«Т?уелсіз елім-?аза?стан» (ерте?гілік сценариі)


Н.К.Есимканова «Еркетай» балабақшасының тәрбиешісі. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.
«Тәуелсіз елім-Қазақстан» ертеңгілік сценариіМақсаты : 1. Білімділігі: ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорларын молайту. 2. Дамытушылығы: ән, тақпақтар арқылы балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. 3. Тәрбиелігі: Отанды сүюге және ерлікке баулу. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Астана суреті, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, жалаушалар. 2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. Әдіс-тәсілдер: ҚР туралы әңгімелеу, сұрақ-жауап, мақал-мәтел, тақпақтар айту.Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстан” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! Балалар залға кіреді.
Әнұранмен ашу Отанымыз жүректе, Оған ұлан шын сай біз, Қолды қойып жүрекке, Әнұранды шырқаймыз.
Әнұран айтылады.
Хормен: Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Мерекелі осы күн!
Сәлеметсің бе Алтын күн! Сәлеметсің бе Жер ана! Сәлеметсің бе көк аспан! Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Жүргізуші: Сұрақ- жауап.
-Біз кай елде тұрамыз?
-Қазақстан  Республикасында  тұрамыз.
-Қазақстанның  Елордасы  қай қала?
-Елордамыз –Астана.
-Елбасымыз кім?
-Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы  Назарбаев.
-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Тәрбиеші сөзі: Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Бас алаңда ел жосқан, Жастар қаны жуған түн. 16 желтоқсан- Тәуелсіздік туған күн! -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбиеші: Балалар Отан туралы өлең оқып береді
1.Отан жерім, Отан-суым Отан -қуат,нәр береді. Отан-ұран,Отан- туым Отан мәңгі гүлденеді
2. Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. Отан-өлкең, астанаң, Отан –аудан, ауылың.
3.Отан-тарих,Отан-тіл, Жасаған елің, ер халқың, Отан-өлең, Отан-жыр , Көтерген көкке ел даңқын
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
1.Он алтыншы желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын.
2.Мерекеге шығады Бүкіл халық , біліп қой Отандастар ұғады Тәуелсіздік ұлы той.
3.Он алтыншы желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн. Халық үшін Елбасы, Әскер үшін қолбасы Би: «Қара жорға» Балалар! Кім Отан туралы мақал-мәтелдер айтып береді?
1.Отан оттан да ыстық, 2.Отан үшін отқа түс, күймейсің, 3.Өзге елде султан болғанша, Өз елінде ұлтан бол, 4.Туған жердің жуасы да тәтті
Хормен «Астана-Байтерек» әнін орындайды
Тәрбиеші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты қонақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Сау болыңыздар!