Презентация по казахскому языку на тему Сайын Шапа?атовты? 75 жылды? мерейтойына арнал?ан т?рбие са?аты


Сайын Шапағатовтың 75 жылдық мерейтойына арналған Ашық тәрбиелік іс-шараОрындаған:Телегусова Шолпан Жоламановна ... Ақылы мұхит зерегім,Білініп жүр-ау керегің...Сабыр АдайТақырыбы: «Ұлтын ұлықтаған ұл» Оқушыларды қазақтың біртуар ұлы Сайын Шапағатовтың өмірімен, шығармашылығымен, әншілік өнерімен таныстыру.  Өз елінің тарихын білумен қатар , оны құрметтеуге ,Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа , адамгершілікке тәрбиелеу.  Мақсаты: Сайын Нәдірұлы ШапағатовСайын Шапағатов 1940 жылы Гурьев облысының Форт-Шевченко ауданына қарайтын Тельман ауылында дүниеге келді. Әкесі Нәдір ақсақал кезінде Маңғыстаудың оқу-ағарту, мәдениет саласында өзіндік қолтаңбасы қалған, өлкеге белгілі азаматтардың бірі болды. Бала Сайын оқушы кезінен-ақ алғыр, қоғамдық істерге белсене араласып, болашағынан үлкен үміт күттірген шәкірт болды. Мектепті үздік бағамен бітірген соң, 1957 жылы Алматыдағы тау-кен институтына түсті. Институтта оқып жүргенінде ол өзінің білімдарлығымен, еңбекқорлығымен көзге түседі. Жаңа игеріліп жатқан Қазақстан тыңына барған кездегі жалын атқан жанқиярлық еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше рет министрліктің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хатымен марапатталды. Бұл шындығында да екінің біріне көрсетіле бермейтін зор құрмет еді. . “Парасат” қоғамы Е с т е л і к т е р Біз Сайын Шапағатовты тек ірі демократиялық қозғалыстың көшбасшысы,прогресшіл саясаткер және мемлекеттік қайраткер ретінде ғана емес,сонымен бірге мәдени-ағарту саласына үлкен мән беретін азамат ретінде де білетініміздің айғағы-ол құрған “Парасат” қоғам бірлестігі. “Невада-Семей”қозғалысының мүшесі Бақытжан Әділұлы*** Сайын Шапағатовқа және “Парасат” қоғамының мүшелеріне! Өнерлерің өрісті,шабыттарың шарықтап жемісті бола берсін! “Өнер көзі -халықта” дегендей ел ішіндегі жаңа Әбіштерді, жаңа Фаризаларды танып, жарқырата көрсете беріңдер.Ең бастысы, өнерлерінің халыққа, ел қажетіне қызмет ете бергей! Игі тілекпен- Гурьев облысындағы “Атырау -арман”бірлестік мүшелері ***Құрметті “Адайлар”!Аман бол қоғам құрған “Парасатым”Ақ пейіл, ақ көңілің жарасатын.Қазаққа қиын тыстау іс түскенде Алдымен өзің едің қарасатын,Халқыңыз бірлігінен айрылмасын және ата-баба әруағы қолдап жүрсін!Ізгі ниеттен: Ермек Жұматаев







Сайын туралы көптеген мақалалар мен өлеңдерді, шығармаларды үлкенді –кішілі талай- талай азаматтар тебірене айтқан ұнамды пікірлерін оқып, еріксіз толқып, толғанысқа түсемін. Жұртшылықтың сонша қимастықпен жанашырлығының Сайынның бойына біткен халқын сүйсіндірген, әсіресе, қатар –құрбыларына ұмытылмас із қалдырған қадір –қасиетін көремін. Оның тәртіптілігі, шыншылдығы өмір тынысы, уақыт талабын терең түсініп білуі, әділдігі, жан –жақты дайындығының молдығы, шебер ұйымдастырушылығы адамдарды көздеген мақсатына жеткізе білуі,көркем әдебиет пен өмірге деген ықыласы кім –кімді де сүйсіндіретін болса керек.Әкесі Нәдір ақсақалдың естелігінен 75 жыл Назарларыңызға рахмет!