Б.Со?па?баевты? ?мір жолын айтып ?ту «Мені? атым ?ожа» ??гімесіні? мазм?нын, идеясын ашу


Тақырыбы: БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА»
ДАУКЕНОВА РАУШАНГҮЛ ТӨКЕНОВНА
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы
Қарақол ауылы
Қарақол орта мектеп - бақшасы КММ.
Мақсаты: 1. Б.Соқпақбаевтың өмір жолын айтып өту «Менің атым Қожа» әңгімесінің мазмұнын, идеясын ашу;
2. Оқушының ой – өрісін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
3. Әңгіме арқылы оқушыларды шыншылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: баяндау, тіл дамыту, сұрақ – жауап, түсініп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, слайд, сөзжұмбақ, суреттер, журналдар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Көз не үшін керек?
(Жақсылықты көру үшін керек.)
Құлақ не үшін керек?
(Ақылды тыңдау үшін керек.)
Екі қол не үшін керек?
(Біреуге көмектесу үшін керек.)
Екі аяқ не үшін керек?
(Алыс жерлерге бару үшін керек.)
Олай болса, сендердің барлық мүшелеріңе саулық тілеймін!
Орнымызға отырып, сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау:
Тест тапсырмалары бойынша өткен сабақты пысықтау (ауызша)
Жұптық жұмыс бойынша тексеру (белгі бойынша қате, дұрысын көрсету).
Жаңа тақырыппен жұмыс:
Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шығару.

Қ А Ж Ы М Ұ Қ А Н
Ш О Қ А Н
М І Р Ж А Қ Ы П
М Ұ Х Т А Р

«Жиб – Жица күресі» әңгімесі кім туралы?
(Қажымұқан)
«Қырық жас түлегі» әңгімесі кім туралы?
(Шоқан)
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін кім жазды?
(Міржақып)
«Жетім» әңгімесінің авторы кім?
(Мұхтар)
Балалар, бүгін біз жаңа «Балалық шаққа саяхат» атты бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған ақын – жазушылардың туындыларымен танысасыңдар.
Реферат арқылы оқушы Б.Соқпақбаевтың өмірімен таныстырады.
Бүгінгі жаңа сабағымыз Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысамыз. Бұл әңгімеде жан құбылысының әр оқушының басында кездесуі мүмкін сәтті кезі сипатталады.
Ой толғаныс. Фильмдегі музыка ойналды.
-Музыка сендерге таныс па?
«Менің атым Қожа» атты киноны кім көрді?
Ол не жайлы? Дарынды кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев түсірген балалар фильмі.
(Оқушылардың ойларын тыңдау.)
«Ой таным» әдісі бойынша «Қызықты деректер» бөліміне кезек берейік. Қандай деректер дайындап алып келдіңдер?
а) «Сүйікті «Айгөлек» журналымның»Сұра, жауап береміз» айдарында осы «Менің атым Қожа»фильмінде басты ролін ойнаған Нұрлан Санжар жайлы былай деген:
«Қазақфильм ұлттық компаниясының» телевизиялық фильмдер бірлестігінің редакторы кинодраматург болып қызмет істейді.»

ә) »Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысы бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында өткен Халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдемен марапатталды».
б)«Менің атым Қожа» фильмінде бірге ойнаған балалардың қазіргі өмірінен хабар берейін. Жанар- қазір энергетика инженері, Дәулет-әскери дәрігер, ал Сұлтан- әскери журналист ,зейнеткерлікке шыққанда қайтыс болыпты.Қожа роліндегі Нұрлан Жанармен 40 жыл өткен соң, киноның түсірілгеніне 40 жыл толуына арналған кездесуде бір-бірін көріп жүздесіпті».
3. Суреттермен, журналға шолу жасау.
Оқулықпен жұмыс:
Енді жазушының сол шығармасымен жақынырақ танысу үшін бір үзіндісін оқып көрелік. ( Мұғалім әңгімені мәнерлеп оқып түсіндіреді)
Слайдтан суреттер көрсетіп отыру.
Дәптермен жұмыс:
Топтастыру әдісі бойынша.
Қожа мен Жантасты салыстыру.
тентек Қожа Еліктегіш

жақсы оқушы шыншыл ұяты бар
ұмытшақ
арам Жантас нашар оқушы
қу
өтірікші жағайымпаз
Дәптерлеріне жазғызу.
Сергіту сәті: «Жақсы - жаман» ойынын ойнату.
Бірнеше сөздер айту, оқушылардың бір тобы жақсы жағын, бір тобы жаман жағын айтады. Мысалы: от - тоңғанда жылынамыз, дұрыс қолданбасаң күйіп, жанып кетесің. Су-шөлімізді қандырамыз, шомыламыз, байқамасақ тұншығамыз, үстіміз су болып ауырамыз.

Түсінгендерін тексеру: «Бәйге» ойыны.
Әңгімені ойын арқылы пысықтау.
Ережені түсіндіру (жазу).
Басты кейіпкер- көркем шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі басты адам. Жазушы оның жеке сипатын, іс – әрекетін, мінез – құлқын басқалардан гөрі анық танылатындай етіп суреттейді.
«Ой толғау» әдісі бойынша шығармашылық тапсырма.
Әңгімеде Қожа мұғалім сабақ сұрай бастағанда қатты не істеді?
(Өкінді)
Өз бастарыңда болған оқиға бойынша өкінген кездеріңді айтып беріңдер.
«Өкініш» тақырыбына ауызша әңгіме құрау.
Қорыту:
Сұрақтар арқылы әңгімені қорыту.
Әңгіме саған ұнады ма?
Үйге қандай тапсырма берілген екен?
Әңгімеде басты кейіпкер кім?
Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы.
Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?
Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?Әңгімеден сол жерлерді тауып оқып бер.
Өзіңде Қожаның басында болған оқиға болды ма?
А.Михайловнаның Жантасқа айтқан ескертуін тауып оқы.
Жантасты қандай бала деп ойлайсың?
Бағалау: оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: әңгімені мәнерлеп, түсініп оқып келу, әңгімелеу.
Аяқтау: сабақты аяқтау.