Баяндама: «Мектепке дейінгі жаста?ы балаларды? пассивті ж?не белсенді с?здік ?орын ?алыптастыру»


Баяндама: «Мектепке дейінгі жастағы балалардың пассивті және белсенді сөздік қорын қалыптастыру»
 
Тәрбиеші: Есматова Д.Б
Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі.Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», - делінеді.Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой - өрісін жетіле түсуіне негіз болады.Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым - қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс - әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады.Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балаабқшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару қажет.Оқу жылында жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой - өрісін кеңейту жұмысында өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір бақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалдарды ыждағатықпен оқып, үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет, тақырыбы, ойын) көрсетіп жоспарлайды. Тәрбиеші қай кезде нені өтуге болатынын іріктеп алып (тақырыпты) жоспар жасайды. Бақылатын көрсету, әңгімелесу кезінде баладан сұрап, өзіне айтқызу, оларды жиірек сөзге қатыстыру ісіне көңіл бөлу.Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету.Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту - үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады.Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.1. Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу.А) Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр - түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.Ә) Бөлмедегі 10 - 15 затты бір орынға қойып, соның ішінен бір заттың атын тәрбиеші сөзбен айтады, бала затты танып әкеліп, түр - түсін, пішінін айтады.Б) Балаға күн сайын жиі пайдаланатын заттарды (сабын, тәрелке, орамал, щетка т. б.) суреттен көрсетіп, оның атын, қажеттілігін, неден жасалғанын айтқызу.В) Бөтелке (шөлмек), қайық, үтік, шар, доп сияқты пішіні ұқсас заттарды көрсетіп, олардың не екенін, не үшін қажеттігін, сапасын, неден жасалғанын, ұқсас жақтарын айтқызу. Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың тұрмыста кездесетін заттарды, олардың атына байланысты сөздерді түсініп айта білуін, пішіні ұқсас заттарды бір - бірінен даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерін байқау мақсаты көзделеді.(Әр түрлі жастағы балалардың сөздік қорын анықтау үшін жинақталған әдістемелік құралдар бар)
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары»
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекетік бағдарламасы» мектепке дейінгі білім беру деңгейінде тілдерді дамыту және алдағы қолданудың әдістемелік қорын жетілдіруге бағытталған шамалар кешенін өткізуді, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету мен қолдану саласындағы жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу бойынша практикалық шаралар кешенін іске асыруды, көптілділікті сақтауды болжайды.
Сөздік қорды дамытумен жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- белсенді және пассивті сөздікті байыту;
- сөздікті бекіту және нақтылау;
- сөздікті белсендіру;
- әдеби емес сөздерді шеттету;
Сөздікпен жұмыс мазмұнын күрделендіру келесі бағыттарда жүргізіледі:
1) заттар және құбылыстар бейнесін тұтастай қабылдаумен бірге сөздікті меңгеру;
2) сөздіктің өсуі сапаны, қасиетті, заттар мен құбылыстардың бөлігі, олардың қатынасын білдіретін сөздерді түсіну есебімен. Бұл үдеріс қабылдауға қабілеттілікті талап етеді, талдау және салыстыру ретінде ой операцияларын меңгеру;
3) лексикаға элементарлық түсініктерді білдіретін сөздерді кірістіру. Маңызды белгілері бойынша заттар мен құбылыстарды жалпылай білу.
5-6 жастағы балалардың тілін дамыту сипаттамасы
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін жетерліктей еркін меңгереді. Белсенді сөдің сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңмен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілетінің дамуымен: көптүрлі байланысты белгілей білуіне, бар білімдерін жеңіл пайдалану, жалпылау және қорытынды жасаумен байланысты. Қатынас адамның эмоциялық жағдайы мен көңіл-күйін белгілеу әдісімен, өзінің меншікті ішкі әлемін тану әдісімен мінез-құлық ережесін меңгеруге бағытталған.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудың басты бағыттары:
- тілдің мазмұндылығы мен байланысы (диалог пен монолог);
- тілдік шығармашылықты дамыту, сөз мәнерлігі;
- тілдік қызметтің зияткерлік қабілеттілігін дамыту.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Балалар өзара қатынас мәселелерін талқылай білуді, адамдар әрекетінің адамгершілік жақтарын, дәлелді бағалар беруді үйренеді. Балалар диалогтік және көплогикалық сөйлеуді меңгеруді үйренеді, қоршағандармен жақсы тілдік қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесуге қатыса алады, тілдік қатынастың қабылданған сыпайы ережелерін пайдаланады, әңгімелесушіні ынтасымен тыңдайды, сұрақтарды дұрыс қояды, сұраққа жауап береді, балалардың жауабын тыңдайды, ортақ әңгімені қолдайды, әңгімелесушіні бөлмей, кезекпен сөйлеседі.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты мақсаты диалогтік және көплогикалық сөйлеуді жетілдіру болып табылады.
Сөздікті дамыту.
Балалар тұрмыстық сөздікті белсенді меңгеруі керек; тұрмыстық және табиғи заттардың атауын білдіретін, олардың қасиеті мен сапасын, құрылысын, материалын және оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дәл және дұрыс қолдануы керек. Объектінің басқа қасиеттерін және өлшемін, формасын, сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.
Балалар таныс заттардың қасиеттері мен сапасын анықтау үшін өз еріктерімен тексеріп, қажетінше іс-әрекетте қолданады және оларды атайды (сипайды, үрлейді, иіскейді, қолдарына өлшейді және т.б.)
Ересек топтарда сөздік жұмысының басты мазмұны балалармен игерілетін сөздерді саналы қолдану болып табылады.
Бұл жаста балалар ойша заттарды салыстыра алады, маңызды белгілерін табады, топтарындағы заттарға қарап оларды құрастырады. Заттарды сипатты белгілеріне қарай құрастыру қабілеттіліктерін меңгереді: ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ-киім, көкөністер, жемістер, көліктер және т.б.
5-6 жастағы балалардың сөздік қорын байыту олардың әлеуметтік өмірдегі оқиғаларға және оларға деген қызығушылықтарының артуына, оның ішкі әлеміндегі адамдарға және сыртқы мінез-құлқына байланысты. Балалар адамдардың әртүрлі мамандықтарымен танысу барысында олардың сөздік қоры жаңа заттардың, еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек қызметінің және олардың орындалу сапасының атауларымен толығады.
Сөздің грамматикалық дұрыстығы.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар сөздің барлық негізгі грамматикалық формаларын қолдану керек. Балалар өздерінің құрбыларының сөздеріндегі грамматикалық қателіктерді тауып оларды түзетуді үйренеді және өздіктерімен грамматикалық формаларды қолдана алады.
Сөздің дыбыстық мәдениеті.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар дыбыстардың дұрыс айтылуын және сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйренеді. Олар өз ана тілінің дыбыстарын таза және дұрыс айту керек. Күнделікті сөздік қатынас барысында олар дұрыс дыбыстауға жаттығады.
Өлең оқығанда, әдеби әңгімелерді айтқанда балалар ырғақтың мәнерлілігін түрлі құралдар арқылы қолдану керек: екпінмен, сөздің ырғағымен, логикалық екпінмен. Бұл құралдармен балалар тілімізге енген үштұғырлы өлеңдерді оқығанда, әдеби әңгімелерді оқығанда (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) қолдануға болады.
Монологты сөз.
Балалар алдын-ала дайындықсыз коммуникативтік жағдаяттармен ұсынылатын тілдің материалдық бағдарламасы, білім беру және тұрмыстық қызмет аясы бойынша сөйлей алулары керек.
Сөйлеу аумағы – тілдік қатынаста дұрыс рәсімделген 3 сөйлемнен кем емес. Жұмыстың негізгі бағыты үш тілділікке балаларды төрт жастан дамыту, ынтасын тәрбиелеу және үлкендермен, құрбыларымен сөздік қарым- қатынастағы дербестігі, монологты формаларды үйренуі болып табылады.
Оқыту мазмұнына өлеңдер, әндер, санамақтар кіреді. Сонымен қатар мектептегі білім беру жағдайларын шағылыстыратын тілдік құралдар да қосылады. Тілдік материалдар көлемі 70 түрлі сөйлеу үлгілерін құрайды, олардың ішінен 50-і айтуға арналған.
Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.
Балалармен тілдің грамматикалық жағын меңгеру сөйлеудің үлгісі негізінде жүзеге асады, функционалды қолдану, сөйлеушінің коммуникативті ойын білдіреді. Балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерін, етістіктің осы шақ, келер шақ, өткен шақ формаларын (Present Indefinite Tense, Future Indefinite Tense), 3-ші жақтағы етістіктің жекеше түрін жіктеу формаларын меңгереді. Сөйлеу үлгісін дұрыс қолдану негізінде сөйлемнің құрылымын меңгереді, балаларға берілген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлемдердің сөздік ретін түсінуге көмектеседі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен төмендегідей жұмыс түрлері қолданылады:
1. Айтылуы бойынша жұмыс:
а) «Жанды тіл» ертегісі;
б) жаңылтпаштар;
в) ұйқастыру.
2.Ойыншықтармен жұмыс:
а) ойыншықпен сұхбат;
б) ойыншықты бейнелеу.
3. Суретпен жұмыс:
а) суретпен баяндау;
б) «Не жоғалды?» ойыны;
в) «Суретті тап».
4. Өлеңдерді жаттау және декламация:
а) Өлеңдер сайысы;
б) Сөз сөйлеу декламациясы, көңіл-күй өзгеруінің декламациясы (оптимистік, қайғылы, ашулы және т.б.).
5. Әндерді жаттау:
а) «Көрсет» әні;
6. Қысқаша әңгімелер мен көріністерді сахналау;
7. Қимыл-қозғалыс ойындары;
8. Жай ойындар;
9. Шығармашылық ойындары;
10. Ситуациялық диалогтарды орындау;
11. Суретке қарап әңгіме құрастыру;
12. Әріптерді жаттау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті негізінде айтарлықтай дәрежеде мазмұнға сәйкес қолданылатын дидактикалық материалдарға, топтасуына байланысты топта жұмыстар ұйымдастырылады.
ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
1.Білім беруді және жұмыс тәртібін ұйымдастыру нысаныҰйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізу формасы топтармен жұмыс болып табылады. Топтағы балалар саны 8-12 адамнан аспауы керек. Тілдердің үштұғырлылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс– әрекетінде алған білімдері күнделікті өмірдің барлық режимдік сәттерінде бекітіледі: сәлемдескенде, киінгенде және шешінгенде, тамақтанғанда, ұйқыға дайындалғанда, ойын және серуен кезінде.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жалпы дайындық талаптары: жалпы уақыттың 5-10 минуты үш тілде жалпы дамытушы лексикалық формаларды жүргізуге арналады: (дене шынықтыру минуты, санамақтар, дидактикалық ойындар, фонетикалық жаттығулар, тақпақтардың үлгілері, ұйқастыру).
.
Ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізудің үлгілік жоспары1. Сәлемдесу.
2. Фонетикалық жаттығу.
3. Өтілген лексикалық материалды қайталау.
4. Қимылды ойындарды қолданып жаттығу.
5. Өтілген және кірістірілген жаңа лексикалық материалды белсендіру.
6. Ұйқастыру мен тақпақтарды жаттау.
7. Мультфильмдерді көру.
Белсенді және пассивті сөздікті дамыту жағдайлары.
Балалармен ұйымдастырылған оқу әрекетінің мынадай негізде жүргізіледі:
- жеке-әрекеттік теориялық материалды практикалық әрекетке жатқызуға мүмкіндік беретін тәсіл;
- сәйкестендіру қағидасы, яғни жаңаны қалыптастыру негізінде бекіту мақсатында алда өтілген материалға қайта оралу;
- мектепке дейінгілердің негізгі әрекеті есебіндегі ойындар;Оқытылатын тілдер бойынша мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді және пассивті сөздігін дамытуға қажетті үштұғырлы тілдер бойынша міндеттерді іске асыру:
Ұйымдастырылған оқу әрекеті үдерісінде үштұғырлы құрамына кіретін тілдерді оқыту технологиялары мен әдістемелерін үнемі жетілдіру;
- ұйымдастырылған оқу әрекеті үдерісінде «Қатынас» білім беру саласы бойынша үнемі ойындарды, ауызша халық шығармашылығы шығармаларын, үш тілдегі жұмбақтар, жаттығулар, рифмовкаларды қолдану- күн тәртібі барысында (жуыну, тағамды қабылдау, ұйықтатуға жатқызу, серуендеу, таңғы қабылдау және т.б.) балалармен үш тілде қатынас жасауды қамтамасыз ету;
- күннің екінші жартысындағы дербес әрекеттер, сабақтар, үйірмелер, студиялар ұйымдастыру арқылы балаларды шетел тілдеріне жүйелі үйрету;
- тілдік кеңістікті кеңейту үшін заттық-дамытушылық ортаны жасау.
Тілді үйретуде балалар мүмкіншілігін анықтауЖұмыстың нәтижесі балалармен тілдік қатынас дағдыларын меңгеру Европа Кеңесі талаптары бойынша шетел тілдерін меңгеру деңгейінде ұсынылады:
Түсіну – «Мен жеке таныс сөздерді және асықпай дәл айтылған қарапайым тіркестерді күнделікті өмірдегі мен, менің жанұям, жақын қоршағандар туралы айтылғандарды түсінемін».
Тыңдау – «Мен таныс аттарды, сөздерді сонымен бірге хабарламадағы, плакаттағы, каталогтағы жай сөйлемдерді түсінемін».
Айту – «Мен, егер әңгімелесушім менің өтінішім бойынша өзінің айтқандарын қайталаса немесе менің айтатынымды қалыпқа түсіріп отырса диалогқа қатыса аламын».
Диалог – «Мен қарапайым сұрақтар қоя аламын және мені қызықтыратын және белгілі тақырыптар аясында оларға жауап бере аламын».
Монолог – «Мен қарапайым тіркестер мен сөйлемдерді қолданып қайда тұратын орным туралы және өзім білетін адамдар туралы айтып бере аламын».
Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқуы мен жазуына деңгей қойылмайды.