Урок по предмету музыки С?йікті ойыншы?тар мен ойындар 1 класс


Сынып: 1
Пән: музыка
Күні: 13. 10. 2015
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар мен ойындар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:ән-күйлерді тыңдау, қабылдау, есте сақтау және музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету, бейнелі қиылдарды бере білуге талпындыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, өз елін, жерін, Отанын сүюге, оны қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, патриоттық сезімдерін ояту, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: түрлі қатты, жұмсақ ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, саббаққа даярлықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
«Ойыншықтар дүкеніндегі» ойыншықты сатып алуға арналған түбірек(онда жұмбақ, тақпақ, өлең, ойыншықтың сипаты, т.б. жазылған); әр ойыншықты қайда, неден, қалай, кім жасайтыны; ойыншықтардың зиянды түрі болатыны туралы түсінік беремін. Ойыншықпен ұқыпты ойнау, оны сақтау туралы әңгімелеймін.
Жаңылтпаш: Жуын, жуын, жуынсақ,
Таза болар қуыршақ.
Іс-әрекет кезеңі:
Қуыршақпен ойнаймыз
Тыныш, тыныш, балалар,
Қуыршағым Ақмарал
Ұйықтап жатыр дамылдап,
Әнді айтайық ыңылдап:
Әлди, әлди, әлди-ай!
Уақыт болды тұратын,
Ойын-сауық құратын.
Би билейді Ақмарал,
Қол соғыңдар, балалар
Ал, ал, ала, ал!
Е. Өтетілеуұлы
Жұмбақ:
Асты, ұйқыны білмейтін,
Жүгірмейтін, жүрмейтін,
Мұндай бала көрсемші,
Жыламайтын, күлмейтін. Бұл не?
Ұшып-қонып тынбайды,
Қанша соқсаң, сынбайды,
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды. Бұл не?
Ән тыңдау. «Ойыншық». Ғ. Жұбанова.
Ән айту. «Ойыншықтар». И. Нүсіпбаев.
Сендерде өандай ойыншықтар бар?
Олардың есімі бар ма?
Сендер олармен қалай ойнайсыңдар?
Ән қандай көңіл күйде жазылған?
Ойыншықтармен доссыңдар ма?
Ойыншықтар түрлі-түрлі болады. Олармен қалай болса ойнасаңдар, сендерге ренжіп қалады. Орынсыз сындырып, әр жерге лақтыруға болмайды. Ойнап болып орнына қайтадан жинап қойсаңдар, олар сендерге риза болады.
Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып, демді үнемдеп алып, жайлап шығарайық. Ән көңілді, ойнақы орындалады.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қуыршақпен билейміз». Н. Лысенко.
Қолға қуыршақты алып, музыка әуенімен түрлі қимыдар жасау. Музыка әуеніне өзі ғана емес, қуыршақты да ілестіріп, бірге нақты қимылдар жасау.
Психологиялық жаттығу. «Неше дыбыс?»
Музыкалық-дидактикалық ойын: «Ән салған кім?»
Музыканы тыңдай отырып, дауысына қарай ажырату. Балалардың ұқыптылығын, музыкалық есту қабілетін арттыру.
ІІІ. Сабақты бекіту:
Доп, доп,
Қызыл, жасыл, көк.
Доп, доп,
Бұдан жүйрік жоқ.
Домалақ демей-ақ,
Обал-ақ!
Қимылдап қол-аяқ, оны біз
Ұрамыз, соғамыз, қуамыз,
Қағамыз, ойынға біз қанамыз.
ІҮ. Қорытынды:
Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай музыка тыңдадық?
Не туралы?
Қуыршақтың қандай қимылы естеріңде қалды?
Әнді кім, не туралы айттық?
Сендерге іс-әрекет ұнады ма?
Ү. Мадақтау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға көрнекіліктер таратып, оларды мадақтау.