С?йікті ойыншы?тар к?ркем ?дебиет (балаба?ша)


№2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы КММ-сі
-269684553340
Тақырыбы:«Сүйікті ойыншықтар»
Тобы:«Еркемай» II-сәбилер
Тәрбиеші: Есекеева Камшат
Жаңбырбекқызы
Қызылорда
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»
Мақсаты: «Сүйікті ойыншықтар» туралы әңгімелеу
Білімділік: Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын,түсін және қандай заттан жасалғанын,жекеше, көпше атауларын білуге үйрету
Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып,дұрыс сөйлей
білуге баулу, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Ойыншықтармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі ойыншықтар және ойыншықтардың суреті
Билингвалдық компонент: ойыншықтар-игрушки,доп-мяч,
қуыршақ-кукла
Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Қолданылған технология: «тәй-тәй» , АКТ технологиясы
Кіріктілілген оқу іс-әрекеті: қоршаған орта, сурет, құрастыру.
Әрекет
кезеңдері Педогогтың іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивиациялық
Қозғаушылық
Ұйымдастыру-шылық
Ізденісті Шаттық шеңбер
Балалар қонақтарға сәлем берейік.
-Армысың жарқыраған кун!
-Армысың Жер Ана!
-Армысың көгілдір аспан!
-Армысыз апайлар!
Балалар бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын, жылдың қай мезгілі екеніне тоқталып өтейік.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Ауа-райы қандай?
-Күз мезгілінде не жауады?
-Жапырақтың түсі қандай?
Ал балалар бүгін бізде сөйлеуді дамыту, ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы
«Сүйікті ойыншықтар»
-Балалар мен сендерге бір өлең оқып берейін, сендер сол өлең не жайлы екенін айтып беріңдерші.
Біздерде бар қуырщақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар да тыңдайды.
Ақыл айтсақ бұйырсақ.
-Өлең не жайлы екен?
-Қандай ойыншықтар?
-Сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
Олай болса мен сендерге ойын-шықтардың қалай жасалатыны туралы айтып берейін.
-Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
-Жұмсақ,қатты пластмассадан, матадан және ағаштан, резинадан жасалады. -Балалар өлең жолдарын қайталады
-Күз мезгілі
-Үш ай бар
-Күн салқын
-Жаңбыр жауады
-Сары болады
-ойыншықтар жайлы
-қуыршақ,бұзау,қозы, құлыншақ
-ия
Ғажайып сәт.
Есік қағылады, қонаққа сиқыршы келеді.
Қолында сиқырлы таяғы және қорап
шасы бар.
-Сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші:сіз кімсіз?
-мен сиқыршымын
-сенің қолыңдағы не?
-сиқырлы сандық.
-онда не бар?
-не бар екенін өздерің шешіп көріңдер,ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Аяғы бар жұрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
-Жарайсыңдар балалар!
-олай болса көздеріңді жұмыңдар?
-сиқыршы: алақай,алақай!
Суф,суф
-енді көзімізді ашайық.
-Балалар көп ойыншықтар екен.
-Шынында да қараңдаршы біз көп ойыншықтарға тап болған сияқтымыз.
-Мынау не балалар?
-Машина қандай матадан жасалған?
-Ал қоян неден жасалған?
\-Дұрыс айтасыңдар!
-Қуыршағымыз неден жасалған?
-Қуыршық туралы әңгіме құрайықшы.
-Қуыршықпен кімдер ойнайды?
-Қуыршақтың шашы қандай?
-Шашының түсі қандай?
-Көйлегі қандай?
-Қуыршықтың көйлегін шешіп,шашын жұлып тастасақ сендерге ұнайдыма?
-Мынау не?
-Доп туралы не айтасыңдар.
-Түсі қандай?
-Ойыншықтарды досымызбен бөлісіп таласпай ойнайық.Ойыншығымызды шашпай, сындырмай ұқыпты ұстап,ойнап болған соң лақтырып тастап кетпей,жинап қойып үйренейік.
-Олай болса белсенділік орталығында жұмысымызды жалғастырайық.
Текше тартамыз.
«Қатынас»білім беру саласы.
Әдебиет орталығы
«Қызыл телпекті қыз» ертегіні конус театры арқылы көрсету.
Мақсаты:ойлау қабілетін,сөздік
қорын дамыту.
«Шығармашылық»білім беру саласы
Өнер орталығы
Доптың суретін гуащьпен қылқалам арқылы бояту.
Мақсаты:түсті ажыратып,ұқыпты таза бояуға үйрету.
«Таным»білім беру саласы
Зерттеу орталығы
Қуыршақты зерттеу.
Мақсаты:Балаларға қуыршақты қандай матадан жасалтынын көрсету
Үстел-үсті ойын орталығы.
Картон пазылдан ойыншықтарды құрастыру.
Мақсаты:Балалардың логикалық ойлау қабілетін дпмыту.
«Әлеуметтік» білім беру саласы
Желілі-рольді ойын орталығы
«Ойыншықтар»дүкені ойынын ойнату.
Мақсаты: Балаларды мамандыққа баулу, ынталандыру,сыпайы сөйлеуге үйрету.
Ойын шарты: балалардың ішінен бірі сатушы, қалғаны сатып алушы.
«Құм мен су»орталығы
Балаларға құмнан ойыншықтар бейнесін жасату.
Мақсаты: ұқыпты таза жұмыс жасату Белгі арқылы алаңға жинау.
Сергіту сәті
Шеңберді біз құрайық
Алақанды соғайық
Бір отырып,бір тұрып
Аяқты топ-топ басайық
Ұзын құлақ,сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Балалардың 2-ауысымы
-Балалар күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатыны туралы білдік пе?
-Мына ойыншықтарымыздың барлығы үлкен ағаларымыздың еңбегінің арқасында жасалады екен.
-Сиқыршы:
-Сендер сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіңдерме?
-Кім айтады?

-Жарайсыңдар!
-Сендер бәрін біледі екенсіңдер.
Сиқыршы:
-ал мен сендермен қоштасқым келіп тұр.
-Білімдерің шыңдала берсін!
-Сау болыңдар!-Ойыншығымызды ұқыпты ұстап үйренйік.Бүгінгі оқу іс-әрекеті
сендерге ұнады ма?
Балалардың орталықта не жұмыс жасағаны тұралы сұрау.
-Балалар өнер орталығында ненің суретін боядыңдар?
-Зерттеу орталығында қандай жұмыс жасадық?
-әдебиет орталығында қандай ертегімен таныс болдыңдар?
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық
Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетімізді осымен аяқтайық.
-Балалар енді бізде қонақтармен қоштасайық
-Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білді:балалар әртүрлі ойыншықтарға сипаттама бере алды
Игерді:ойыншықтарды ұқыпты,күтіп ұстау керектігін.
Меңгерді:дыбыстарды дұрыс айту дағдысын. -ол қуыршақ
-машина
-қатты пластмассадан
-жұмсақ матадан
-пластмассадан
-қыздар ойнайды
-шашы ұзын
-түсі қара
-ұзын,әдемі
-жоқ, ұнамайды
-ол доп
-Түсі көк
Балалар ертегіні мұқият тыңдады,қойылған сұрақтарға жауап берді.
-доптың суретін бояды
-қуыршақтың жасалу жолы-мен танысты.
Балалар ойынға қызығушылық-пен қанысты
Балалар құмнан ойыншық бейнесін жасады
Қимыл-қозғалыс арқылы жасады
Інжу:
Іші толған бөлменің
Ойыншығым мол менің
Босқа тізіп қоймайық
Келе ғой,дос ойнайық
-балалар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап айтты.
Сау болыңыздар!