C?улет ескерткіштері ашы? саба? (5 сынып)


Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы жалпы білім беретін №4 ортамектебі Тарих пәнінің мұғалімі: Нугманова Светлана Аянбергеновна
Сабақ тақырыбы: Сәулет ескетрткіштері. (5 – сынып) Мақсаты:
Қазақ жерінде сәулет өнерінің даму тарихынан мағлұмат беру, негізгі сәулет құрылыстарының түрлерімен таныстыру
Алғашқы адамдар мен тайпалардың қарапайым баспаналарынан бастап, киіз үйдің пайда болуы мен ортағасырлардағы түрлі құрылыстардың бой көтеруіне себеп болған жағдайлармен таныстыру, оқушылардың тарихи танымын кеңейту
Мәдени ескерткіштерімізді, құндылықтарымызды құрметтеуге, оларды қорғауға тәрбиелеу
Әдістер: ауызша әңгімелеу, сұрақ жауап, семантикалық карта Көрнекілігі: адамдардың алғашқы баспаналары бейнеленген суреттер, слайд, семантикалық кесте Барысы: Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу Үй тапсырмасын сұрау: қойылатын сұрақтар:Қазақтың материалдық мәдениетіне нелер жатады?Қазақ халқының ежелгі баспанасы?Киіз үйдің негізгі бөліктерін ата? Қазақтың ұлттық киімдерінен нені білесің? Қазақтар теріден, ағаштан қандай бұйымдар жасаған?Қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі?Үй жихаздарын ата?Торсықтың қандай түрлері бар?Томаға дегеніміз не?Шаңыраққа қатысты қандай тыйым сөздерді білесің?Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз қалай аталады?Қазақтың зергерлік өнер туындаларын ата?Жаңа сабақты игеру:Сәулет өнердің бір түрі. Сәулет өнері дегеніміз тұрғын үй, жалпы құрылыс салу өнерін айтады. Адамдардың құрылыс салу тарихы сонау тас ғасырынан басталады. Ол кезде адамдар не салуы мүмкін? Әрине, баспана салады. Жер беті күрт суытып, мұз басқан кезде адамдар өздеріне қарапайым тұрғын жайлар салған. Олар жертөле немесе жеркепе деп аталған. Ол үшін жартылай жерді қазып, ағаштан бағаналар тұрғызып, олардың басын біріктіріп, үстін сырғауыл, тері немесе қамыс кепкен шөптермен жапқан. Мысалы: тундраны мекендейтін тайпалар әлі де осыған ұқсас баспаналарды мекендейді. Оны олар чум деп атайды. Темір дәуірінде сақтар төрт немесе алты дөңгелекті арбалардың үстіне орнатылған, үстін киізбен жапқан күйме немесе күймелі арбаларда тұрған. Қазақ даласын және Еуразияның далалы аймақтарында көшпелі өмір салты толық орнағаннан кейін тұрмыста киіз үй пайда болды. Есімізге түсірейік: киіз үй қандай бөліктерден тұрады? Уақыт өте келе әсіресе ортағасырларда үй жайлар ғана емес, сонымен қатар кесенелер, моншалар, хан және теңге сарайлары, мешіттер тағы басқа да түрлі құрылыстар сала бастады. Олардың көпшілігі біздің заманымызға жетпеді немесе өте бүлінген күйде жетті. Дегенмен қазақ жерінде сақталып қалған ескерткіштер бар. Олардың бірі әрі бірегейі: Айша бибі ескерткіші. Айша бибі кесенесі ХІІ ғасырда салынған. Ол Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша бибі ауылында орналасқан.24701557924701993903641090есенені Қарахан салдырған. Сән салтанаты мен әдемілігі жағынан теңдесі жоқ ескерткіш. 70 – жуық ою өрнек түрі кездеседі. Пішіні шаршы тәріздес, бұрыштары бағана тіреулермен көтерілген. Кесене қабырғасының қалыңдығы 80 см, ал қай қай жағынан да табандарының ұзындығы 7,6 метр. Қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Әуелі күйдірілген кірпіштен қаланып, бос кеңістіктері құрылыс қалдықтарымен толтырылған, ал сыртынан бөлек бөлек әшекейлі төртбұрышты плиткалар жапсырылған. 2004 жылдары ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Айналасы абаттандырылып, жарық қойылып, адамдардың келіп қарауына барлық жағдай жасалды. ХІ – ХІІ ғасырларға тән тамаша туынды Алаша хан кесенесі. Кесененің сlefttopырты қазақтың кесте оюына толы. Аңыз бойынша бұл құрылысты Қасым хан салызған. Алаша хан күмбезі Қарағанды облысы Ұлытау ауданының маңында орналасқан. Осынау теңдесі жоқ сәулет өнерінің үлгісі қазақтың аңызға айналған түп атасы Алаша ханға арналған. Бұл қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш болып саналады. Орта ғасырлырда қазақ жеріндегі белгілі адамдарға арнап салынған сәулет құрылысы Жошы хан күмбезі болып табылады. Бұл құрылыс Жезқазған қаласынан қырық шақырым жерде Кеңгір өзенінің жағасында ірге тепкен. ХІІІ ғасырларда салынған күмбез күйдірілген кірпіштен қаланған.Сәулет өнерінің тағы бір тамаша туындысы Қарахан кесенесі. Бұл ескерткіш Тараз қаласы маңында орын тепкен. Сырты кірпіштен қаланып, әшекейленген. ХХ ғасырдың басында қайта қалпына келтірілген. Қазақ жеріндегі тамаша тарихи жәдігер бұл Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Кесене Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Яссауидың құрметіне тұрғызылған. «Әзірет Сұлтан» деп аталатын бұл құрылыс ортағасырлық сәулет өнерінің сирек кездесетін ескерткіші. Бұл кесене 1396 – 1404 жыдары аралығында салынған. Құрылыстың биіктігі қырық метр. Оның ішінде қырық бес бөлме бар. Аталған ғимарат өзінің ерекше әдемілігімен, ғажайып үлгісімен қызықтырады. Оны көруге Қазақстанның әр жерінен адамдар келеді.Бұлардан басқа қазақ жерінде Қозы Көрпеш Баян сұлу мазары, қола дәуірінде жасалған Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары, Сырлытам кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі т.б ескрткіштер бар. Түркістан, Отырар, Тараз қалаларындағы Шығыс моншалары да ерекше үлгімен салынған. Уақыт өте келе құрылыс салу ісінде күрделі өзгерістер орын алды. Оның басты себебі шарушылық пен экономиканың дамуы болып табылады. Дегенмен, қлы даланың әр жерінде мен мұндалап тұрғандары бар. Ендігі бастысы сол ата бабаларымыздан қалған ескерткіштерді көздің қарашығындай сақтап қалу. Сабақ барысында әр оқушы өздерінің үйден алдын ала дайындап келген бір бір сәулет құрылысы туралы мәлімет айтады.Сабақта өтілген тақырыпты бекіту мақсатында семантикалық картадан кесенелер мен олардың салынған мезілі мен орналасқан жерін сәйкесендіріп белгі қояды.
кесенелер Түркістан
Семей Тараз Қарағанды Жезқазған 10-11 11-12 13 14-15
Алаша хан + + Қожа Ахмет + +
Жошы хан + + Айша бибі + + Қарахан
+ + Қозы Көрпеш + + Бабаджа хатун + + Бағалау. Үйге тапсырма беру: 18 тақырыпты оқып келу, өздерінің таңдағаны бойынша бір ескерткішке қосымша мағлұмат дайындап келу және айту.