Конспект по математике: Квадрат те?деуге келтірілген те?деулер


Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Сынып: 8 «А»
Мерзімі:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бұл тақырыпты игере отырып,биквадрат теңдеу ұғымымен, квадрат теңдеуге келтірілген басқа теңдеулер түрімен таныстыру
Дамытушылық: Биквадрат теңдеулерді шешу алгоритмін білу
Тәрбиелік: Өз өмірі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын таныту
Сабақтың түрі: Теория,практика
Әдіс-тәсіл, құралдары:
Өзекті мәселе: күрделі сөйлеммен ой жеткізу қабылетін өзектендіру
Сабақтың барысы:
І Мотивациялық кезең
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың үй жұмыстарын тексеру.
ІІ Үй жұмысын тексеру
№184(қолданған қысқаша көбейту формулаларын сұрау)
№185 шығару алгоритмін және шешімдері ауызша сұрау
ІІ Мағынаны ашу:
теория ах4+вх2+с=0, мұндағы а≠0 түрінде берілген теңдеу биквадрат теңдеу деп аталады.
Мысалы: х4+8х2-9=0 теңдеуін шешейік х2=у у2+8у-9=0 дискриминантын тауып, түбірлерін іздейміз у=-9 у=1 шыққан түбірді х2=у апарып қоямыз, х2=-9 теңдеуінің түбірі болмайды х2=1 теңдеуінен х=-1 х=1 екі түбірі шығады
Теңдеулерді шешудің мұндай әдісі жаңа айнымалы еңгізу әдісі деп аталады.
Теңдеулерді шешудің жаңа айнымалы еңгізу әдісімен шешу алгоритм құру (оқушылармен біріге отырып)
Теңдеудегі қандайда бір өрнекті жаңа айнымалы арқылы белгілейміз
Берілген теңдеудегі өрнектің орнына жаңа айнымалыны енгізіп, жаңа айнымалыға байланысты квадрат теңдеу аламыз
Шыққан квадрат теңдеуді шешеміз
Алмастыру арқылы алғашқы айнымалының мәнін табамыз
Табылған түбірлерге тексеру жүргізіп, берілген теңдеудің түбірлерін аықтаймыз
Тақтамен жұмыс мысалды біріге отырып талдаух2+2х-6х2+2х=-5ІІІ Бекіту кезеңі:
№190 №193 тақтада жұмыс №189 №194 өздігімен жұмыс №192 №195 жұппен жұмыс
Рефлексия:
1)Жаңа айнымалыны енгізу әдісін қарастырудың қандай қажеті бар?
2) Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулердің түбірлеріне неліктен тексеру жүргізу керек?
Үй жұмысы: №191
Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне байланысбы бағалау.