Т?ртіп са?шылары ?ызыл?о?а ауданы ?арак?л орта мектебі


Өткізілетін орны: Қаракөл орта мектебінің биология кабинеті
Уақыты: 19. 09.2015 ж
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд материалдары, жол белгілері, гүлдермен безендірілген, алғашқы медициналық көмекке қажетті құралдар.
Кездесу қонақтары мен қатысушылар: Тәрбие ісінің меңгерушісі Ш. Әбілғазиева, Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Р. Ғалиахметов, мектеп медбикесі А.Мұқашева, психолог З.Елеуова, тәлімгер Г. Ізімқұл, 7 а, ә сынып оқушылары, сынып жетекшілер.
Шараға қатысушылар: Қаракөл орта мектебінің 7а,ә сынып оқушылары
Қатысушылардың барлық саны: 44
Мақсаты: Оқушыларды көшеде жүру ережесімен, жол белгілері, олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Жол ережесін қатаң сақтауға үйрету арқылы кездесетін келең-сіз оқиғалардан сақтандыру, қоғамдық орындарда, көшеде, жол бойында өздерін ұстай білуге үйрету. Қандай қиындық болса да шыдамдылыққа, төзімділікке баулу, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Салауатты өмір салтын дәріптеу;
Спортпен айналысуға баулу;
Алғашқы медициналық көмек көрсете білуге үйрету;
Жүру барысының жоспары:
Таныстыру.
Жол ережесіне байланысты сұрақ-жауап бөлімі, жұмбақ шешу.
Тани біл жол белгісін... (жол белгілерін ажырату)
Ойлан тап! (суретпен жұмыс)
Кім жылдам? (қиындылар құрастыру)
Абайла, балақай! (көрініс көрсету)
Өнерлі өрге жүзер (спорттық би)
Бағдарлама:
Өткізілетін күні: 19.09.2015 ж
Тақырыбы: «Жас тәртіп сақшылары»
Түрі: сайыс
Толық жүрісі:
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, кеш қонақтары! Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол - көлік оқиғаларынан сақтаудың мәні зор. Елімізде көліктер саны көбейіп, жол-көлік оқиғалары жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көше мен жолдарда мұқият тәртіп сақтау-лары қажет. Өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекші құрал - бағдаршам. Сол бағдаршамның сырын біліп, тілін алу- баршамыздың міндетіміз. Осы мақсатта бүгін сіздермен «Жас тәртіп сақшылары» атты топтық сайыс өткізгелі отырмыз. Олай болса, қатысушы топтарға сәттілік тілеп, сайысымыздың бөлімдерін таныстырайық.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз,
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз,- дей келе таныстыру бөліміне кезек береміз.
І. Таныстыру. (Бұл бөлімде саптағы әнімен ортаға шығып, өз тобын таныстырады)
Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл,
Егер оны білмесең
Тартар жолың бұлыңғыр.
1. «Бағдаршам» тобы Ән: «Атамекен»
2. «Реттеуші» тобы Ән: «Шекарашы сарбаздар»
ІІ. Жол ережесіне байланысты сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.
Бұл бөлімде: 1. Тиым салу, ескерту, сілтеу белгілерінен сұрақ қойылады;
2. Жұмбақ шешу;
ІІІ. «Тани біл жол белгісін» (жол белгілері жасырылады, жауабын қағазға түсіру)
IV. «Ойлан, тап!» (суретпен жұмыс)
Суретте: Белгілерді дұрыс қой, белгілерді сәйкестендір, қайсысы жолдан дұрыс өтті?
V. Кім жылдам? (қиындылар арқылы жол белгілерін құрастыру, қарсы топ түсінік беру)
Қиындыларды құрастырғанша, Қ.Аманжоловтың «Тоқта, жолдас!» өлеңі оқылады.
Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін.
Өткізе алмай
Өміріңнің артығын
Жүрсің бе сен
Қалай-қалай басасың.
Тоқта! Байқа.
Ойла. Қателесесің.
Ал кеп қалды
Автобус пен машина.
Тоқта, жолдас!
Тәртіп бұзба. Жүр былай
Саспа босқа.
Қақтықпа да, аптықпа.
Өз-өзіңе ойлайтының қастық па?
Неге сонша ентігесің елеуреп,
Сабағыңды қоятындай біреу жеп.
Көше түзу. Сен де түзу жүрсеңші
Автобусқа жанжалсыз-ақ мінсеңші
Жыртасың ғой жолдасыңның киімін.
Жұлқылама ауырттың ғой иығын.
Байқасаңшы!
Бастайсың да жанжалды,
Жинайсың ғой
Берекесіз базарды
Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін!
Өткізе алмай өміріңнің артығын
Жүрсің бе сен? Ойла болса ақылың
Сақтасаңшы өміріңді жарқыным!
VІ. Абайла, балақай! (Алғашқы дәрігерлік көмек, жол-көлік оқиғасынан көрініс)
Әр топ өздерінің дайындаған көріністерін көрсетті. Мектеп медбикесі алғашқы
дәрігерлік көмек жөнінде түсінік берді.
VІІ. Өнерлі өрге жүзер (спорттық би билеу)
VІІІ. Қорытынды:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп –
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға! – дей келе, сайысымызды қорытындылаймыз. Сайыс қорытындыланып, жеңімпаз топтар марапатталды. І орынды 7а сыныбынан құралған «Бағдаршам» тобы, ІІ орынды 7ә сыныбынан құралған «Реттеуші» тобы иеленді. «Сақтансаң ғана сақтармын» дегендей сақ болып жүргенге не жетсін!
Ән: «Жаса, Қазақстан» орындайтын: А.Сағызбай
Қатысушылар тізімі:
Тәрбие ісінің меңгерушісі Ш.Әбілғазиева
Тәлімгер Г.Ізімқұл
Психолог З.Елеуова
Алғашқы әскери дайындықтың мұғалімі Р.Ғалиахметов
Мектеп медбикесі А. Мұқашева
7 а, ә сынып жетекшілері
7а сынып оқушылары 7әсынып оқушылары
1.Аманғали Ерасыл 1. Асанұлы Әмірхан
2.Абзал Абылай 2. Амантай Айым
3.Аққали Бекжан 3. Әбілхан Шерхан
4.Бағытжан Мейірман 4. Әжіғали Римма
5.Гумарова Аяулым 5. Бағытбай Егемен
6.Досов Оңғарбек 6. Дос Рысгүл
7.Ермек Аружан 7. Жомарт Мөлдір
8.Елтай Айтаңсық 8. Жөкес Альбина
9.Жақсыбай Исатай 9. Қайыржан Азат
10.Коммунаров Ерболат 10. Құсан Аймұрат
11.Қайырберген Нұрай 11. Қыдырали Жұлдыз
12.Қайырберген Жұлдызай 12.Мыңтас Ерасыл
13.Құсайын Жандәулет 13. Нәсөн Мұқтархан
14. Нұрлан Нұрайым 14. Сержан Мирас
15. Рысбаева Гауһар 15.Сисенбай Қайырбек
16.Серік Әйгерім 16. Талғат Мейірбек
17. Серік Ерұлан 17. Телжан Күнзира
18. Шамидоллла Әдемі 18. Теміржан Нұрсипат
19. Шоқпаров Ержан
Фотоматериал