«?мірге бірге дауыс берейік!» тренинг саба?ы


«Өмірге бірге дауыс берейік!» тренинг сабағыПедагог-психолог: Бекетаева Самал Камбарқызы «Танысу» тренингіМазмұны: Тренингке қатысушылар аудиториямен амандасып, өздерінің есімдерін айтып, «өміріндегі ең қымбаттысы?» деген сұраққа жауап беруі керек. Мысалы: Сәлеметсіздер ме! Менің есімім – Гүлім, мен үшін өмірдегі ең қымбаттысы – бұл ата-анам 2. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға өмір туралы келесідей тілектер жазылған парақтар үлестіріледі:- өміріңіз шаттыққа толы болсын!- өміріңіз тек жақсылықтардан құралсын!- өмірде жетістіктерге жете беріңіз! Оқушылар тілектерді оқып, «өміріңіз шаттыққа толы болсын!» тілегі түскен оқушылар 1-топ болып құрылып, орындарына отырады, келесі «өміріңіз тек жақсылықтардан құралсын!» тілегі түскен оқушылар 2-топ болып құрылып, орындарына отырады, келесі «өмірде жетістіктерге жете беріңіз!» тілегі түскен оқушылар 3-топ болып құрылады. «Өмір дегеніміз не?» Конфуцийдің мына сөзін ойларыңызға түйіп жүріңіз: «Адамда өмір біреу және оның иелігіндегі ең қымбаттысы» «Фотогаллерея» тренингіМазмұны: Балаларға үй тапсырмасы ретінде, өздерін қуанышты, бақытты сезінген сәттерінен қалған фотосуреттерін алып келу тапсырылған болатын. Барлығы қолдарына фотоларын алып, кезекпен-кезек ауызша түсіндіріп шығады. «Активатор» жаттығуыМазмұны: Тренингке қатысушылар келесідей нәрселерді жағдайға ене отырып, шеңбер бойынша бір-бірлеріне жалғастырулары қажет.мамықты; ыссы жұмыртқаны; тірі тышқанды; «Өмір несімен қымбат?» ой-талқыМазмұны: Оқушыларға осы сұрақ аясындағы бейнетаспа көрсетіледі және сол көрініс бойынша әр топтың және көрермендердің ойлары сұралады. «Өмірге бірге дауыс берейік!» тақырыбында жобаМазмұны: Оқушылар өздеріне берілген құрал-жабдықтар арқылы тақырып аясында (сурет, өлең, нақыл сөз қолдану арқылы) жоба жасайды, сол арқылы барлық адамды өмірді жақсы көре білуге, «өмір» деген ұғымға дауыс беруге үндеу тастаулары қажет. Дайындау уақыты: 5 мин; Қорғау уақыты: 3 мин Қажетті құрал-жабдықтар: плакат, түрлі-түсті маркерлер Рефлексия (ой қорытындылау) «Аяқталмаған сөйлемдер»Бүгінгі сабақта менің түсінгенім... Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны...Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. - Балалар, сабаққа белсенділікпен, қызығушылықпен қатысқандарыңыз үшін алғыс айта отырып, сабағымызды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:Бақытты жансың сөнбесе күнің көгіңде,Бақытты жансың тіршілік еткен кезіңде,Бақытты жансың өмірді сүйе білгенде, Бақытты жансың бағалай білсең өмірде!