?теш пен тоты слайд


Тәрбиеші: Қасымханова Айнур «Құралай» ясли бақшасы -Досым,мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы,-деп, қиыла жалыныпты Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады. -Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағыда шақыр,дауысыңды естейін,-дейді. Сөйтіп, тоты құс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды. Содан күні бүгінге дейін әтеш тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен.