?ош бол, даярлы?! ерте?гілігі


Тақырыбы: "Қош бол, даярлық!"
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой - өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, шарлар, гүлдер.
Қатысушылар: ата - аналар, қонақтар, мұғалімдер, балалар.
Музыка әуені ойналады. Балалар топқа мұғаліммен бірге кіреді.
Мұғалім:
Құрметті қонақтар армысыздар!
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманыңАл, бүлдіршіндер ақ жол тілеп, сөз бастағын- Міне балалар сендер бір белестен аттап өтіп, мектеп деген үлкен теңізге сапар шеккелі отырсыңдар. Бүгінгі мерекемізге ата - аналар, қонақтар, ұстаздар келіп отыр.
- Құрметті бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі мерекеміз мектепке дейінгі дайындық топ балаларын мектепке шығарып салу мерекесіне арналады. Алдарыңызда тұрған балалар осыдан бір жыл бұрын кішкентай ғана бүлдіршін балдырғандар еді. Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Балаларға "Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын", дей отырып "Қош бол, даярлық!" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім:
Бала деген шіркін - ай балдай екенТәттілігі жаямен жалдай екенАрып, ашып даладан келгеніңдеБал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
Оқушы:
Көз салып қараңызшы бойымызғаОртақ боп бүгінгі өскен ойымызғаҚош келіпсіз ұстаздар, ата - аналарБақшаменен қоштасу тойымызға.
Оқушы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналарЖүздерінен мейіріммен нұр толарАлдарыңда жауқазындай құлпырғанБіз алаңсыз балғын шақты балалар.
Оқушы:
Талай - талай баспалдақты аттармыз,
Ата - ананың үмітін де ақтармызТәрбиеші сізден алған ақылдыЕсімізде өмір бойы сақтармыз.
Оқушы:
Қуанамыз, сыйлаймызҚуаныштың мың гүлінБақшамызды қимай бізҚоштасатын күн бүгін.
Оқушы:
Өсіп ой мен санамызӨмірге жол саламызБілім қуған баламызБіз оқушы боламыз.
Оқушы:
Мектепке енді барамызҮлгілі оқушы боламызЖақсы оқып сабақтыКілең бестік аламыз.
Оқушы:
Қолыма гүл аламынДайын дәптер қаламымТаңқалдырып достарымдыМен мектепке барамын.
Оқушы:
Мәпелеген анамызБақша болды панамызМектепке енді барамызОқып білім аламыз.
Оқушы:
Баулып, баптап өсіргенБұзықтық етсек кешіргенҰмытпаймыз өзіңдіҰмытпаймыз сөзіңді.
Оқушы:
Құшағында жарқылдапӨтті сәби күндерімБи биледім, ән тыңдапАландауды білмедім.
Оқушы:
Жүзімізге қараңызБал күлкілі баламызБізге қымбат күншуақКөкке қанат қағамыз.
Оқушы:
Дайындық, дайындық
Шаңырағы шаттықтыңДайындық қорғанышыБалғын сәби жастықтыңҚуанамыз сыйлаймызҚуаныштың мың гүлінДайындықпен қимай бізҚоштасатын күн бүгінОқушы:
Ботақаным бөбек депЕркелеткен ұл қызынАнамызды ерекшеҚуантатын күн бүгінӨсті міне бойымызҚуанышқа ортақпызҚұтты болсын тойымыз.
Оқушы:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Оқушы:
Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.
Ән: "Балдырған"
(есік жақтан жылаған дауыс шығады) «Мен бәрібір мектепке барамын»
Күтушілермен патша шығадыПатша: Ой, ой, ой не істесем екен? Барлық патшалықты аяғынан тұрғызды...
Күтуші аналар: Отырыңыз патшам, демалыңыз!
Патша: Оқығысы келеді оның! Жоқ дедім! Демек жоқ! Оқу – бұл патшалықтың ісі емес!
(жылаған дыбыс естіледі)
Патша: Ақ саусағынан ұстап аққуымды әкеліңдер!
Күтуші аналар: Қазір бір минут патшам!
Патша: Мектепке жібермеймін! Осыны біл!
Ханшайым: Мектепте жақсы, онда бестік алады дейді ғой!
Патша: Жарайды, біз саған қанша бестік керек, сонша әкеліп берейік. Күтуші аналар әкеліңдер бестікті!
(күтуші аналар 2лік әкеледі)
Ханшайым: Сіздер не әкелдіңіздер! Бұл деген екілік емес пе? Жылайды...
Патша: Ой біз әбден құрыдық!
Мұғалім: Қапаланбаңыз патшам! Біз сізге көмектесеміз. Бізде «5-ті қағып ал деген» өте қызық ойын бар! Қазір біздің балалардың бесті қалай қағып алғанын қараңыз.
(Ханшайым қағып алады, қуанады.)
Ханшайым: Ура! Мектепке барғым келеді!
Патша: Не істейсің мектепке барып?
Ханшайым: Мен ештеме істей білмеймін онда мені билеуге үйретеді.
Мұғалім: Ханшайым қараңыз, біздің балалар қалай билейді.
Би: «Қамажай»
Патша: Айналайын сен осыны да білмеймісің? Сен бұдан да күшті билейсің. Күтуші аналар әуенді қосыңдар!
(Ханшайым жылайды) Мектепте мені өлең айтуға да, би билеуге де үйретер еді.
Мұғалім: Ханшайым біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!
Би: "Кризи фрог"
Ханшайым: ЖылайдыКүтуші аналар:
- Балмұздақ жегің келіп тұр ма?
- Жоқ.
- Әлде тоқаш жейсің бе?
- Жоқ.
- Марс немесе сникерс?
- Жегім келмейді. Менің мектепке барғым келеді.
Патша: Мектепке бару үшін ерте тұру керек.
Мұғалім: Ханшайымды қорқытпаңдар. Мектепте бәрін үйретеді. Тапсырмаларды орындау тіпті қиын емес. Аздап ойлансаң жауабы дайын.
Тапсырмалар:
- 4 баланың неше құлағы бар?
- 5 әтеште неше құйрық бар?
- Көгалда 7 қоян отыр. Аңшы атқанда олар қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды?
- Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр. Неше мысық тығылған?
Ханшайым: Ура! Мен таптым мектепке барғым келеді.
(Музыкамен Білгішбек кіреді)
Білгішбек: Сәлем халайық! Сәлем патшам!
Патша: Сәлем, Білгішбек.
Білгішбек: Ханшайым неге жылап тұрсың?
Ханшайым: Мені мектепке жібермейді. Білгішбек сен мектепке барғың келеді ме?
Білгішбек: Әрине.
Ханшайым: Менің де барғым келеді.
Білгішбек: Жүр менімен.
Патша: Әй, Білгішбек, тоқта! Тағы не ойлап таптың? Ешқандай да мектеп жоқ.
Білгішбек: Онда барлығы дым білмес болады ғой.
Патша: Ал, менің қызыма оқу не үшін керек? Бізде сандық толы алтын бар, күміс бар.
Білгішбек: Ол ақшаны да санай алмайды ғой. Жаза да алмайды.
Патша: Иә, бұл да дұрыс. Мектеп алыс па?
Білгішбек: Жоқ. Жүріңдер мен сіздерге көрсетейін.
(Шығып кетеді)
Мұғалім: Біздің бүлдіршіндер өзге ұлт өкілдерінің билерін билеуді де үйренді.
Ортаға өзбек биімен: Мейрамбек пен Жанеркені шақырамыз.
Корей биі мен: Асатбек пен Ботакөзді шақырамыз.
Үнді биі мен: Дастан мен Айгерімді шақырамыз.
Мұғалім:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамғаМектеп деген даналардың мекені,
Слайд көрсету
Би: "Біздің жігіттер"
Ән: "Достар"
Би: "Флешмоб"
Мұғалім:
Абайда бүгін мереке,
Мектепке алғаш барады.
Барша жұртты қаратып,
Адамдар кетіп барады.
Бірақ, Абай жалғыз емес,
Соңында кім келеді?
Қараңдаршы, балалар поезд жүріп келеме?
Мұғалім: Абайдың артында асығып келе жатқан кім?
Мамасы: Мен мамасы боламын.
Мұғалім: Абайдың соңында кім жүгіріп келеді?
Папасы: Мен ғой, папасы.
Жүргізуші: Абайдың соңында кім ақсаңдап келеді?
Әжесі: Мен ғой, әжесі.
Жүргізуші: Кім бұрқылдап сүйретіліп келеді?
Атасы: Мен ғой атасы.
Жүргізуші: Айтыңдаршы, неліктен Абайға тіркесіп алдыңдар?
Немене Абай Паровоз ба, вагондарын сүйреп жүретін?
Мамасы: Көйлегінің ілгегін кім салады?
Папасы: Портфелін кім ұстап жүреді?
Әжесі: Қарны ашса, бауырсақты кім жегізеді?
Атасы: Бәтеңкесінің бауын кім байлап береді?
Балалар: ӨзіМамасы: Ол әлі кішкентай ғойПапасы: Ол әлі әлсіз ғойӘжесі: Ол әлі жүдеу ғойАтасы: Ол көп ауыра береді.
Мамасы: Менің кішкентай ғана баламды аяңдаршы.
Папасы: Мен әдейі жұмыстан сұрандым, портфелін көтеру үшін.
Әжесі: Немерем жүдеп кетеді – деп бауырсақ алып жүрмін.
Атасы: Жіберіңдерші мені бауын байлап берейін.
Мұғалім:
«Білім»- деген теңізде,
Желкенді ақ қайықтайАбай біздің қалқиды.
Абай біздің мектепке,
Дайындықпен барады.
Қорықпаңдар үлкендер,
Абай нық басып барады.
Шақырады асу арманға,
Аппақ асқар сағымдай.
Сол білімнің шыңында,
Толқындайық тынбайық.
Болашағы елімнің,
Ертеңі сен, ұл - қыздар.
Барлық бала бірге:
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош - сау бол!
Мұғалім: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!