??жат терезесін баптау. ??жатты ?арау т?ртіптері. Терезелерді б?лу, ретке келтіру.


Сабақтың тақырыбы: Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру. Құжаттың терезе түрін баптау.
Сабақтың мақсаты:
1. Құжат терезесін баптау, құжатты көру режимдерін, терезенің бөлінуі және реттілігі туралы түсіндіру.
2. Тапсырманы өздері істеп көруге және құжат құрылымын ажырата білуге үйрету.
3. Оқушыларға бір-біріне көмек беруге, уақытты үнемдеуге үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: Құжат режимінің түрлерін және құжат терезесін баптауды.
Оқушылар меңгеруі тиіс: Қажетті батырмаларды орнатуды және қолдануды
Көрнекіліктер: ДК, проектор, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
III Үй тапсырмасын тексеру
Әр балаға жеке-жеке карточка беру арқылы сұрақтар дайындау және жауабын барлық бала тыңдап, жауаптың дұрыс және дұрыс еместігіне көз жеткізе отырып үй тапсырмасын тексереміз.
IV Білімді өзектендіру
А) Құжат терезесін қалай баптаймыз? Мысал келтіріңдер
B) Терезелерді реттеудің және бөлудің маңызы неде?
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Терезені мына параметрлер бойынша баптауға болады: Сызғыш, керекті тақталарды орналастыру, айналдыру жолақтарын орнату немесе алып тастау, құжаттарды қөру режимін орнату. Сонымен қатар құжат беттерінің орналасуын және масштабын өзгертуге болады.
Масштабты өзгерту:
Түр (Вид) менюінен масштаб бұйрығын таңдаймыз. (2.6-суретте көрсетілгендей) Масштаб диалогтік терезесі пайда болады.
Масштаб тобының келесі ауыстырып-қосқыштарының бірін шертіңдер:
200% Мәтіннің бейнеленуін мөлшерден екі есе ұлғайтады;
100% Масштабты үнсіз келісім бойынша күнделікті режимге келтіреді;
75% Мәтін көлемін кішірейтеді
Беттің ені бойынша (По ширине страницы). Мәтін жолының мөлшері терезе өлшемімен сәйкес келеді;
Мәтіннің ені бойынша (По ширине текста). Беттің мөлшерін барлық мәтін экранға сиятындай етіп өзгертеді. (осы нұсқа Разметка страницы қарау режимінде ғана мүмкін);
Жалпы бет (Целая страница). Экранға бетті тұтастай орналастырады.
Бірнеше бет (несколько страниц) құжаттың барлық беттерінің кішкене нұсқасын бейнелейді;
Еркін (произвольный) тізімін пайдалана отырып, құжатты бейнелеудің кез келген масштабын орнатуға болады. Бұл параметрдің көмегімен 57%, 93%, 138% сияқты масштабтарды алуға болады.
ОК-батырмасын шертеміз.
VI жаңа білімді бекіту:
Тәжірибелік жұмысты орындау арқылы, білімдерін бекітеміз,
VII Қорытынды
Жаңа тақырыпқа сұрақтар қою арқылы білімдерін қорытындылаймыз.
VIII Үйге тапсырма: Бақылау сұрақтарына жауап беру