Урок по казахскому языку на тему Мені? ?уес ісім- кітап о?у. Термин с?здер


Өтетін күні
Сабақтың № _
Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім- кітап оқу. Термин сөздер.
Мақсаты :Білімділік :1.Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Грамматикалық сауаттылығын арттыру.
3. Термин сөздермен таныстыру, оларды қолдана білуге дағдыландыруДамытушылық:
1. Пәнге деген қызығушылығын ояту.
2. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру.
3. Танымдық тапсырмалар арқылы ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру.
Тәрбиелік:
1. Тілімізді құрметтеуге, Елжандылыққа, шапшаңдылыққа, әдептілікке баулу.
2. Ойын нақты, көркем, әсерлі етіп жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту, деңгейлеп оқыту, пікірталасТехнология: модульдік оқыту, деңгейлеп оқытуСабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік әдісі (әңгіме, түсіндіру, кітаппен жұмыс); көрнекілік әдісі (демонстрация), практикалық әдісі (сұрақ- жауап әдісі)
Сабақтағы оқушылардың іс- әрекеті: жеке, топпен, жұппен, іздену, кесте толтыруСабақтың құрал- жабдықтары, көрнекілігі: сызбалар, қосымша әдебиеттер, техникалық құралдар, фотосуреттер, презентация
Пәнаралық байланыс:____ әдебиет_______
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
1.Ұйымдастыру кезеңі2.Үй тапсырмасын сұрау3. Жаңа сабақ4. Оқулықпен жұмыс5. Бекіту, Сабақты қорытындылау6. Үй тапсырмасын беру
7. БағалауСАБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. Сөйлесім.
1.Оқушылармен сәлемдесу2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
3.Сөйлесу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыптарды сұрақ –жауап арқылы қайталау.
ІІІ. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
•1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:
.
Үлкен-кіші болсын, әдеп сақтау — халықтық тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптаскан заңы, жолы бар ерекше қасиетгі тәлімдік дәстүрі. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы әдеп сақтаудың тамаша үлгілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу, бұрыс сөйлемеу, халық ортасындағы инабат, сәлем беру, сәлем алу жолы, тағы сол сияқты адамгершілік, сыйлау, сыйласу халқымыздың ертеден келе жатқан әдебі әрі ғүрпы. Бұлардың бәрі жасына қарамастан, тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі Үзіліссіз қызмет етіп келеді. Әдептілік - әр адамның бет-бейнесі, өзін-өзі таныту жолыңдағы іс-үлгісі, ізетгілікке апаратын ең басты қасиеті.
☺2. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін жалпы сұрақтар қою:
«Ой қозғау».Өз ойыңды ортаға сал.
1.Білмегеніңді сұрап білетін ғалым досың кім?
2.Кітапқа қандай қамқорлық көрсету керек?
Нақыл сөздерді түсіндіріңдер. (Слайд)
Кітап-ақылға қуат беретін құрал. (Я.Коменский)
Кітап-тәрбиенің қуатты құралы.( Н.Крупская)
Кітап-асып-саспайтын досымыз.(В.Пого)
☼3.Сөздік жұмысы. Оқылым. Айтылым. Жазылым1.Сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөз таптарын ажырату.
жұғысу - передаваться, переходить (от одного к другому)
айып - вина, проступок
әзір - готов
игілік - доброе дело
әуес ісімұғым2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: (мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар сөздерді мұғалімнен кейін дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды:)
3. Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау4.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу 4.Мәтін бойынша жұмыс.
1.Мәтінді түсініп оқу.140-бет
2.С ұрақтарға жауап беріңдер.
5. Деңгейлік тапсырмалар орындау. 140-бет
6.Электронды оқулықпен жұмыс.ІІ НЕГІЗГІ ДЕҢГЕЙ . 8-бөлім. Мен өмір бойы оқимын.
7.Грамматикамен таныстыру. Термин сөздер. (Слайд)

1.Ғылым, техника, өндіріс саласындағы арнаулы ұғымдарды термин сөздер дейміз. Термин сөздер тура мағынасында қолданылады. Қазақ тілінде терминдердің екі турлі жасалу тәсілі бар. Бірі - қазақ тіліне аударылған атаулар.
М ы с а л ы: дыбыс, қуат, елтаңба, әуежай, т.б.
Екіншісі - жалпы халыққа ортақ интернационалдық атаулар. М ы с а л ы: экология, глобус, оптика, т.б.
2. Сөйлем ішіндегі термин сөздерді табыңдар, астын сызыңдар.
Мен педагогика мен психология пәндерінен интернет жүйесіндегі сайттан мәлімет алдым. Мектептегі кітапханада астрономиялық энцеклопедия бар. Физикадан қуат пен күштің өлшем бірліктерін білуім керек.
V. Жаңа білімді бекіту: Оқылым. Сөйлесім.
1-тапсырма. Берілген шығармалардың ішінен қай түрін оқуға әуессіңдер.
ғылыми әдебиет

фантастикалық трагедиялық комедиялық шығармалар трагекомедиялық шығармалар2-тапсырма. Мен оқыған кітаптар (Кесте толтыру , үлестірмелі қағазда)

Тарихи шығарма Көркем әдебиет өлеңдер жинағы фантастика Комедиялық шығарма Басқа да
Авторы Шығарманың аты 3-тапсырма. Келісемін, келіспеймін№ Бағдарлау түріҚажеттіҚажетті емес
(Вид ориентации)
Келісемін, келіспеймін1 Кітап адамдарға өте пайдалы . + 2 Кітаптар қоғамға пайда әкеледі. + 3 Адамның ой-өрісін жетілдіреді. + 4 Кітаптың көмегімен өз қабілетіңді жүзегеасырасың. + 5 Шығармашылық жұмыспен айналысуүшін үлкен көмек береді. + 6 Адамдармен қарым-қатынаста болмайсың. +
7 Достарыңның арасында қадірлі болу үшін кітаптарды оқу керек + 8 Кітапсыз өмір сүруге болады. +
Топтық жұмысІ топ
Кітаптың қазіргі кездегі маңыздылығы ІІ топ
Интернет жүйесіндегі кітаптар
2-тапсырма. «Бес жолды өлең»КІТАП
VІ. Үйге тапсырма. 2,3-тапсырма,141-бет
VІІ.Бағалау.«Екіге жасыңды төккенше, беске теріңді төк». Оқушы білімін бағалау.
VІІІ. Қосымша әдебиеттер:Даналық сүреулер.163-166 бет. «Шың»