Экономика п?нінен саба? жоспары та?ырыбы: Нары? ж?не оны? ?ызмет ат?ару за?дары


Пән:Нарықтық экономика негізі
Сабақ тақырыбы: Нарық және оның қызмет атқару заңдары. Сұраныс және ұсыныс. Нарық тепетеңдігі.
Сабақ түрі: теориялық сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты білімділік: студенттерге нарық ұғымын, элементтерін, түрлерін түсіндіріп, білімдерін пысықтау арқылы, экономиканы озат меңгерген топты анықтау;
дамытушылық: экономикалық дүние танымдарын дамытып, экономика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. 
тәрбиелік: туған ел экономикасын дәріптеуі арқылы елжандылылық сезіміне әсер етіп, адамгершілікке баулу мақсаты қойылады. Адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған. Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру, әділеттілік пен мейірімділікке тәрбиелеу;
Сабақты жүргізу кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут
1. Білім алушылармен амандасу;
2. Білім алушыларды түгендеу;
3. Зейіндерін сабаққа аударып, оқу-құралдарын тексеру;
Үй тапсырмасы- 10 минут
Мотивация дегеніміз не?
Еңбек мотивациясы дегеніміз не?
Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 минут
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы.Нарық көпжақты, оның көптеген анықтамалары бар.
нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекеті;нарық-экономиканың іс- әрекеттерінің күрделі механизмі;
нарық ел ішіндегі және елдер арасындағы айырбас айналымынарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну және сату мен сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім, өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтерНарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады.Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады,ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылатын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.
Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі.
Баға белгілеу қызметі – нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады.
Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.
Сауыктырушы қызмет – нарық экономиканы тиімсіз, рентабельділігі төмен фирмалардан «тазалау» арқылы оны сауыктырып отырадыАртықшылығыөзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;
шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктерінарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етпейдітауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырмайды;
. жарнамаға өте көп шығындарды талап етедіҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҒЫНАН НАРЫҚТЫ МЫНАДАЙ КРИТЕРИЙЛЕРГЕ БӨЛУГЕ БОЛАДЫ:
Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық  қызметі бойынша: игіліктер мен қызметтер нарығы;өндіріс құралдарының нарығы;ғылыми- техникалық құралдар нарығы;құнды қағаздар нарығы;жұмыс күші нарығы.Нарықтарды тауарлы топтар бойыншаөндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;халық тұтынатын тауарлар нарығы;шикізат пен материалдар нарығы.Кеңестік критериі бойынша .аймақтар ішіндегі;
аймақтар аралық;республикалық;республикааралық;әлемдік нарықтарБәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша: монополиялық;олигополиялық;салааралық нарықтар.Нарық қатынастарының субъектілерібойыншакөтерме сауда нарықтары;бөлшек сауда нарықтары;ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтарыЭкономикада заңдылықты сақтау бойыншазаңды, ресми нарықтар;заңды емес, көлеңкеленген нарықтарНарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты:
Тауарлар мен қызметтер нарығытұтыну заттарының нарығы қызметтердің нарығытехнология
жобалық -мердігерлік жұмыстарӨндіріс факторының нарығыжер нарығыеңбек нарығыкапиталдар нарығыҚаржы нарығықұнды қағаздар нарығынесие нарықтарывалюта
ақша нарықтарысақтандыруНарық механизмінің элементтері: ұсыныс, сұраныс, баға, бәсеке.
Сұраныс бұл ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныс қисығы- бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да әсер ететін факторлар:
Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
Тұтынушылардың талғамыБірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.Ұсыныс бұл өндірушінің өз қабілетіне қарай өндіретін және белгілі бір бағада ұсынатын өнімінің саны.
Ұсыныс заңы -тауардың бағасы мен ұсынатын тауар көлемінің арасындағы тура тәуелділік, яғни тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.Тауардың бағасы мен ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты график түрінде бейнелеуге болады оны ұсыныс қисығы деп атайды .
Ұсынысқа бағадан басқа да бағадан басқа да әсер ететін факторлар:
Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.Бәсекенің деңгейіСалықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады. Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға .Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут
1.Анықтамалар мен түсініктердің жұптарын құрастыру. Әр бір дұрыс жауап құны -200 теңге
2. Нарық сөзіне талдау жасау, яғни берілген әріптерге экономикалық термин сөздер жазу (ең көп сөз тауып жазған топ жоғары ұпайды иеленеді)
3.Отандық брендті жарнамалау
 Шарты: Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен шығуы керек. Жарнама - 500 теңгемен есептеледі.
ІV. Жаңа өтілген және бұрынғы өткен сабақты жүйелеу, қорыту – 20 минут
Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.Енді біз соңғы кезең «СЫЙЛЫҚТАР АУКЦИОНЫНА» көшеміз. Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 200 теңге. Кім жоғары баға ұсынады. Сөз кезегін сарапшыларға береміз.(Жеңіске жеткен команда анықталады.)
V. Сабақты бағалау – 5 минут
- жалпылама сұрақтар қою;
- сабақ барысындағы белсенділігі мен тәртібіне қарай бағалау;
VІ. Үй тапсырмасы – 2 минут
25-31 беттер сұрақ жауап.