?Р Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына орай ?ткізілген «К?н дидарлы ?аза?стан» «Ж?лдыз» ІІ с?билер тобы (Танымды? са?ат)


КМҚК «балерке» балабақшасы
«Күн дидарлы Қазақстан»
«Жұлдыз» ІІ сәбилер тобы
(Танымдық сағат)
Тәрбиеші: Копесова Н.А.
2016-2017 оқу жылы
КМҚК «Балерке» балабақшасы «Жұлдыз» ІІ сәбилер тобында өткізілген
танымдық сағат тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ, ән айту арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін танымдық сағатта  балалар өз орындарында отырады.
Шаттық шеңбер орындалады.
Үлкенге де - сіз,
Кішіге де – сіз.
Барлығына құрметпен
Бас иеміз біз.
Балалар өз орындарына жайғасады.
Балалар бүгінгі танымдық сағатымызды ҚР әнұранымен бастайық.Балалардың барлығы Әнұранды орындайды. - Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Жұлдыз» ІІ сәбилер тобындағы «Күн дидарлы Қазақстан» атты танымдық сағатымызды бастаймыз. Рәміздерім – елдігімнің  белгісі, Білу керек бала –дағы ең кіші.                                                                                           Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?Балалар: Қазақстан.- Қазақстан қандай мемлекет?Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.- Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.- Еліміздің елордасы қай қала?Балалар: Астана.Жүргізуші: Астана қандай қала?Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.           Рианна: Отан- жерім, Отан- суым,                          Отан  қуат, нәр береді.                          Отан- ұран, Отан- туым,                          Отан мәңгі гүлденеді!          Алихан: Қуат  алған  өзінен,                          Туған елдің  ұлымын.                          Бақытты  етіп  өсірген,                          Отанымның  гүлімін.           Жүргізуші: Біз бүгін еліміздің тәуелсіздігі жайлы айтамыз . Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?Балалар: Туымыздың түсі – көк.Жүргізуші: Иә, өте жақсы. –Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).              Тоғжан: Елтаңбасы  елімнің,                            Неткен  әйбат, әдемі!                            Тұнығындай  көңілдің,                            Ортада- аспан  әлемі.
             Дарын: Анаң- күнің, жүрегің,                             Әкең – өмір тірегің.                              Сен- бақытты  ұлансың,                             Бәрі  саған  қуансын!               Рахым: Көк  аспандай  көкпеңбек,                             Қазақстан жалауы.                             Көк  емес  ол тектен-тек,                             Елдің ашық қабағы.
(Балалар Отан, туған жер, тәуелсіздік жайлы тақпақтарын айтады).       Ән: «Достық».
Балалар, тақпақ, әнді жақсы айттыңдар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Күннің шуағы»
Ойынның мақсаты:
Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын арттыру.
Жүйелі сөйлеуге баулу.
Ойын шарты:Тақтаға шуағын шашқан күн суреті ілінеді. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Тәрбиеші балаларға сұрақтарды бір- бірден оқиды.
1.Сендердің ауылдарың қалай аталады? – Көкпекті ауылы.
2. Біздің бақшамыз  қалай аталады? - «Балерке» балабақшасы.
3.Елордамыз қай қала? - Астана қаласы.
4.Елбасымыз кім? - Н.Ә. Назарбаев
 5.Ұлттық тағамызды атаңдар? - Бауырсақ, құрт, май, бешбармақ, т.б.
 6. Бақшамызда қандай ұлт балалары бар? - Қазақ, орыс, татар, шешен, болғар.
 7. Астанада қандай ғимарат бар? - Бәйтерек кешені.
9.Біз қай топтың балаларымыз? - «Жұлдыз» тобының балаларымыз.
 
Тәрбиеші:  Мінекей балалар, сендер білімді екенсіндер, сұрақтарға жақсы жауап беріп, топтарыңа күннің жылуын таратып, одан қуат , жігер алып отырсыңдар, рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Біздің еліміздің мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. - Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, ерекше атасақ, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова . Осы аға – апайларыңның арқасында біз міне бүгінгі күнге жетіп отырмыз.
Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, балалар.
Балалар, тақтаға қараңдаршы. Мынау не? Дұрыс айтасыңдар. Балалар, бұл - Қазақстан картасы.
Біздің жеріміз үлкен. Бірақ картаға кішкентай етіп  салады. Картада еліміздің жері, суы, қалалары, пайдалы қазба байлықтары көрсетілген.
-Балалар , Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Еркежан: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Абай: Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Мансур: Отан – оттан да ыстық.
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар, мен сендермен тағы да бір ойын ойнағым келіп тұр. Қалай қарайсыңдар?
Ойын:«Туған жерді гүлдендір» (Балалар алдын ала  дайындалған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп  Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)
Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.
Қорытынды.
-Сендерге бүгінгі танымдық сағат ұнады ма?
Біздің мемлекетіміз қалай аталады? Қазақстан рәміздерін ата?
Мадақтау :
Тәрбиеші: Балалар сендер білімді, тәртіпті балалар екенсіңдер. Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Менің сендерге әкелген кішкене сыйлықтарым бар ,мен сендерге соны таратып берейін.
Тәрбиеші балаларға еліміз гүлдей жайнасын деп - гүл, аспанымыз ашық болсын деп - күн, жұлдыздай жарқырасын деп - жұлдыз үлестіреді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін.
Меңгереді: Өз Отаны, елі, жері туралы толық айтып беруді.
Үйрену керек: Отан туралы тақпақ, мақал-мәтелдерді және елін, жерін сүюді, құрметпен  қарауды.