Открытый урок по казахскому языку на тему Зат есімні? жал?аулары (7 класс)


Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы
Ибрагим Ата атындағы жалпы орта метептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Исаметова Элмира Ханалиевна
Сабақ тақырыбы: Зат есімнің жалғауларыСабақ мақсаты: Білімділік: Қала туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, тереңдету. Зат есім жалғаулары туралы мәліметтер беру.Дамытушылық: Өлең жаттатқыздырып, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы тілдерін дамыту.Тәрбиелік: Көне қала тарихын біліп, тарихи құндылығын бағалау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Сабақ типі: Жаңа білім беру.Сабақ түрі мен әдістері: Сұрақ – жауап, әңгімелесу.Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, оқулық, компьютерСабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі: амандасу.Оқытушы сөзі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сабақ ерекше сабақ. Өйткені, сабаққа оқытушылар қатысып отыр. Сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін алдарыңыздағы сөзжұмбақты шешіп көрелік.1. Оңтүстікте орналасқан қала2. «Отлично» қазақша баламасы3. Батыс Қазақстанда орналасқан қала4. «Жаңа» сөзінің антонимі5. «Успеваемость» қазақша баламасы6. «Столица» қазақша баламасы7. «Гора» қазақша баламасы8. «Дұшпан» сөзінің синонимі9. Ас атасы -Оқытушының сөзі: Сонымен сабағымыздың тақырыбы: Қазақстанның көне қаласының бірі – Түркістан қаласы. (қаланың сыртқы көрінісін флипчарт арқылы көрсету)Мәтінмен жұмыса) оқытушы мәнерлеп оқуы.ә) Оқушылардың оқуыТүркістан – Қазақстан Республикасындағы тарихи қала. Сырдарияның оң жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың1 - мыңжылдықтың орта шенінде қаланған.Түркістанның ежелгі аты – Иассы. Ахмет Иасауи кесенесінің салынуына байланысты (XIV) Иассы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады.XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекіді.Оқытушы сөзі: енді осы мәтінге байланысты сұрақтарға жауап берейік. (флипчарт бойынша жауап беріп, дұрыстығын өшіргіш арқылы өшіріп тексеру.)1. Түркістан қандай қала?2. Түркістан қай жерде орналасқан?3. Қаланың іргетасы қашан қаланған?4. Түркістанның ежелгі аты қандай?5. Жазба деректерде қалай аталды?ГрамматикаЗат есімнің жалғауларыЗат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?Жалғаулар сөздерді байланыстырады:Оның 4 түрі бар:1. Көптік жалғауы2. Тәуелдік жалғауы3. Септік жалғауы4. Жіктік жалғауыЖаттығулар:№1 Сөздерге көптік жалғау жалға.Қала, кесене, жота, ана, әже, бала, оқушы, аға, терезе, айна, алма, қабырға, апта, әңгіме, кітап, гүл, тақта, парта, дала, кесе.№2 Ерекшеленген сөздерге сөйлем құрастыру. Қала, кесене, Түркістан, Ахмет Яссауи.№3 Сөздердің түбірін табу.Қоныс, қону, қонбау, қонақ, қонды, қонады, атақоныс, қоныңдар, қоныңыздар, қонған, қонбақшы;қалалық, қалашық№1 топпен жұмыс (Төрт оқушы)Ғаламторға шығып, Түркістан қаласы туралы мәліметтерді қазақша тауып, принтер арқылы шығарып, оқып беру.№2 топпен жұмыс.Мәтінді оқып, мазмұныны ұғыну. Зат есімдерді көшіріп жазуТайқазанТүркістан қаласында Ахмет Яссауи сағанасы бар. Бұл ғажайып сағананың ішінде алып қазан тұр. Қазанды 1399 жылы Атабай деген жерде жасаған. Ол 7 металл қоспасынан құйып жасалған. Оның құрамында темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар. Бұл алып қазанға 60 шелек су сияды. Қазанның өз салмағы 2 тонна, диаметрі 2, 5 метрге жуық. Қазанның 12 құлағы бар. Бұрын қазанға қант қосқан су құятын. Жұма намазы аяқталған соң, емдік қасиеті бар су ретінде жұрт ішетін. 1935 жылы қазан Ленинградқа көрмеге апарылған болатын. Сол жерде 1989 жылға дейін болды. Кейін қазан өз орнына қайта оралды.«Бес жол» ойыныЗат есім – ТүркістанСын есім – ғажайып Түркістан қаласыЕтістік – Түркістанға саяхатқа баруСөйлем – Түркістан – Қазақстан Республикасының тарихи қаласы.Синоним – қала, шаһар.Өлең жаттау. Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан»..... Түркістан екі дүние есігі ғой.Түркістан ер түріктің бесігі ғой.- деп басталатын өлең жолдары кешегі тарихқа жетелейді. Ертедегі тұран аталған бұл жерді мекендеген ата – бабаларымыздың өмірінен елес береді.№6. Тест сауалдарына жауап беру.1. Қазақстан Республикасының ежелгі қаласыА) АстанаВ) ТүркістанС) Қостанай2. Түркістан қай жерде орналасқан?А) Қаратау жотасының етегіндеВ) Ақмола облысындаС) Қарағанды облысында3. Түркістан қаласының ежелгі атауыА) ОтырарВ) ТүркістанС) Иассы4. Түркістан қаласында кімнің кесенесі бар?А) Әл – ФарабиВ) Ахмет ЯссауиС) Абылай хан5. Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде не бар?А) ТайқазанВ) БөлмеС) ГүлБекіту:1. Түркістан қандай қала?2. Түркістан қай жерде орналасқан?3. Түркістанның ежелгі аты қандай?4. Жазба деректерде қалай аталды?5. Тайқазан қай қалада орналасқан?6. Ол неден жасалған?7. Тайқазанның салмағы қанша?Үйге тапсырма:1. Түркістан қаласы жөнінде ақпарат жинастыру;