Бейнелеу ?неріні? тарихы. Саба? та?ырыбы: «Испанды? суретші — Диего Веласкесті? шы?армашылы?ы»


«Бейнелеу өнерінің тарихы»
(Дайындаған: бейнелеу өнерінің мұғалімі Байтерекова Шолпан Ысқаққызы)
Сабақ тақырыбы:
«Испандық суретші - Диего Веласкестің шығармашылығы»
Сабақтың мақсаты: Диего Веласкес шығармашылығы жайында мағлұмат беру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Әлемдік мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Қолданылатын көрнекіліктер: репродукциялар, суреттер, слайд, видео, интерактивті тақта, пазл, т.б.
Сабақ жоспары: 1. Сабақты ұйымдастыру (2 мин).
2. Жаңа сабақты түсіндіру (25 мин).
3. Жаңа тақырыпты конспектілеу.
4. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин).
5. Жаңа сабақты қорытындылау (8 мин).
Сабақтың барысы:
1. Сабақты ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақты түсіндіру репродукцияларға талдау жасау.
Жаңа тақырып:
«Испандық суретші - Диего Веласкестің шығармашылығы»
Диего Веласкес (толық аты Родригес де Сильва Веласкес) (1599-1660ж), испандық кескіндемеші. 1599 жылы 4 немесе 5 маусым күні Севилья қаласында дүниеге келген. Ол белгілі отбасынан шыққан, бірақ оның отбасының жағдайы төмен болатын. Сондықтан ол жас кезінен бастап ақсүйектер асыл тұқымды мәртебесін қайтаруын армандайтын. Ол ерте жастан бастап жақсы сурет сала білді. Веласкестің әкесі өзі қаламаса да шебер суретші Ф.Эррер шеберханасына апарып оқытады. Ол кездері дворяндықтардың суретші атануы олардың мәртебесін түсіретін. Көп кешікпей Веласкес керемет шебер суретші Франсиско Пачеко шеберханасына ауысып сонда білім алады. Жақсы білім алған соң Веласкес шебер кескіндемеші атағын алады және Ф.Пачеконың қызына үйленеді. Веласкестің алғашқы шығармалары тұрмыстық жанрда болды. Сонымен қатар ол портрет, діни жанрларда да керемет туындыларды орындады. Ол жас кезінде халық өмірінің әр түрлі көріністерін бейнелеуге құштар еді.
1623 жылы Веласкес өзінің бағын сынау үшін Мадрид қаласына, король сарайына барды. Мұнда ол IV Филип корольдің портретін сәтті орындады, корольге сурет таң қаларлықтай ұнады. Осыдан бастап Веласкестің кескіндеме өнеріне жолы кеңінен ашылды. Веласкес Мадридке көшіп келіп, сарай суретшісіне айналды, сөйтіп қырық жыл бойы сарайда қызмет жасады. Испанияның ең үздік суретшісі Диего Веласкестің қылқаламынан керемет туындылар дүниеге келді. Жас суретші өзінің дарындылығының арқасында өнер пирамидасының биік шыңына жетті. Веласкес корольдің, оның отбасының және жоғары мәртебелі шонжарлардың салтанатты портреттерін салды, бірак ол тапсырыс берушілерге ешқашан жарамсақтанбады. Олардың сырт пішінін шынайылықпен көрсете отырып, мінез-кұлықтарын да батыл бейнелей білді. Суретші біреуді әшкерелеуге ұмтылмаса да, жалғандыққа, шындықты әсірелеуге бармады. Король оның картиналарында жасық, бейшара адам болып көрінеді. Дегенмен король де, ақсүйектер де өз портреттеріне риза болды. Өйткені өздерін «шынайы кейпінде» бейнелегенін олар ұнатты. Өмірінің соңына дейін суретші корольдің жеке кескіндемеші-суретшісі болды, сонымен қатар ол құрметті гофмейстер лауазымына ие болды.
Екі рет Италияға (1629—1631 және 1649—1650 ж.) сапарға картина жинауға барады, мұндағы мақсаты сарай өнерінің қорын ұлғайту еді. Веласкес IVФилип корольдің 30-дан аса салтанатты портреттерін салып және отбасы мүшелерін, сарай тұрғындарының (ергежейлі мен сайқымазақтар) суреттерін қылқаламмен орындалған кескіндемесі елеулі орын алды.3134995257429000 Веласкес эскизді салмай бірден суретті нақты орындайтын. Оның соңғы керемет композицияларының бірі «Менины» («Фрейлины», 1656 ж.) және «Пряхи» (1657 ж.).
«Менины» (немесе «Инфанта Маргарита») - Веласкестің әйгілі суретші атанған кезінде дүниеге келген картина. Автор осы шығармасы арқылы адамның өзіне ғана тән ерекше мінез сипатын қылқалам құдіретімен асқан сүйіспеншілікпен бере білген. Мұнда сурет кеңістікте екі немесе көп жоспарда бейнеленген. Сонымен, «Менины» картинасында алдыңғы жоспарда кішкентай 5 жасар инфанта Маргарита ең басты кейіпкер болып бейнеленген, жанында фрейлин мен ергежейлілер. Сәл арырақ қыздың артында екі сарай қызметшілері, сол жағында суретшінің өзі, ол мольберттің арғы жағында тұр. Суретші корольді жұбайымен бірге портреттерін салуда. Оны біз қарама-қарсы тұрған айнадан байқай аламыз. Король мен королева картинаның қараушылар жағында тұр. Олардың бейнесі айнадан көрінеді. Ал есіктен шығып бара жатқан сарай қызметшісі «дворецский». Ол корольдің бұйрығын күтіп тұрғандай көрінеді.
Веласкес шығармаларында испан сурет өнерінің ең озық туындылары бейнеленген. Веласкес 1660 жылы 6 тамызда Мадритте қайтыс болды. Оның зиратында «шыншыл суретші» деген сөздер жазылған.
3. Жаңа тақырыпты конспектілеу.
4. Үй тапсырмасын тексеру:
Эль Греко шығармашылығын «Жұмбақ суреттер» слайд бойынша оқушылар репродукциялардың аталуын тауып талдау жасау керек.
5. Жаңа сабақты қорытындылау: (Ойын арқылы жүргізу) Жаңа тақырыпқа байланысты Диего Веласкестің шығармаларына пазлды құрастырып, суреттерге талдау жасау керек.
6. Үйге тапсырма: Жаңа тақырыптың мәтінін оқу, Диего Веласкестің шығармаларына талдау жасау.
Автопортрет.