?ыз сыны 3 сынып саба?тан тыс шара


Қыз сыны
Мақсаты:оқушылардың еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Тәрбиелік ,білімді біліктілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтын барысы:Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі «Қыз сыны» байқауына қош келдініздер
1-жүргізуші:
Қыз сыны,қыз өнері,қыз әдебі
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Бір көргенде болмай-ақ сахнада
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі
2-жүргізуші:
Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Көніл қойып тыңданыздар әрқашанда.
Жырдан шашу шашылсын,
күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер халайық сергісін бой,- дей отырып, сайысқа қатысушы қыздарымызды ортаға шақырамыз.
«Қыз сыны» байқауына әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
Бағдарламамен таныстыру.
1-сайыс.»Жарық -жұлдызым,Айым,Күнім» деп аталады, өзін-өзі таныстыру.
2-сайыс.«Білімді мыңды жығар.білекті бірді жығар»,- деп аталады. Мұнда қыздардың ақылдылығы, ой ұшқырлығы тамашалаймыз.( Сұрақ-жауап).
3-сайыс.«Қыз -халықтың гүлі, өнер- саусақтың нұры»,-деп аталады.
Қыздардың өнерін тамашалау.
4-сайыс.«Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпағымыз»,- деп аталады.
Қыздар үй тапсырмасын көрсетеді.
5-сайыс.«Ұл өссе-ұрпақ,қыз өссе- ырыс»,деп аталады ою ояды.
6-сайыс.«Қыздың өссе гүлдей болсын деп тіле» кыздарымыз сән үлгісін көрсетеді.
1-жүргізуші:
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсің болуға өнерге бай.
Артық емес үйренген де, жиренген деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
«Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі дегендей,кезекті таныстыруға береміз.
1-жүргізуші:
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар » деп аталған сайысымыз сұрақ-жауаптан тұрады.
1,Ең мықты ағаш( емен)
2. Төрт түлікті ата
3.Ай атауларын ретімен ата
4.Көктем жаршысы (Ұзақ)
5. Үш арсыз (үйқы, тамақ, күлкі)
6.Ең кішкентай құс( калибри)
7. Билер(Қазбек би,Әйтеке би, Толе би)
8. Ұшпайтын құс
9. Дүниеде неше алыс бар( жер мен көк,кәрілік пен жастық,жақсы мен жаман)
10.
Су анасы-бұлақ, сөз анасы-құлақ
3. сайыс . Құлақтан кіріп бойды алар
жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсен , менше сүй-демекші-
Қыз -халықтың гүлі, өнер саусақтың нұры деп аталатын , сайысымызға кезек береміз.
4-сайыс.
Тұз емес пе астын дәмін кіргізген
Қыз емес пе үйдің сәнін кіргізген,- демекші, он саусағы майысқан шебер болар мекенбіз ,үй тапсырмасына кезек береміз.
5- сайыс
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер қызыл айдай жүзу жарқын
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген ізгі салтын
«Ұл өссе-ұрпақ,қыз өссе-ырыс» деп аталатын ,ою өрнек сайысына кезек берейік.
6- сайыс.
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік,ақ тамақ қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін
Қызың өссе гүлдей болсын деп тіле,-
келесі кезекті сән үлгісіне береміз
Сөз әділ қазылар алқасына беріліп, жеңіп шыққан қызды марапаттау.
1,Ең мықты ағаш
2.Жана туған балаға ат қойып,оны алғаш бесікке бөлу тойы?
1.Жыл басы
2. Төрт түлікті ата
1.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен?
2.Көктем жаршысы
1.Ай атауларын ретімен ата
2. Үш арсыз
1.Ең кішкентай құс
2. Қазақ Билері
1. Ұшпайтын құс
2. Дүниеде неше алыс бар( жер мен көк,кәрілік пен жастық,жақсы мен жаман)
1.Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
2.ҚР тәуелсіздігін алған күні жылын ата?