Разработка урока по математике на тему Сандарды? онды? ??рамы негізінде ?осу ж?не азайту (2 класс)


Күні:
Сыныбы: 2 «Ә» Пәні: Математика
Тақырыбы: Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту.
Мақсаты: Оқушыларға сандардың ондықтары және бірліктері арқылы ауызша және жазбаша қосу, азайту жолдарын үйрету.
Міндеттер: Қосу мен азайту амалдары арқылы математика пәнінің өмірмен байланысы туралы ойларын кеңейту.
Ойларын еркін жеткізуге баули отырып, берілген тапсырманы өзара талқылап, өз ойларын жинақтай білуге жетелеу.
Сенімділікке және жауапкершілікке баулу, патриоттық сезімдерін оятуға жетелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: ой қозғау, талдау, қорытындылау стратегиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, қайталау, талдау – жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, оқулық, дәптер, жапырақтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлем, алтын күнім менің,Сәлем, аспан көгілдір!Сәлем, жақын досым менің,Қуанышты күн бүгін!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
12 бет. №4 есеп. Салыстыру. (Оқушылармен ауызша талдау жұмысы жасалады)
«Кім тапқыр?» ойынын ойнату37+3 55+5 37 – 7 55 – 5 34+6 58+2 34 - 458 – 8 33+7 57+3 33 – 3 57 - 7
Кіріспе кезеңі. Тақтамен жұмыс. №1 есеп. Екі таңбалы сандарды өсу ретімен ата. Берілген саннан кейінгі және оның алдындағы санды ата.
(Жапырақтарда сандар беріледі оқушылар ағашқа өсу ретімен қояды, содан соқ кему ретімен ауызша талдау жасалады)
2, 4, 5, 10, 12, 13, 14, 16, 19, 20. 20,19,16,14,13,12,10,5,4,2.
ІІІ . Жаңа сабақ. Тақырыпты хабарлау. Мақсатын айту.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту.
Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға сандардың ондықтары және бірліктері арқылы ауызша және жазбаша қосу, азайту жолдарын үйрету.
Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптердегі сандарды жазу;
- Ендеше, қолдарымызға қаламсаптарымызды алып, түзу отырып, бойымыз тік, дәптерлеріміз қиғашынан қойылған, әркім өзінің орнында отыр.
Математикалық диктант.
3онд. 5бірл. тұратын сан,4онд. 2бірл. тұратын сан,7онд. 9бірл. тұратын сан,20мен8дің қосындысының мәні,67мен7нің айырмасының мәні,9бен10ның қосындысының мәні.
Оқулықпен жұмыс. №2есеп. Белгісіз санды тап.
12: 10 2 19: 10 9 13: 10 3
10+2 …. ....
2+10
12-10
12-2
- Жақсы, жарайсыңдар!
Тақтамен жұмыс. №3. Теңдіктер төрттігін құр.
10 + 3 = 13 10 + 5 = 15
3 + 10 = 13 5 + 10 = 15
13 – 10 = 3 15 – 10 = 5
13 – 3 = 10 15 – 5 = 10
Оқушылар тақтаға шығып орындайды.
Кестемен жұмыс. №4. Өрнектердің мәнін тап.
b 6 1 0 9
b + 10 d 16 18 14 19
d - 10 Cергіту сәті.
Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездердеҚонайық жорғалап.Дәптермен жұмыс. №5. Есепті шығар. Шарты мен шешуін салыстыр.
а) Жазу керек – 16 с
Жазып қойды – 6 с 16 – 6 = 10 (с)
Қалғаны - ? с Жауабы: Мәдина 10 сөзді жазған жоқ.
ә) Жазды – 6 с
Қалды – 10 с
Барлығы - ? с
6 + 10 = 16 (с) Жауабы: Мәдина барлығы 16 сөз жазуы керек.
ІV. Бекіту. №7. логикалық тапсырма.
Қорапта 3 қызыл және 3 көкө шар бар. Егер қарамай 4 шарды алатын болсақ, олардың ішінде ең болмаса біреуі қызыл шар бола ма?
V. Қорытынды бөлім.
- Балалар,бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Жаңадан не білдіңдер?
- Жақсы, жарайсыңдар! Сабақ аяқталды.
Бағалау. Белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үй тапсырмасы. 14 бет № 6 есеп.