«Мені? елім-Т?уелсіз ?аза?стан» танымды? білім сайысы


ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Ермекбаева Кенжегул Несиптаевна,
тарих пәнінің мұғалімі

«Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан» танымдық білім сайысы
Сыныбы: 9-11
Сайыстың мақсаты: оқушылардың туған елі мен жерінің тарихы туралы білімдерін арттыру; логикалық ойлау ,өз ойын жеткізе білу қабілеттерін арттырып, шығармашылық ізденіске үйрету.Туған Отанын қастерлеп, тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайдтар, таратпа материалдар.
Пәнаралық байланыс:музыка, сурет, спорт
Өтетін орны: мультимедия кабинеті
Сайыстың жүру барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:
«Болашақ» тобы - 9-сынып оқушылары
«Қазақстан»тобы-10-сынып оқушылары
«Жас қыран» тобы- 11-сынып оқушылары.
3.Сайыс шарттарымен таныстыру:
І. «Әріптер сөйлейді»
ІІ. «Тарихи тұлғалар»
ІІІ. «Сандар сыры»
ІV. «Қазақстан мәдениеті»
Шығармашылық жұмыс.
І. «Әріптер сөйлейді»
А Ә Б В Г Ғ
Д Е Ж З И К
Қ Л М О Ө П
Р С Т У Ұ Ү
Ф Х Ц Ш І Э
А-Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б-Астана қаласының символы /Бәйтерек/
В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Г-Тарихтың атасы /Геродот/
Ғ-Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр адамы/
Д-Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/
Е- «Алтын адам» қайдан табылды?/Есік қорғанынан/
Ж-«Мен қазақпын» поэмасын жазған адам /Ж.Молдағалиев/
З-Сиырдың пірі /Зеңгі баба/
И-Елбасымыздың мамандығы /Инженер-металлург/
К-Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/
Қ-Ж.Баласағұнның 11 ғ. жазған еңбегі /Құтты білік/
Л-1959 жылы М.Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін берілген сыйлық
/Лениндік сыйлық/
М-ҚР бұрынғы «Мәдениет және ақпарат» министрі /Мұхтар Құл-Мұхаммед Абрарұлы/
О-Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/
Ө- Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/
П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/
Р-1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам /Р.Бағланова/
С-Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы /Сөк/
Т-Н.Назарбаевтың ескерткіші алғаш қай шет елде тұрғызылды? /Түркия/
У-Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/
Ұ-1999 жыл Қазақстанда қандай жыл болып жарияланды /Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы/
Ү-Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/
Ф- «Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Фараби/
Х-2009 жылы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға /Халық санағы/
Ц-Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
Ш-Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы /Ш.Қалдаяқов/
І- «Көшпенділер» трилогиясының авторы /І.Есенберлин/
Э-Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/
ІІ. «Тарихи тұлғалар» - «Н.Назарбаев», «Қ.Рысқұлбеков», «Л.Асанова»
/ Әр топ бір тұлғаны таңдап, сол туралы жазады/
ІІІ. «Сандар сыры»
/Әр топ бір сан таңдайды. Сұрақ сол санның қасиеттеріне байланысты болады/
«3» саны:
Үш байлық/ Денсаулық, ақ жаулық, он саулық /
Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/
Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/
«4» саны:
Төрт тұлға /от, су, жер, жел/
Төрт маусым /қыс, көктем, жаз, күз/
Төрт мұрат /Дау мұраты-біту, сауда мұраты-ұту, жол мұраты-жету, қыз мұраты-кету/
«5» саны:
Бес парыз /Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/
Бес өсиет /Топасқа сенбе, жауға йілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма/
«7» саны:
Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы/
Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/
Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/
ІV. «Қазақстан мәдениеті»
/Мәдениет салалары бойынша беріледі. Сұрақтар қиындылығына байланысты 10,20,30 ұпайлармен бағаланады./
Ғылым 10 20 30
Өнер 10 20 30
Спорт 10 20 30
Кино 10 20 30
Елбасы Н.Назарбаев 10 20 30
Ғылым:
10- Қ.Сәтбаев- қазақ геологы, Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті, академигі
20- Ә.Марғұлан- археолог, тарихшы. Орталық Қазақстанда,ы Сырдариядағы, Талас және Шу аңғарларында жүргізілген этн.-арх. экспедицияларына жетекшілік еткен. «Исламға дейінгі Қазақстан арх.», «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті».
30- Ж.Ақбаев – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туып өскен. 1903 жылы Санкт-Петербург унив-ң заң факультетін алтын медальмен тәмамдаған. 1905 ж. күзіне дейін Омбы сот палатасында жұмыс істеген.
Өнер:
10- Ә.Қастеев- қазақтың тұңғыш суретшісі.
20- Құрманғазы – Күйші «Сарыарқа» күйінде туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас күшін сипаттайды.
30- Ә.Қашаубаев - Шекарадан тыс жерде өнер көрсеткен алғашқы қазақ әншісі. Семей өңіріндегі Абыралыда туған. Белгілі этнограф А.Затаевич «Қарқаралының ұлы әншісі» деп атаған.
Спорт:
10- Өскемен- Лондон олимпиадасының жүлдегері О.Рыпакованың есімі берілген спорт сарайы қай қалада?
20- Б.Саттарханов – Сидней олимпиадасының алтын медаль иегері.
30- Баркер кубогы – Лондон олимпиадасының жүлдегері С. Сапиев қандай кубок иегері атанды?
Кино:
10- А.Сатаев - «Ағайынды» кинофильмінің режиссері кім?
20- Р.Әбдірашев – «Менің балалық шағымның аспаны» кинофильмінің режиссері?
30- М.Өтекешова – «Қыз Жібек» фильмінде Жібек рөлін сомдаған әртіс?
Елбасы:
10- Әлжан – Н.Назарбаевтың анасының есімі?
20- Мылтық – Н.Назарбаевтың ата-анасының балалары болмағандықтан тәу етіп бармаған жері қалмапты. Бір күні Райымбек бабаның басына барып түнепті. Сол күні Нұрсұлтанның анасы түс көреді. Түсінде үлкен теңізге түсіп жүр екен. Теңіздің түбінен қандай зат тауып алады?
30- Қарасай батыр - Н.Назарбаевтың арғы атасы, Алтынай абыздың ұлы, Шапыраштылардың ұранына айналған кім?
V. Шығармашылық жұмыс.
«Тәуелсідігім-мақтанышым» тақырыбында шағын эссе жазу.
Сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау.