?мж.Санны? формуласын пайдаланып есептер шы?ару


Санның формуласын қолданып есептер шығару1. Құрамында а жүздік, в ондық және с бірлігі бар үш таңбалы санды авс түрінде жазады. Бұл санды мынадай түрде де жазуға болады:
авс=а۰100+в۰10+с
Мысалы.
845=100۰8+10۰4+5
екі таңбалы сан ав= а۰10+в
2 . Санның формуласын қолданып шығарылатын есептердің үлгісі:
а) белгілеулер енгізіледі:
х- ондықтар цифры
у- бірліктер цифры
б) ізделінді екі таңбалы сан - 10х+ у
в) теңдеулер жүйесін құру

3.Есеп. Екі таңбалы сан цифрларының қосындысынан 4 есе үлкен.Осы санға цифрларының көбейтіндісін қоссақ 32 болады.Осы таңбалы санды табыңдар.
Шешуі: х –ондықтар цифры у –бірліктер цифры
Ізделінді сан- 10х+у
10х+у =4(х+у) => 6х=3у => у=2х
10х+у+ху=32 10х+у+ху=32 10х+2х+ 2х²=32
х²+6х-16=0 х²+8х - 2х -16=0
(х+8) (х-2) =0 х= - 8 х= 2
Жауабы: 24
4. авс=а۰100+в۰10+с түріндегі үш таңбалы санды көпмүше түрінде авс=а۰10 ² +в۰10+с жазып,шыққан қосынды мен айырманы ықшамдаңдар:
авс-асв= (100а+10в+с)-(100а+10с+в)=
9в-9с=9(в-с)
_