Ашы? саба? ?ырды? жас т?легі


Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Қырдың жас түлегі»
Білімдік мақсаты: Сапарғали Бегалиннің шығармасынан алынған «Қырдың жас түлегі» әңгімесінің мазмұнын аша отыры, Шоқан өмірі жайлы мағлұмат беру; ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік мақсаты: Оларды ұлы адам өмірлері арқылы ұлтжандылыққа, ізденімпаздыққа, адамгершілікке, рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалихановтың суреті, «Шоқан саяхаттары» карта-сызба, ұлы ғалым туралы жазылған ой-пікірлер, сөзжұмбақ, тірек сызба, кесте түріндегі слайдтар .
I.Ұйымдастыру.
- Амандасу, түгендеу;
- Оқушылардың ынтасын, зейінін сабаққа аудару;
II. Психологиялық жаттығу
Атаңа –ар бол,
Анаңа – нәр бол,
Жақсыға жар бол,
Жаманға зәр бол,
Халқыңның – тұмары бол,
Жалпының құмары бол!
III. Үй тапсырмасы
А ) Мазмұндап айту
А) Сандар сөйлейді
- 1730 жылы Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақ даласына басып кірді
- 1730 жылы Абылайдың аты қазақ ішінде дүркірей бастады
- 1745 жылы Қалдан Серен дүние салды
- 1774 жылы Абылайдың ұлы Әділ басшы болды
- 1781 жылы Абылай хан дүние салды
Н
И
Л
А
Г
Е
Б
Үй тапсырмасына жауап беру арқылы мына әріптерді ашамыз.
Сұрақ-жауап
IV. Жаңа сабақ
1) Автор туралы
Сапарғали Бегалин 1895 жылы Семей облысы Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таниды,керуенмен Семейге келіп пристанда жүкші болып қызмет істейді, кейін оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Құлжановтың үйінде ат күтуші болады, ол кісіден орыс тілін үйренеді, кейін приход мектебіне түседі, жаз айларында жүктілік жұмысын жалғастырады.
Бегалин – балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, тамаша үлгісін көрсеткен жазушы
2) Тақырыппен жұмыс жасамас бұрын бүгінгі кейіпкерімізбен танысып өтейік
Шоқанның өмір жолдарыБілім алу кезеңі
Шоқанның ғылыми қызметі
Шоқан өмірінің соңғы кезеңдері
Арғы тегі, туып-өскен ортасы, балалық шағы, білім алу кезеңі,ғылыми қызметі және саяхат сапарлары ауызша түсіндіріліп кетеді.
3) Кітаппен жұмыс
-Мұғалім дауыстап оқиды, оқушылармен бірлесе отырып талдау;
-оқушылар өз беттерімен ызың дауыспен оқиды;
-көзбен оқу;
-тізбектеп оқу;
-бөлікке бөліп оқу, әр бөлікке ат қою
V. Сергіту сәті (Сабағымыз ерекше болғандықтан, бүгінгі сергіту сәтіде ерекше болмақ. Ол үшін қара жорға биін билейміз)
4) right106680 Сөздікпен жұмыс. Сырсандықтан шыққан сөздермен танысайық.
Қамау көше – тұйық көше
Кадет корпусы – патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны
Жатақ – жатақхана

Шоқан
5) видео көрсету
6) Тірек сызба мен жұмыс жасалады.
а) Шоқан – тарихшы, саяхатшы
ә) Шоқан – әдебиет зерттеушісі
б) Шоқан – суретші
в) Шоқан және музыка
г) Шоқан – этнограф
VI) Мәтін мазмұнымен жұмыс.
Сұрақтар:
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
9)
10)
VII.Бәйге ойыны: «Шоқан – ұлы ғалым»
Шоқанның әкесінің аты кім? (Шыңғыс)
Шоқанның білім алған қаласы? (Омбы)
Шоқанның туған өлкесі? (Құсмұрын)
Шоқанның арғы атасы? (Абылай)
Қазақтың тұңғыш ғалымы? (Шоқан)
Шоқанның атасы? (Уәли)
1858-59 жылғы сапары? (Қашқария)
VIII. Кестенің ұяшықтарындағы сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.1Шоқанның шын аты 1Шоқан….бекінісінде дүнеге келген
2Шоқан-….. ұрпағы 2Мұхаммед Ханафия
3Құсмұрын 3Абылайдың
4Шоқанның өмір сүрген кезеңі 4 Шоқан…..оқыды
51835-1865жж. 5Сібір кадет корпусында
Х. Бекіту :
ХI. Сабақты қорытындылау
А) Үйге тапсырма: «Ғалым Шоқан тақырыбында» тақырыбында әңгіме жазып келу,.
Б) бағалау