?лтты? киімдер.Етістік тарауына жалпы т?сінік. Ашы? саба?. Орыс сыныптарына саба? жоспары. 4 — сынып.


LESSON PLAN
DATE: SUBJECT: Қазақ тілі
Teacher:
Gulzhan D UNIT: Where we are in place and time?
GRADE:
4 TOPIC: Ұлттық киімдер.
/Етістік тарауына жалпы түсінік/
OBJECTIVES OF LESSON: Ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық сөзінің ерекшелігін көрсету, баяндау, есте сақтау қабілетін ұлғайту, білімдерін толықтыру. Етістік тарауы бойынша алған білімдерін практика жүзінде пайдалана білу.
ATL
Communication skills
Thinking skills
Social skills
Learner Profile
Inquirers
Knowledgeable
Thinkers
Communicators
Principled
Open-minded
Caring
Risk-takers
Balanced
Reflective
Key concepts
Form
Function
Causation
Change
Connection
Perspectives
Responsibility
Reflection

Inquiry Question(s):
Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің?
Documents /
equipment needed Қазақтың ұлттық киімдері,Ұлттық зергерлік бұйымдар,суреттер, оқулық,үлестірмелі парақша, Қазақстан Республикасының Гимні (үнтаспа). Мимиоборд, ойын карточкалары. кітап, слайдтар, суреттер, кестелер.
LESSON OUTLINE
Warm-up.
Аяқпенен топ – топ
Ал қолменен хлоп – хлоп
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда
Бір оңға бір солға
Ойнайықшы кел мұнда
Lesson procedure.
Ұйымдастыру сәті:
Сәлемдесу. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік Әнұранын орындау. Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген сөздермен жазу сынағын өткізу, бағалау.
Слайд шоумен жұмыс.
Бүгін ауа райы қандай? – сұрақтарына жауап беруді үйрену. «жаңбыр жауады, жаңбыр жаумайды, күн бұлтты, күн суық, жел соғады, күн күркірейді, қар жауады, күн ашық, найзағай жарқылдайды» сөздерін қолдану.
left000
Сәлеметсіңдерме! Қалдарың қалай? Көңіл күйлерің қалай? Бүгін ауа – райы қандай?Қазір қандай жыл мезгілі? Қыс айларын айтып беріңдерші? Бүгін аптаның қай күні? Бүгін нешесі? Жарайды, олай болса бүгінгі сабағымызды бастайық. Өткен сабақтарымызда етістік тарауына тоқталып өткен болатынбыз. Қане есімізге түсірейікші. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Етістіктің шақтарын атап берші? Етістіктің шақтарына мысал келтірші?Жарайды, рахмет. Енді Қазақтың ұлттық киімдерін есімізге түсірейікші. Қазақтың ұлттық ерлерге арналған қандай киімдерін білеміз? Ал, әйелдерге арналған ұлттық қазақ киімдері қандай?
Ал бүгін етістік тарауына жалпы пысықтау жасап, ұлттық киімдер тақырыбында алған теориялық білімдеріңді практика жүзінде қолданайық. (слайд көрсету)
Киім адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәріде адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі.
Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон т.б жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, т.б.
Бүгінгі тақырып бойынша жаңа сөздерді қайталайық.
Ежелгі дәстүр – древняя традиция
Ішкі киімдер – нижнее бельё
Сыртқы киімдер – верхняя одежда
Сәнді – модный
Салтанатты – торжественный.
ұлттық – национальный (- ая,- ое) біркиер – праздничные күнделікті – каждодневный той - думан – праздник сәукеле – свадебный головной убор
Енді екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Бірінші топтың аты «Зергер» тобы. Екінші топтың аты «Сәукеле» деп атайық Бірінші топтың тапсырмасы мына берілген ұлттық бұйымдардың атауларын айтып және сипаттап береміз. «Зергер» тобы осы ұлттық бұйымдарды қолдана отырып, презентация жасайды. Ал, екінші «Сәукеле» тобының тапсырмасы мына берілген Қазақ ұлттық киіміндегі қуыршақтың әрбір киімінің атауын айтып сипаттап береміз. Яғни Қазақ ұлттық киімдеріне байланысты презентация жасаймыз. Екі топқа осы тапсырманы орындау үшін бес минут уақыт беріледі. Екі топ кезекпен презентация жасайды.
Презентация жасап болғаннан кейін жұптық жұмыс. Екеуара грамматикалық тапсырмалар беріледі.
БІЛЕЗІК сөзіне фонетикалық талдау жаса
Б-
І-
Л-
Е-
З-
І-
К-
ЗЕРГЕР сөзін жікте
Сәукеле сөзін тәуелде
Етістіктің шақтарына мысалдар келтір
Осы ақ өткен шақ Келер шақ
Грамматикалық тапсырманы орындау үшін үш минут уақыт беріледі. Оқушылар орындаған грамматикалық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріне жазады. Тапсырма орындалып болғаннан кейін 3 минут «сергіту сәті» жүргізіледі.
«Сергіту сәті» жүргізіліп болғаннан кейін терминологиялық жұмыс жасалады.
Терминологиялық жұмыстан кейін топтық жұмыс бір топ етістікке байланысты кластер жасайды. Екінші топ ұлттық киімдерге байланысты постер жасайды. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топтың спикері презентация жасайды.
Ойын: «mAgIc wOrDs» & «mAgIc qUeStiOnS»
   Бекіту бөлімі
Key concept кілттерін пайдалана отырып сабақты бекіту.
              Үйге тапсырма
  (Сұрақтарға жауап беру)
               Бағалау бөлімі

Оқушылар өздерін сабаққа қатысқаны бойынша бағалайды Assessment
Сұрақ - жауап ойыны арқылы бағалау
Homework / preparation for next lesson:
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді жаттау