С?улет ?нері мен ??рылысты? дамуы


Сабақтың тақырып: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сабақ мақсаты: Сәулет құрылыс жүйелері, діни құрылыстар мен сәулет өнері, моншалар туралы білім беру.
Міндеттері: -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой – өрісін арттыру,
- Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;
- Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;
- Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды диалогқа
түсуге, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сынып : 7
Мерзімі:
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Серпілген сауал», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Кубизм», «Түсіп қалған сөздерді жетекшілікке алып байланыс орнат»
«Конверт - сұрақ», «Тарихи хат», «Сипаттау»
Оқыту формасы: жеке, жұппен, топпен.
Көрнекілігі : компьютер, фотоппарат, видео, А-3 , тақырыпқа сай суреттер,маркелер, өшіргіш, қарындаш,
Сілтеме : 7 сынып орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы С. Жолдаспаев
Күтілетін нәтиже : - Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы туралы біледі.
Ойлау деңгейі Сабақтың барысы Уақыты Мұғалімнің
іс –әрекеті Оқушының
іс – әрекеті
Білу Ұйымдастыру кезеңі

СТОү
ТжДБО
ОБжК
4 м
Сыныпты қима суреттерді құрастыру арқылы екі топқа бөлдім.
(қызыл,жасыл, көк түстер арқылы топтарға бөлу)
«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын тексердім.
Жаңа тақырыпқа шығу үшін қима суреттер құрастырылды.

Оқушылар берілген суреттерді құрастырып екі топқа бөлініп отырады.
Сыныптасының атын атап допты лақтырады және сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы қойылған сұраққа жауап береді .Егер жауап бере аламаса сұрақты келесі оқушыға қайталап қояды.
1) Қандай өзендердің бойында қалалар көп орналасқан ? ( Арыс , Сырдария)
2) 10 – 12 ғ қалалардың құрылыс жүйесінде қандай өзгерістер болған ? ( мешіттер, шығыс моншасы пайда болды)
3)Қалаларда қандай шеберханалар пайда болды? ( қыш құмыра – ң махалласы)
4) Ташнау деген не ? ( канализацияның қарапайым түрі)
5) Көлемі 30 гектардан асатын қалаларды ата. ( Испиджаб, Отырар, Сауран)
6) Қалаларды неше топқа бөліп қарайды?
(3 топ )
«Қолпаштау» арқылы бағалайды.
Түсіну СТОү
ОмОЖТ
ОүБжОБ
ОЖЕСО
ТжДБО
ОБжК 15 м «Көршіңе әңгімелеп бер » әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
оқығаныңыз бойынша сұрақ қойыңыз, ойлануға бір-бірлеріңізге
1 минуттан уақыт беріңіздер;
· одан кейін жұбыңыздан өз ойларымен бөлісуді сұраңыз;
· жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршіңізге айтыңыздар.
Мен оқушыларға бағыт-бағдар бердім.
«Көршіңе әңгімелеп бер » әдістемесі
Оқушылар мәтінмен танысады.Оқиды, топпен, жұппен талдап, бір – бірлеріне сұрақтар қояды.
Оқушылар оқыған тақырыптарын постерге түсіріп, әр топтан скипер шығып қорғайды.
«Бағдаршам » арқылы бағалау
Талдау СТОү
ОүБжОБ
7 м Кубизм.
Сәулетті ірі құрылыстар нешінші ғасырдан салына бастады ? ( 10 – 11 ғ)
Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескеркіштер :
( Бабаджа – қатын,Айша – Бибі)
Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы. ( Арыстан баб)
Ғаныш деген не ? ( сары топырақ)
10 – 12 ғ .қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
( діни кешендер)
Қандай қалалардан моншалардың орны аршылған ?
( Отырар, Тараз,Түркістан)
Кубизм.
1)Сәулетті ірі құрылыстар нешінші ғасырдан салына бастады ? ( 10 – 11 ғ)
2)Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескеркіштер :
( Бабаджа – қатын,Айша – Бибі)
3)Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы. ( Арыстан баб)
4)Ғаныш деген не ? ( сары топырақ)
5)10 – 12 ғ .қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
( діни кешендер)
6)Қандай қалалардан моншалардың орны аршылған ? ( Отырар, Тараз,Түркістан)
«Қолпаштау» арқылы бағалау
Қолдану СТОү
ОүБжОБ
ОЖЕСО
5 м

Арыстан – баб,Бабаджа – қатын,Айша – бибі кесенесі,
Сергіту жаттығуы Арыстан – баб,Бабаджа – қатын,Айша – бибі кесенесі – оқушылар сипаттайды орындықта отырған оқушы анықтауы керек.
Арыстан – баб –аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған. Оның әулиелігін халық мойындаған.Ол туралы ел ішінде ұлағатты сөз бар.
Бабаджа – қатын –әсем күмбезді ғимарат,есігі шығыс жағында. Кесене шатырлы күмбезбен жабылған.Шамамен 10 – 12 ғ. салынған.
Айша – бибі –кесененің күмбезі құлаған.сыртқы қабырғалары оюлы терракот кірпіштермен қапталған.шамамен 11- 12 ғ. салынған.
«Қолпаштау» арқылы бағалау
Жинақтау СТОү
ОЖЕСО
8 м Тест
Ғаныш деген не ?
А) күйдірілген бор тас б) сылақ
Ә) сары топырақ в) шикі кірпіш
2) 10 – 12 ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
А) діни кешендер б) сарайлар салу
Ә) сауда орындары в) қамалдар тұрғызу
3) Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
А) ескерткіш б) сардоба
Ә) кесене в) мұнара
4) Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған ?
А) Айша – бибі б) Арыстан баб
Ә) Қарахан в) Бабаджа – қатын
5)Жамбыл қаласының батыс жағында, 18 км жерде орналасқан кесенелер.
А) Арыстан – баб, Бабаджа – қатын б) Айша – бибі,Арыстан - баб
Ә) Бабаджа – қатын, Айша – бибі в) Йасауи , Айша – бибі
Конверт – сұрақ
Мешіт деген не ?
Боран мұнарасы қай ғасырда салынған?
Айша – бибі кімнің қалыңдығы?
Оқушылар берілген тест тапсырмасын орындайды.



Мұсылман дінінің әдет – ғұрып, салт –дәстүрлері орындалатынқасиетті ғимарат.
10 – 11 ғасыр
Қараханның
Бағалау СТОү
ТжДБО
ОЖЕСО
6 м «Түсіп қалған сөздерді жетекшілікке алып байланыс орнат»
1)Тараз қаласынан да -------- монша аршылды.Көлемі 13,4* 12,4 м болатын бірінші моншаның әр түрлі мақсаттарға пайдалануға арналған ------- бөлмесі болған.Монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Табылған қалдықтар: ------------,--- ----------------------, -------------------,--------------полихромдық әшекейлер Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді.
Тарихи хат
Тарихи хат
Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдері туралы жазып береді.
Бір – бірін бағалайды.
345