Д?ниетану п?нінен 1сынып?а арнал?ан ??старды? жаз?ы тіршілігіашы? саба? жоспары


Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Lesson Study бойынша үшінші сабақ:
Құстардың жазғы тіршілігі
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 1б
Бастауыш сынып мұғалімі: Ногайбаева Г.Б.
2015-2016 оқу жылы
Дүниетану 1 сынып
Мерзімі: 25.02.2016жСабақтың тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігіМақсаты: Барлық тыныс - тіршіліктің қызған кезі жаз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін білу.Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ойлауын, тілін дамыту.Құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал, ырым - тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.
Күтілетін нәтиже: Құстар туралы білімдерін кеңейтіп, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін біледі.Оқушылардың таным белсенділігін арттады, ойлауын, тілін дамытады.Құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға үйренеді.Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, топтастыру.Көрнекілігі: Бүктеме, слайдтар. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі Слайд-2Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Ғажайып сәлемдесу.Мұғалім: Оқушылар:
Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,
Ақпейілді тілікпен, Кішіге де сіз.
Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге
Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз
II. Үй тапсырмасы Слайд-31. Оқушылар үйге берілген «Аңдардың жазғы тіршілігі»мәтінін тізбектей оқып,
мазмұнын баяндайды. Әр топтан бір оқушы айтады.
2. Топтық тапсырма.Эвристикалық әдіс. «Кейіпінде болу»
Аюдың кейпінде бол. Түлкінің кейпінде бол. Қоянның кейпінде бол.
3.Үй тапсырмасын мына сызбамен бекіту.
Сәйкестендір.
«Аңды баласымен сәйкестендір?» Жеке орындайды.
Қоян бұзауқа
Бұғы лақ
Қасқыр көжек
Елік бөлтірік
Арқар мәулен
Барыс қозықа
Сұрақ жауап алу. «Қарлы кесек» әдісі
Аңдардың қысқы тіршілігі мен көктемгі тіршілігін салыстыру.
Жаз мезгіліндегі жабайы аңдар мен мал тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Айырмашылығы не?
ІІІ.Жаңа білімді игеру.
Слайд-4, 5Жұмбақ шештіру.
Көкте ұшады тізіліп, Біз қараймыз қызығып. (құстар) Бүгінгі сабақта құстардың жазғы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.
 Құстар - пайдалы, адамға дос, бау - бақша, ағаштарды қорғайды, ән салады, сән береді, егінге пайдалы, зиянды құрттарды жояды.
Слайд-5, 6 ,7,8 Топтастыру. Үй құстары және дала құстары туралы айту, білімдерін еске түсіру.Үй құстары және дала құстары
Оқулықпен жұмыс. Слайд-10
(іштей оқыту, мәтінді тізбектей оқу түсіндіру, талдау)
Сөздік жұмысы. Слайд-11
Өргізеді-
қоректенеді-
қауырсызданып –
Дәптермен жұмыс.
Слайд-12. Сергіту сәті. «Ұшты, ұшты» ойыны. Қарға, арба,көбелек, дөңгелек, үкі,түлкі. Жеңілген оқушыға сұрақ.
1. Ең кішкентай құс қайсы?
2. Әнші құс деп қай құсты айтамыз? (Бұлбұл).
3. Сөйлейтін қандай құс? (Тотықұс) .
4. Орман дәрігері қай құс?
5. Бейбітшілік құсын білесің бе?
Слайд-13. Тыңдалым. Құстардың даусын ажырата білейік. \видеоролик көрсету\
Слайд-14. Құстардың қандай пайдасы бар?
Слайд-15,16 ҚҰСТАРМЕН ТАНЫСТЫРУ
Слайд-17- 22 «Қызықты мәліметтер»
Слайд-23 «Халық болжамдары» - табиғат қорғау дәстүрінің бірі. Оны бекерге айтпаған, тыйым сөздерді де түсіндіріп отырған.- Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. - Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады.
Слайд-24 Эвристикалық әдіс. «Егер де менде қанат болса ... »
Слайд-25 Шығармашылық тапсырма:Ұйқасқа өлең құрау.
... алмайық, ... бұзбайық. ... атпайық, ... қорғайық.
.
І V Бекіту кезеңі: «Балапанға көмектес» 4 тапсырма орындау- Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?Ұқсастық пен даралық Құстар:Жабайы құстар - өздігінен тіршілік етеді, табиғат сәні, орман емшісі.Үй құстары - қолда бағылады, жұмыртқасын, мамығы пайдаланамыз.
VІ. Балаларды бағалауVІІ. Үйге тапсырма: Құстардың жазғы тіршілігі108 бет, оқу, мазмұндау.
Құстар туралы қызықты мәлімет тауып әкелу.
Шарлап келіп даланы,Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)Су бетін сызып,Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)Кеудесі қайқаңдап,Жүреді байпаңдап. (Қаз).Тақылдатып мазаны ап,Ағаштарды тазалап,Ормандарды емдейді,Зиянкесті тазалап. (Тоқылдақ)
ЖАЛПЫ ҚҰСТАР— көңілдене сайраса — келер күн ашық;— үндері тынса, күн күркірейді;— жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;— жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;— жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;— күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;— қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.