қамырымыз сұйық болса онда өніміміз пісірген жағдайда отырып қалады. Қамырымыз қою болса өніміміз көтерілмей беті жарылып кетеді.
Дайын қамырымзды кондитерлік қапшыққа салынады. Басы дөңгелек болады. Оны беті тқселген арнай қағыздарға салынады. Пісіру уақыты 30-35 мин 190-220С. Бірінші уақыты 12-15 мин. 220С содан кейін 190С.
Өніміміз піскен уақытта үлкейіп іші қауырсын сияқты бос болу керек. Ішін креммен толтырамыз.
Сапасына қойылатын талаптар: Қайнаған жартылай дүмбіл өнімі түсі сары, көлемі үлкен, іші қуыс, беті аздаған қыртыс болуы мүмкін. Ылғалдылығы 23%.
Дайындалу технологиясы: ашытқысыз.
Қайнаған жартылай дүмбіл өніміне кететін қамырдың шығымы
Шикізаттың атауы Ашытқылы қамырға кететін шикізаттың шығыны
массасы Құны бағасы
Сары май 150 Су 200 Ұн 300 Меланж 240 Тұз 5 Шығымы: 1538 Қайнаған жартылай дүмбіл қамырын дайындаудың технологиялық схемасы
тұз
май
Су


араластыру


5-10 мин қыздыру
суыту

араластыру


қалыптау


пісіру

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында еңбек дағдыларын көрсету:
Керекті құрал-жабдықтарды дайындау;
Шикізаттарды механикалық өңдеу;
Технологиялық сұлба бойынша тәтті емес турамалармен құймақ дайындап көрсету;
Рецептура бойынша калькуляция (есеп) шығару;
Еңбек дағдыларын көрсету барысында келесі жағдайларға көңіл аудару:
Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылғанына;
Дүмбіл қамырының консистенциясына;
Дайындалу температурасына;
Дүмбіл қамырының дайындау әдістеріне;
Органолептикалық көрсеткіштерге (иісі, дәмі, түсі, пішіні, құймақтың салмағы).
Жаңа тақырыптың кіріспе нұсқау бойынша білімдерін бекіту:
Дүмбіл қамыры қандай тәсілмен дайындалады?
Дүмбіл қамырының сапасына қойылатын талаптар?
Дүмбіл қамырының қалыңдығы неше см болу керек?
Дүмбіл қамыры не себепті жартылай фабрикаттарға жатады? Қандай өнімдер дайындауға болады?
Технологиялық сызбасы?
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
1. Негізгі инструктаж дегеніміз не?
2. Миксермен жұмыс істеу принципі?
3. Пеш және электрлік плитамен жұмыс істеу принципі?
4. Өткір құрал - саймандармен жұмыс істеу принципі?
ІІІ. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру: (155 – 165 мин)
Оқушыларды топқа бөліп жұмыстандыру.
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын;
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау;
Дүмбіл қамырының дайындауда технологиялық процестің орындалуын бақылау;
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау.
Жеке нұсқау.
ІV. Соңғы нұсқау: 25 мин.
1. Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару: сабақ мақсатына жетті.
2. Оқушылардың озат жұмыстарын көрсетіп, мадақтау.
3. Қателерін сипаттап, болу себебін түсіндіру.
4. Жабдықтың , жұмыс уақытының, еңбек тәсілдерінің тиімді пайдалануын
талдау.
5. Бағаларын хабарлау.
6. Үйге тапсырма: «Үрленген сақина дайындау» тақырыбына қажетті шикізаттар алып келу, осы тақырыпқа реферат жазу.
7. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Өндірістік оқыту шебері: Дюсенгалиева Х.С.
Маргарин, су и тұз қосамыз. Отқа қойып қайнату.
Маргаринді оттан түсіріп және ұн салу.

Қамырымызды отқа қойып біртекті масса болғанша араластырамыз. Қамырымыз аздаған тығыздау болу керек, егерде қамырымыз сұйықтау болса оған ұн салуға болады.

Қамырымыз біртекті болған жағдайда оны оттан түсіріп, суытып аламыз. Оған жұмыртқа қосамыз. Біртекті масса болғанша қамыр жасаймыз.

Осылай қамыр жасаймыз.
200 С 15-20 минут пісіреміз.
20-30 минут суытамыз.