План урока по истории на тему С?улет ескерткіштері (5-сынып)


Бекітемін: Садыков А.Ж
Мұнайлы ауданы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Жайлыбаева Салтанат Муратқызының қысқа мерзімді сабақ жоспары:
25.01.2017ж. Қазақстан тарих 5 «Ж» сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Жалпы мақсаты: Орта ғасырлардағы сәулет өнері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жалпы сәулет өнері туралы түсінік ала отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғынады.
Сілтеме: Қазақстан картасы, кесенелер суреттері, қазіргі заманғы архитектура үлгілері.
Оқыту әдістері: Блум таксаномиясы, топтық жұмыс, жұптық жұмыстар.
Тапсырмалар: Миға шабуыл
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру бөлімі. ( 3 мин) 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.
3.Сыныпты топқа бөлу. Оқушылар түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Білу (6 мин ) Миға шабуыл
1.Қазақтың материалдық мәдениетіне нелер жатады?
2. Қазақ халқының ежелгі баспанасы?
3.Киіз үйдің негізгі бөліктерін ата?
4.Қазақтың ұлттық киімдерінен нені білесің?
5.Қазақтар теріден, ағаштан қандай бұйымдар жасаған?
6.Қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі?
7.Үй жиһаздарын ата?
8.Торсықтың қандай түрлері бар?
9. Томаға дегеніміз не?
10.Шаңыраққа қатысты қандай тыйым сөздерді білесің?
11.Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз қалай аталады?
12.Қазақтың зергерлік өнер туындыларын ата? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Түсіну (5 мин ) Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға төмендегідей сұрақтар беремін.
1.Алғашқы адамдардың мекен-жайы, үйі қандай болды?
2.Олар қалай өмір сүрді?
Сұрақтарға жауап ала отырып жаңа сабақты түсіндіремін. Оқушылар тақырып бойынша түсінік алады.
Қолдану (10 мин ) Топпен жұмыс. Әр топқа кесенелер суреті таратылады.Әр топ өздеріне берілген кесене туралы оқулықтан тауып, ерешеліктерін дәптерлеріне жазып алады және осы топтан бір оқушы өздеріне берілген кесене туралы мәліметтермен таныстырады.
1 топқа- Айша Бибі кесенесі
2 топқа- Алаша хан кесенесі
3 топқа- Ахмет Йассауи кесенесі
4 топқа- Бабаджа қатын кесенесі Оқушылар топпен жұмыс жасайды, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.
Сергіту сәті (5 мин ) Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу модулі.
«Киіз үй» бөліктері Оқушылар сергіту сәтін ерекше көңіл-күймен орындайды.
Талдау ( 5 мин) Сәулет ескерткіштері________Орналсқан жері
1.Айша Бибі кесенесі_______А)Жезқазған қаласы
2.Қарахан кесенесі_________ Ә)Түркістан 3.Жошы хан күмбезі_______ Б)Тараз
4.Алаша хан кесенесі______ В)Қарағанды
5.Қожа Ахмет Йассауи_____ Г)Тараз
6. Бабаджа қатын __________Д)Тараз Оқушылар сәйкестендіруді орындайды.
Жинақтау (5 мин ) «Орнына қой» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдері тексеріліп, сабақ бекітіледі.
Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін _______ дейді. Еңбек құралдары,шаруашылық түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар біртіндеп ________ салуды үйренді. Жерді қазып жасаған үйді________ деп атады. Көшіп-қонған кезде түйеге артып жүруге, құрастыруға ________ қолайлы еді. Құрылыс салуға сапалы материалдар ________ қолданған. Қожа Ахмет Йассауи кессенесін қазақ халқы қасиетті ________ есебінде құрметтейді.
Керекті сөздер: Жеркепе, киіз үй, сәулет өнері, пантеон, тұрғын үй, тас, күйдірілген кірпіш. Оқушылар жұптасып оқулық мәтінін пайдаланып тапсырманы орындайды.
Бағалау (2 мин ) Бағалаудың критерийі
1.Сабаққа белсенді қатысқаны үшін
2.Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.
3.Топтық жұмыстарда өзінің идеясын айтып отырғаны үшін
Оқушыларға арнайы бағалау бетшелерін беру.
Оқыту үшін бағалау (формативті) Оқушылар үй жұмысына, әр тапсырмаға қатысып отыруына қарай геометриялық фигураларды пайдаланып бағаланады.
Кейінгі тапсырма (2 мин ) $ 18. Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері барма?
Мәліметтер жинау Үй тапсырмасын орындайды.
Рефлекция (2 мин) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу.Кері байланыс орнату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын оқушылар стикерлерге жазып тақтаға жапсырады.