Саба? жоспары Астана-жерді? кіндігі


Астана –жердің кіндігі, Астана–елдің бірлігі
Мақсаты: еліміздің елордасы-Астана қаласы туралы мәліметтер беру, жаңа астананың ерекшеліктерін тани білу қабілеттірін жетілдіру. Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екенін таныту.
Тәрбиелік мәні: Астана қаласымен мақтануға, елжендылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, «Астана айшықтары» стенд, буклет, гүл, шар, слайд т.б
Кіріспе.
Таңғажайып дархан да, алып жеріміздің қақ ортасы, кіндігі –Астана қаласы. Тәңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің –Астана. Тәуелсіз елеіміздің перзенті –Астана қаласы ай сайын айбаттынып, жылдар өткен сайын таралып, сұлуланып келеді.
Суы мөлдір ерке Есілдің сол жағалауында орналасқан ХХI ғасыр қаласы –Астанаың бүгінігі заман талабына сай сәулетін сөзбен тамашалауда. Халқымыз бүгінде Астанамен мақтанатын болады.
Қазақ астаналарының тарихынан
Қазақ жерінде мемлекеттерде Суяб, Тараз, Баласағұн, Сығанақ, Сауран, Түркістан т.б астаналар болған.
1919-1925 жылдары Қазақ АКСР-і астанысы-Орынбор болған.
1925-1929 жылдар Қызылорда қаласы.
1929-1997 жылдары –Алматы қаласы.
1997 жылы Ақмола қаласы Астана атанды.
1998 жылы Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
«Астанам-бас қалам» оқушылар Астанаға арналған өлең жолдары оқиды.
1-оқушы:
О, Астанам, Астанам!
Жарқыра күндей жас қалам.
Қарыштай бер, қанат қақ,
Ғасырларға бас қалам.
2-оқушы:
Достық пейіл –татулықтың тірегі.
Біздің халық бейбіт өмір сүреді
Бар әлемді бір өзіне қаратқан
Елордамыз –Еуразия жүрегі.
3-оқушы:
Астана-таң сәулелі өшпес жарық,
Жарқырап күндіз-түні тұрған жанып.
Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан
Сол нұрдан ләззат алған барша халық.
4-оқушы:
Орындалып көптен күткен арманы,
Ел қырыны биіктерге самғады.
Елу елдің қатарына қосылу-
Осы емес пе еліміздің ардағы.
5-оқушы:
Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі Қазағымның болған қалам.
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жасай берші нұрлы қалам.
Қала көріністері:
Бәйтерек –Астанамыздың символы
Президент Резиденциясы-Ақорда
Заң шығарылытын орын- жоғарғы сот
Астананың жаңа көпірлері
Астананың түнгі келбеті. Есілдің оң жағалауы
«Астананың ажары» тұрғын үй кешені
Астаналық цирк
Бейбітшілік және келісім сарайы
Астана қаласының әкімдігі
Думан ойын сауық орталығы
Қорытындылау.