Конспект на тему М?тінді есептерді те?деуді? к?мегімен шы?ару


Сабақ №35 пәні: математика Сынып: 5 «а» Күні: _________
Сабақтың тақырыбы:Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару.
Сабақтың мақсаты: Теңдеуді құра және шешімін таба білуге үйрету. Сабақтың міндеттері:
1. Мәтіннің шартына қарай теңдеуді құра біледі.
2. Теңдеудің шешімін таба біледі.
3.Сыныпта оқушылар өз ойларын еркін айта біледі.
Күтілетін нәтиже:
1. Теңдеуді құра біледі.
2. Теңдеудің түбірін табуда тиімді тәсілдерді қолдана біледі.
3.Өз ойларын ортаға сала біледі,еркін айта біледі.
Дереккөздері:Алдамұратова Т.А.,Байшоланов Е.С.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері:диалогтік оқыту, «Джиксо»,топтық жұмыс.
Бағалау критерийлері:
1.Сыныптағы белсенділігі,талқыға түскені 1-2балл
2.Теңдеуді құрады және түбірін таба білуі 1-2балл.
3.Тиімді тәсілдерді қолданып,ойын айта білуі 1-2балл.
1-3 балл «3» 4-5балл «4» 6 балл «5»
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:үлестірмелі тапсырмалар, ауызша тапсырмалар, А1 форматты қағаз.
Сабақтың барысы:1) ұйымдастыру .
1)Үй тапсырмасын тексеру№420.
Бірінші күні х+170
Екінші күні х
Үшінші күні х-120
Шешуі:х+170+х+х-120=1400
3х=1400-170+120
3х=1350
х=450. Жауабы: 450кг.
Сабақтың барысыМұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Қызығу-шылықты ояту.
Білу. Оқушыларды топқа бөлу.
1-тапсырма.
Ойлаған санды 6 есе арттырып,нәтижесінен 42-ні алғанда 126 саны шықты.Қандай сан ойлаған?
Шешуі:6х-42=126 х=28
6х=126+42 Жауабы:28 саны.
х=168:6
Оқушылар осы сұрақ-тарға жауап іздейді.
ІІ.Мағына-ны тану. Түсіну. №423
.Бақтағы жидектің барлығы 37 түп.Ондағы қарлыған қарақаттан 3 түп артық,ал таңқурайдан 2 есе кем.Бақтағы қарлыған неше түп?Қарақат неше түп?Таң-қурай неше түп?
Шешуі:қарақат---х; қарлыған---х+3;таңқурай---2(х+3)
х+х+3+2(х+3)=37
4х=37-3-6
4х=28
х=7 Жауабы:10түп қарлыған,7 түп қарақат, 20 түп таңқурай. Әр топ өздерінің тапсырма-ларын орындайды.
Қолдану. Кітаппен жұмыс.
№424.
Шешуі:
қозылар х
тауық 3х
4х+2·3х=40 4·3=12
10х=40
х=4 Жауабы:Қозылар 4,тауықтар 12.
№1.Автобуста бірнеше адам болды.Автобусқа бірінші аялдамада 12 адам отырып,екінші аялдамада 9 адам түсті.Автобуста барлығы 23 адам қалды.Автобуста алғашқыда неше адам болған?
Шешуі:
(х+12)-9=23
х=23+9-12
х=20 Жауабы:Бастапқыда 20 адам болған.
№416.Мектеп жанындағы шаруашылықтан оқушылар екі күнде 1260 кг картоп жинады.Оқушылардың екінші күнгі жинағаны бірінші күнгіден 2 есе артық еді.Оқушылар бірінші күні неше килограмм картоп жинады?
Шешуі:х+2х=1260
х=420 Жауабы:420 кг картоп жинады.
№2.Самат бір сан ойлады.Егер оны 37-ге бөліп,шыққан бөліндіден 5-ті азайтса,айырма 7-ге тең болады.Самат қандай сан ойлады?
Шешуі: х:37-5=7
х=444. Жауабы:444 санын ойлаған.
Жинақтау. Ауызша тапсырмалар.
Үй жұмысы:№440.
Кері байланыс.
1.Сабақ түсінікті болды ма?
2.Сабақтан не үйрендің? Баға беру. бағалау критерийлері арқылы оқушыларды бағалау. Топ басшы-лары өз тобындағы оқушыларға баға қояды.