С?кен Сейфуллин А?са? киік оэмасы 5-класс саба? жоспары


Пәні:әдебиет Класы:5 а Мерзімі:31.01.2017
Сабақтың тақырыбы «Ақсақ киік» өлеңіне талдау жұмыстары
Мақсаты оқушыларға табиғат туралы білім бере отырып, С. Сейфуллиннің өлеңінің идеясын түсіндіру, қоршаған ортаға деген көз қарасын, оның ерекшеліктері туралы білуге үйрету.
Оқыту нәтижелері Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері өседі.
Әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу
Пайдаланылған ресурстар Сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,жұптық,топтық жұмыс
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау Оқушылар оқу құралдарын алып сабаққа дайындалады.
Үй тапсырмасы Үй тапсырмасын тексеру
Сакен Сейфуллин Оқушылар тақырыпты қайталап,сұраққа жауап береді
Жаңа сабаққа кіріспе Ой қозғау
Киік – ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі. Оны ақбөкен деп те атайды., баласын құралай деп атаймыз. Киіктер мамыр айында төлдей бастайды, сол кезде ауа - райы бұзылып, жауын – шашын болады. Қазақтар оны «Құралайдың суығы» деп атайды. Киіктің тағы бір ерекшелігі – олар ешқашан жетім қалған лақтарын тастамайды. Кез - келген киік маңырап шыққан құралайды кездестірсе, қасына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің жүйріктігі сондай туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмаймыз екен. Киіктің мүйізін аңшылар шет елдерге сатып, ақша табады екен. Бір жылы Бетбақдалада келе жатып оқ тиген әлсіреп келе жатқан киікті көрдім, оны көзі қиып қай адам атты екен дейді. Киіктің саны азайып бара жатқандықтан, ол қорғауға алынып, 2006 ж қызыл кітапқа енді.«Қызыл кітап» сөзі шықты, түсіндіру, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
. Кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқыту.
.Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі. Мына жолдарға назар аударайық.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген. Оқушылар өз ойларын ортаға салады
Жаңа тақырыпты меңгерту Мағынаны тану
Ойлы болсаң, озып көр.Зат есім1 сөзКиікСын есім2 сөзЖүйрік сұлуЕтістік3 сөзСекірді, жайылды қаштыСөйлем4 сөзКиік – киелі жануардың біріОқулықпен жұмыс: Талдау.Өлең құрлысына назар аударайық.
Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а
Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а
Сол шөл-де ел жоқ ,күн жоқ ө-сіп- өн-ген 11 б
Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11 а
1 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақ, 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.
ұйымдасып жұмыс жасау
Білімдерін бекіту Мәтіннен әсер еткен оқиғаСені өкіндірген оқиғаҰнаған ой, сөз, сөйлемСені қуантқан тұсОқушылар сұраққа жауап береді
Балалар,осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді? Біз нені түсіндік? Сөз соңында айтарымыз, ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау, жан - жануарларды аялау екен. Осыған байланысты қазақ халқының әнші - күйшілерінің шығармасы да жетерлік. Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың «Жез киік” әні, С. Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын «Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады. Бүгінде жаңа әннің қатарын «Ақбөкен”өлеңімен толықтырған.
Сөзі: Несіпбек Айтовтікі Әні: Жалғас Назаровтың өлеңімен аяқтаймыз.Дертімді менің қозғамаОнсызда ғұмыр аз ғана,Айталмай кеткен сырың барЖадырып тұрған жазға да.Адасып жүрген ақбөкен!Қай жаққа ауып барасыңҚай жақтан пана табасыңӨзегі өксік дүние - айӨртеніп, күйіп - жанасың!Асарсың шаршап сан қырдан,Ақ боран шығар алдыңнанҚорғансыз болып тұрған соңЖақсылық күтпе тағдырдан.Шексіз ғой мынау қара жер,Өзіңді өзің пана көрАжалдан қашқан тіршілік,Сағымдай заулап аға бер. Өз болжамдарын келтіру
Рефлексия Қорытындылау. Бағалау Ауызша бағалау
«Өте жақсы», «Жарайсың» Үйге тапсырма .”Біз — табиғат сақшысымыз” ойтолғау жазу.3. Оқиға желісіне байланысты сурет салу.