А?ыл-кемістігі бар балалармен ерте уа?ытта бастал?ан ж?мыстар, т?зетуді? жо?ар?ы де?гейіне жетеді ж?не ж?ре пайда бол?ан екінші кемістіктен сактайды.


Интеллектісі бұзылған балаларды оқыту, тәрбиелеу.
Ақыл-кемістігі бар балалармен ерте уақытта басталған жұмыстар, түзетудің жоғарғы деңгейіне жетеді және жүре пайда болған екінші кемістіктен сактайды. Ақыл-ойы кемістігі бар балалар денсаулық сақтау ұйымдарының арнайы бөбектер үйлерінде немесе жанұясында тәрбиеленеді. Ақыл-ойы кемістігі бар балалар ата-анасы тастап кеткен жағдайда бөбектер үйінде қалады. Кейін 3-4 жасқа келгенде арнаулы балалар үйіне ауыстырылады.
Ерте жастағы балаларды балалар үйінде оқыту жеке бас көңіл-күйдің қалыптасуына үлкендермен және өз құрдастарымен қарым-қатынас жасай білуге, үлкендердің және құрдастарының өзіне жасаған қамқорлығын, қайырымдылығын дұрыс түсінуге, дүниені тануға, психомоторикалық дамуына бағытталады.
Жанұясында тәрбиеленіп жатқан баламен жүргізілетін түзету жұмысы ата-анасыныц белсене араласуымен жүзеге асады. Үздіксіз жүргізілген түзету жұмысының нәтижесінде ақыл-ой кемістігі бар баламен ата-анасы, әрине олигофренопедагогтың көмегімен баласының дамуында үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.
Арнайы балабақшалар да ақыл-ойы кемістігі бар балаларға жан-жақты көмек көрсетілуде. Олигофренопедагоггар, топ тәрбиешілері, логопедтер, психологгар, музыка жетекшісі жүргізген түзете дамыту педагогикалық жұмыстарымен қатар, емдік- алдын алу шаралар жүргізіледі. Көп арнайы балабақшаларда фитобарлар бассейндер ашылған.
Арнайы балабақшалардың барлығында бірдей қорғау, аяу бағдарламасы алға қойылған. Бұл әр баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып, оған мейріммен қарауға ұрыс-жанжал болдырмауға, жағымды көңіл күй қалыптастыруға үйретеді.
Мектепке дайындау баланың барлық балабақшада болған жылдарында жүргізіліп 3 бағытта жүзеге асады:
дене бітімін қалыптастыру
дүние танудың қарапайым түрлерін меңгерту, танып білуге деген құштарлығын арттыру, білім, оқу белсенділігін қалыптастыру
құлықты-еркін бейімділігін қалыптастыру
Қолайлы жағдай жасалғанда ақыл-ойы кемістігі бар балалар даму процесінде көп жетістіктерге жетеді. Бұл оларды арнайы мектептерге дайындайды. Мектеп жасына дейінгі кемістегі бар балалар жалпы балабақшаларында арнайы топтарда бола алады. Бұл топтарда оқыту-тәрбиелеу жұмыстары арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
7-8 жастағы ақыл-ой кемісітігі бар балалар арнайы түзету мектептерінде оқытылады. Оқыту арнайы білім беру стандартының, арнайы бағдарлама негізінде жүргізіледі. Оқу соңынан оларды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде ескеріледі. Бұл мектептердің басты міндеттері оқып білу дағдыларының кемістіктерін жою. Оларды еңбек етуге дайындау қоғамға сай әлеуметтік бейімдеу.
Арнайы түзету мектебінде жалпы білім беретін келесі пәндер (орыс тілі. оқу, математика, география, бейнелеу өнері, ән-күй, сызу) және арнайы түзете дамыта оқыту жұмыстары жүргізіледі.
Бастауыш сыныптарда түзете дамыту жұмыстары тіл дамыту, дүние тану пәндерінің негізінде жүзеге асады. Ырғақтың, ЕДШ (емдеу-дене шынықтыру) пәндерінің негізінде бекейді. Ал 5-9 сыныптарда тұрмыстық жағдайға бейімдеу (СБО) пәнінің негізінде жүзеге асады. Оқу жұмыстарының арнайы үлгілері ЕДШ және логопедиялық сабақтар болып табылады. Бұл баланың психомоторикалық және сенсорлық тәрбиесін дамытады.
Арнайы мектептерде еңбекке баулу сабағы маңызды орын алады. 4 сыныптың өзінде ол кәсіби бағдар бере бастайды. Осы пәнді оқуда жасөспірімдер болашақ кәсібіне дайындалады.
Арнайы мектептерде оқыту 8 жылдан - 11 жылға дейін созылады. Барлық жылдарда баланың оқып білім алуына, түзетіле дамуына қолайлы , жағымды, жайлы жағдайлар жасалынады.
Арнайы түзету мектебінде тәрбиелік жұмысқа көп көңіл аударылады. Тәрбие жұмысының негізінде қоғамды дұрыс түсіну әлеуметтік қалыптасу, әлеуметтік бейімделу, ізеттілік, әдептілік, өзіне-өзі және өзін қоршағандарға дұрыс баға бере білу дағдылары қалыптасады. Арнайы мектептерде тәрбиенің негізгі мақсаты өмірде дұрыс жол таба білуге, түрлі қиын жағдайлардан өз бетінше шыға білуге үйрету.

Пайдаланылған әдебиеттер.:
1.Дети с задержкой психического развития / Под ред. Т.А.Власовой, В.И.Лубовского, К.А.Цыпиной.-М., 1984.
2.Ульенкова У.В. Дети с задержкой психического развития. - Н.Новгород, 1994.
3.Готовность к школьному обучению детей шестилетнего возраста с ЗПР ( Под ред. В.И Лубовского, Н.А.Цыпиной. - М.,1973.)
4.Шевченко С.Г .Коррекционно- развивающееобучение. Организационно- педагогические аспекты. - М., 1999.
5.Егорова Т.В. Особенности памяти и мышления младших школьников, отстающих в развитии. - М., 1973.
6.Лубовскпй В.И. Развитие словесной регуляции действий у детей. - М., 1978.
7.Марковская И.Ф. Задержка психического развития. Клиническая и нейропсихологическая диагностика. - м., 1993
8.Обучение детей с задержкой психического развития (Под ред. В.И. Лубовского. - Смоленск, 1994.)