Онтустик америка халкы жане елдери ?ыс?а мерзімді жоспар


7-сыныпқа «география» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні: 16.01.2017
Сынып: 7 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Оңтүстік Американың халқы және елдері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы үндістер мен аралас нәсілдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: топта сұрақтарға жауап береді.
Көбі: материктің елдерін картадан таба алады
Кейбірі: климат белдеулерін анықтайды
Жетістік критерийлері Картадан мемлекеттерді көрсетіп таныстыру, өз ойларын толық жеткізуге баулу
Құндылықтарды дарыту Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру
Пәнаралық байланыс Дүниежүзі тарихы
АКТ қолдану дағдылары Презентация, слайд, видеоролик, аудиозаписьтермен жұмыс жасау
Тілдік мақсаттар Митис,самбо,Колумбия, Бразилия,Венесуэла
Бастапқы білім Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут Шаттық шеңберге оқушылар шыққаннан кейн «Комплимент» әдісі арқылы шарды бір-біріне беру арқылы комплимент айтады.
II.Үй тапсырмасын тексеру«Зымыран» сұрақтар
Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары бар.
Селвас дегенді қалай түсінесің?
Екі түрлі аталатын табиғат зонасы қандай?
Жергілікті халық «Пампа» деп атайтын табиғат зонасы,
Атокома шөлі қайда ?Патология жерін қамтитын табиғат зонасыАнд тауларының жануарларын атаңызҮй тапсырмасына жауап береді
Сабақтың ортасы
10 минут
15 минут
Халқы және елдері
1.Халықтың құрамы , орналасуы
2. Байырғы халқы үндістер. Инктер
3. Саяси картасы
4. Елдері
5. Анд , Шығыс жазық елдері
Оңтүстік Американың байырғы халқы – үндістер. Х.Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық қоғамдық құрылыста өмір кешіп, аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. Ал Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғарғы сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрды. Жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді. Инктер қоғамында адамгершілік қағидалары қатаң сақталған: ұрлық, жалқаулық, өтірік айтуға жол берілмеген. Денсаулығы жарамсыз қарт адамдарға көмектесу алғаш рет Инктер империясында жүзеге асқан. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөктерінде тұрады.Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. Негрлердің еуропалықтармен некелесуінің нәтижесінде-мулаттар, ал үндістермен негрлердің некелесуінен самболар тараған. Негрлер мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. XIX ғасырда Испаниямен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары-креолдар. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан-португал тілдерінде сөйлейді.
Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне ажыратылады.
Анд елдері: Перу, Колумбия, Эквадор, Боливия, Чили
Шығыстағы жазық елдері:Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Аргентина, Гвиана
Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көп Бразилия.Жерінің ауданы мен халқының саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы – 22 штаттан тұрады.Федерациялық республика. Пайдалы қазбалары: темір, түсті металл, мұнай, табиғи газ, алмас, уран . Бразилия шаруашылығының даму дәрежесінен бірінші орын алады.
Елде тау-кен өндірісі, қара түсті металлургия, машина жасау жақсы дамыған. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі. Халықтың басым көпшілігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған.
Жаңа сабақты пысықтауОқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою.
Оңтүстік Америка халқының нәсілдік және ұлттық құрамы қандай ?Олар қалай қалыптасқан ? Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады ?.
Назарларын жаңа сабаққа сабаққа аудару.
Топпен жұмыс жасау, жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін көрсету
Сабақтың соңы
10 минут Жаңа сабақты бекіту
Сөзжұмбақ «Халқы» елдері
«Бізден сұрақ, сізден жауап» ойыны
Оқушылардың білімін бағалау Үйге тапсырма№43. Оңтүстік Американың халқы және елдері
Кескін картаға елдерді астанасымен түсіру
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия