Те?деуді? к?мегімен м?тінді есептер шы?ару


«Куропаткино орта мектебі» КММ
Ашық сабақ«Теңдеудің көмегімен мәтінді есептер шығару»
6 «А»
(математика)
Пән мұғалімі: Қожахметов А. С.
Сабақ жоспары
Сабақ №113
Сынып: 6
Пән:математика
Мерзімі:28.01.16Сабақтың тақырыбы: теңдеудің көмегімен мәтінді есептер шығару.Сабақтың мақсаты:Білімділік: мәтінді есептерді талдай отырып, теңдеудің көмегімен оларды шығару.Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып есептер шығару.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интератиктивті тақта, презентацияСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушыларды түгендеу.ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
б) оқушыларды үш топқа бөлу.
II. Үйге берілген есептерінің шығарылуын тексеру:дәптер жинау тарату.III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімдерін тексеру (слайд):
Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дейміз?
Теңдеуді қалай шешеміз?
Қандай теңдеулерді мәндес теңдеулер дейміз?
Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар дейміз?
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру дегеніміз не?
Теріс рационал сандарды қалай қосамыз?
Рационал сандарды қалай азайтамыз?
Рационал сандарды қалай көбейтеміз?
Рационал сандарды қалай бөлеміз?
Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын қалай табамыз?
IV. Есеп шығару кезеңі (слайд): №882, 883, 884, 885, 886, 892, 893.


V. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.1) Үйге №887, 888VI. Сабақты қорытындылау.