АНА ТІЛІМ АРДА?ТЫМ! 12 топ


Тақырыбы: «Ана тілім-ардақтым»
Мақсаты: Балаларға Отанымыз жайлы,Тәуелсіздік туралы қарапайым ұғым бере отырып, ана тілі туралы білімдерін қалыптастыру. Туған жер, туған ел туралы ой-өрісін дамыту. Өз халқын ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Туған жер туралы плакаттар
Оқу қызметінің
кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың
қызметі
Мотивациялық қозғаушы Армысың, шуақты күн!
Армысың көгілдір аспан!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, достарым
Сендерді көрсем қуанам! Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену ұйымдастырушы
Қасиетті ана тіл, аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес, тозбас елім.
Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали атты өлең жазбас еді.
- Балалар бүгін бізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі мейрамы. Біз көп ұлтты мемлекетпіз, сондықтан барлық ұлт біздің ана тілімізді біліп, түсініп үйренуі керек .
- Балалар, тіл туралы мақал- мәтелдер тыңдандар
1.Тілден айырылу – ұлттан айырылу.
2.Ана- тілің қазынаң .
3. Қызыл тілдің қадірін, тоқтағанда білерсің.
4. Тіл қылыштан өткір.
-Балалар сендер тіл, туған жер туралы тақпақтар білесіңдер ме?










Тамаша, рахмет балалар, осылай туған тілімізді құрметтеп жүрейік.
Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Туған елім - тірегім» атты кітабында тіл туралы былай делінген:
1.Ана- тілі- бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы.
2.Ана –тлілін қадірлеу- әр азаматтың перзенттік парызы.
3.Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады.
Ән: «Туған жер»


Ана-тілі асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілдіжаттап өскен баламын- дей отырып, біздің Отанымыздың, туған жеріміздің болашағы сендерсіңдер.
Сондықтан ана-тілімізді құрметтеп, сүйе білейік, ұмытпайық. Балалар өлеңді тыңдайды.








Мақалдарды тыңдап, өз ойларын айтады.

Аяулым:
Ана –тілім-елдігім,
Ана- тілім-ерлігім.
Ана-тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Ислам:
Ана тілін- ата анаң
Қуат алар Отан одан да
Дүниенің бар асылы,
Тең келмейді ешбір оған.






Балалар әнді көңілді орындап, шырқайды.
Рефлексті коррекциялаушы Балалар не туралы түсіндіңдер?
Ана-тіл дегенді қалай түсіндіңдер?
Оқу қызметіне барлығың белсенді қатыстындар. Балаларды мақтау.
Рахмет, балалар. Балалардың жауаптары.
Балалар қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар ана-тілі туралы түсінік алады, өй- өрісі артады.
Болуы керек: өлең –тақпақтар айтады, олардың мәнін түсіну.
Баланың қолынан келуі: Ана тілін құрметтеуді.