Программалау – алгоритмді формальды жазу т?сілі


Күні:____________________________________________________
Сынып:__________________________________________________
Пән аты: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсіліСабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға алгоритмді жазудың формальды
тәсілдерін үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –
абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйретуСабақтың көрнекілігі: компьютер, инт.тақта, оқулықСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды ұйымдастыру, сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе не үшін қажет?
Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.Алгоритмді ЭЕМ- ге түсінікті тілде жазу сатысы программалау деп атайды.
Программа деп алгоритмнің ЭЕМ- ге түсінікті таңбада жазылуын айтамыз.
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру оңай және жіберілген қателерді де түзету жеңілірек, сондықтан да қазіргі кездегі компьютерлер осы Паскаль тілінде жұмыс істей алады.
Паскаль программалау тілі 17 ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Паскаль өміріБлез Паскаль /1623-1662/
1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады. Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі Алгол, бейсик, тілдерге қарағанда барынша жетілдірілген тіл қатарына жатады. Паскаль тілі өзінінің қарапайымдылығына және тиімділігіне байланысты бүкіл дүние жүзіне кең таралды.
IV. Сабақты бекіту кезеңі.
«Мен мектепке барамын» тақырыбына алгоритм жазуV. Сабақты қорытындылау кезеңі.
1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
2. Алгоритм жазудың қандай тәсілдері бар?
3. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар алгоритмінің мысалдарын келтіріңдер?
VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі. Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсіліVІІ. Оқушыларды бағалау