1 сынып, орыс сыныбында?ы ?аза? тілі п?нінен саба? жоспары


3-Бөлім: Менің отбасым және достарым 1-cабақ
Тақырыбы:
Бұл кім?
Мектебі:Абай атындағы гимназия мектебі мектепке дейінгі шағын коммуналдық орталығымен мемлекеттік мекемесі
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні: Ақбергенова Ж.Б.
1-сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарлама
сына сәйкес оқу мақсаты: 1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіндіру.
1.1.4.1.Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім\не екенін түсіну.
1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.2.Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Отбасы мүшелерін атай алады.Отбасындағы адамдардың атын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы ақпарат бере алады(суреттегі кім екенін және оның атын айту)
Кейбір оқушылар:
Кез- келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін айта алады,өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады.
Тілдік
Міндет - оқушылар бір-бірімен еркін қарым-қатынасқа түседі
-сұрақтарға жауап бере алады
Алдыңғы білім Отбасы мүшелері туралы
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут)
(МК) Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру
–Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше ,қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн, құрбым! Сейсенбінің сәті Сәттілікке толсын! 
Сабақтың мақсатымен таныстырамын
Одан күтілетін нәтижелерді хабарлаймын
Тақырыпқа байланысты қандай тапсырма орындайтынымызды хабарлаймын
Осы тапсырмаларды түсінуін қалай қамтамасыз ету үшін түрлі тәсілдермен жұмыс жасайтынымызды ескертемін.
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлемін
Сабақтың ортасы
(25 минут) (МК, Ұ) Бұл кім? сұрағы қазақ тілінде тек адамға қатысты қойылатындығы туралы түсінік беремін.
Мысалы:Кім? -оқушы, Кім?-Айша,т.б.

«Отбасы» деген сөзге түсінік беріп,отбасы мүшелерінің атауларымен үш тілде таныстырамын.(оқушылармен сұхбаттаса отырып )

Ата Дедушка Әже Бабушка Әке Папа Ана Мама Аға Брат Әпке Сестра Оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгілеріне оқушылардың назарын аударамын.Осы диалог арқылы оқушылар отбасы мүшелері атауларымен танысады(ата,әже,әке,ана,аға,әпке,іні,қарындас,\
сіңлі).Сондай ақ оқушыларға қарындас\сіңлі сөздерінің кімге қатысты екенін түсіндіремін.
(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауының
І жағында қолдануын таныстырамын.Менің атам, менің әжем,т.б

(МК,Ұ)2-тапсырмада берілген үлгі бойынша тәуелдік жалғауының қолданысын бекіте түседі.(Үлгі: ата\менің атам,әже\ менің әжем)
1863725149225006825298048919419868048900 інім Менің әпкем
16395702095500941322-1183700
ағам
әкем анам
293624046545500
Сергіту сәті: «Ұшты,ұшты» ойыны

(МК,Ұ) 3-тапсырмада оқушылар өз отбасы мүшесінің біреуінің суретін салады және салған отбасы мүшелерінің атын айтып жаттығады.
атын айта алуға үйренеді.(Бұл - менің анам.Оның аты- Айсұлу)
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар «Қарама-қарсы саптар» әдісі бойынша оқушылар екі сапқа бөлініп,бір- біріне қарама -қарсы тұрады,екі минут ішінде қарсы тұрған оқушымен өздерінің cалған суреттерінен бір- біріне сұрақтар қойып,екінші оқушы жауабын айтады.Мысалы:Бұл кім? Оның аты кім? Осылайша сап жұптарын өзгертіп,басқаларымен де сұхбаттасады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.3.1.
Қағаз,қарындаш
№1жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
(5 минут) (Қ) (Қ) Қорытындылау
Жалған ұғымға тексеру
Мысалы:
-Мынау- ата ма? (әкенің суреті)
-Мынау- әпке ма? ( атаның суретін көрсету)
Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
Неге?
2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? Сыныптағы ахуал жақсы және оқушылармен бірлесе отырып, өз мақсатымызға жеттік.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды.
Сабақ мақсаттары / оқыту мақсаттары нақты болды
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1.Бірлескен тыңдалым,айтылым
2. «Сергіту сәті», «Жалған ұғымға тексеру»
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2: