План урока Автоматика ж?не телемеханика ??рыл?ыларыны? электрмен ?амтамасыз етуі.


Автоматика және телемеханика құрылғыларының электрмен қамтамасыз етуі. Электрмен қамтамасыздандыру аппаратурасы
Темір жолдың автоматика және телемеханика құралдарын электрмен қамтамасыз ету 6 немесе 10 кВ кернеулі жоғары кернеулі –сигналды желімен, сонымен қатар 220 немесе 380 В кернеулі электр тораптарымен орындалады. Құрылғыларды қоректендіру үшін түзектіштерді, трансформаторларды, түрлендіргіштер мен аккумуляторларды қолданады.
Түзеткіштер бір фазалы айнымалы тоқты тұрақты тоққа түрлендіруге арналған. СОБ құрылғыларында олар релелік тізбекті тұрақты тоқпен қамтамасыз ету үшін, буферлық жүйеде аккумуляторлы батареялар мен жұмыс атқару үшін арналған. ВАК типті түзектіштер кең қолданыс тапқан. ВАК түзеткіштері төмендету трансформаторынан және түзеткіш бағанадан (немесе түзеткіш көпірден) тұрады. Трансформатордың біріншілік орамын 110 немесе 220 В жиілігі 50-75 Гц айнымалы тоқты тізбекке қосады. Екінші орамын түзеткіш көпірге қосады. Түзеткіштің шығуынан түзетілген тұрақты тоқты алады. Кернеуі 12 В аккумуляторлы батареяны қуаттандыру үшін қуаттандыру – буферлі құрылғысын ЗБУ қолданады. Ол буферлі режимде немесе қуаттандыру режимінде жұмыс істеуі мүмкін. Бір режимнен екіншісіне ауысу автоматты түрде орындалады. Аккумулятордағы кернеу 2,1 В дейін төмендеген уақытта құрылғы қуаттандыру режимінде жұмыс істей бастайды. Кернеу 2,5 В дейін көтерілген жағдайда ол буферлі режимге ауысады. Станцияда тұрақты тоқты 160 В электр қозғалтқыштары бар стрелкалы электр жетектерін қоректендіру үшін ВУС – 1,3 типті түзеткіш құрылғыны қолданады. Ол 50-400 Гц бір фазалы айнымалы тоқты түзетеді. Бұл құрылғы әр шығында екі диод бар түзеткіш көпір түрінде болады. ВУС-тың шығуындағы номиналды қуаты 1,3 кВт.
Трансформаторлар автотосқауылдаудың және ЭӨ-ның әр түрлі тізбектерін айнымалы тоқпен қоректендіру үшін қолданылады. Сонымен қатар олар желілік, жолдық, сигналдық, релелік, оқшаулаушы және көмекші болып жіктеледі. ОМ типті желілік трансформатордан басқасында табиғи суытуы бар және ол сөреде орнатылуы мүмкін немесе қабырғаға бекітілуі мүмкін. ОМ типті желілік трансформатор (бір фазалы майлы) автотосқауылдаудың жоғары кернеулі үш фазалы желінің күштік тірегінде орнатылып, 6 немесе 10 кВ жоғары кернеуді 230 немесе 115 В төмен кернеуге түрлендіру үшін тағайындалған. Трансформатордың қуаты 0,63 және 1,25 кВа болуы мүмкін.
ПОБС (жолдың бір фазалы бронялы өзекшесімен құрғақ) ПП және ПРТ жолдық трансформаторлары рельсті тізбекті айнымалы тоқпен қоректендіру үшін тағайындалған. ПОБС типті трансформаторлар 110 немесе 220 В жиілігі 50 немесе 75 Гц айнымалы тоқты тізбектен жұмыс істеуге арналған. ПТ және ПРТ трансформаторлар 110/220 В жиілігі 25 Гц айнымалы тоқта жұмыс істейді. Жол трансформаторының екіншілік орамы секцияланған, соның арқасында ол әр түрлі кернеуді алуға мүмкіндік береді. ПОБС типті трансформаторлары автономды және электр тартымды айнымалы тоқты кодты рельсті тізбектерде кең қолданылады. Олардың екіншілік орамдары (сурет 7.1) екі секцияланған орамдардан ІІ және ІІІ тұрады. ІІ және ІІІ орамдарының шығуларының арасында перемычка жасау арқылы әр түрлі кернеуді алуға болады. Мысалы, ПОБС-2 үшін 0,55 ...
10909307347585
Сурет 7.1.ПОБС – 2 АУ3 типі жол трансформаторының орамдарының сұлбасы
17,6 В шегінде, ПОБС-3 үшін – 5,5 ... 247 В шегінде. ПТ және ПРТ типті трансформаторлар айнымалы тоқты электр тартымы бар 25 Гц айнымалы тоқты рельсті тізбектерде жолдық және релелік трансформаторлар ретінде қолданады.
СОБС және СТ типті сигналды трансформаторлар светофорлық шамдарды қоректендіру үшін тағайындалған. СОБС трансформаторының біріншілік орамына 110 немесе 220 В кернеу қосылады, ал екіншілік орамынан 20 В, 18 В және 38 В алуға болады. Станция типті сигналдық трансформатор светофор шамдарын орталықтан қоректендіру үшін тағайындалған; оның біріншілік орамы отты релесі мен тізбектей 220 В тізбекке қосылады.
Релелік трансформаторларға РТ және РТЭ типті трансформаторлар жатады және олар айнымалы тоқты станциялық рельсті тізбектерінде жоғарлату трансформаторы ретінде қолданылады.
ТС типті трансформаторлар (күштік трансформатор) электрлік орталықтандыру құрылғыларында қолданылады. Оларда табиғи ауа суытуы бар және де әр түрлі қуатта шығарылады. СОБ құрылғыларында қуаты 25 кВа трансформаторлар қолданылады.
Тұрақты тоқты тізбекті апаттың қоректендіру үшін шыны сосудтағы қышқылды аккумуляторлар қолданылады. Автоматталған тосқауылдауда – АБН-80 типті аккумулятор. Аккумулятордағы кернеу 2,2 В номиналды сиымдылығы 80 А.С.