??жатты? терезе т?рін баптау. ??жатты ?арау т?ртіптері. Терезелерді б?лу, ретке келтіру.


22860-12700000Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№10 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру.
Сынып: 10 «Ә»
Информатика пән мұғалімі: Даулетбекова Г.Н.
Тараз-2016
Мерзімі14.11.2016 жылы
Сынып10 «Ә»
ПәніИнформатика
Тақырыбы§10. Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру.
МақсатыҚұжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтірумен таныстыру.
МіндеттеріҚұжат терезесін баптау, құжатты көру режімдерін, терезенің бөлінуі және реттілігі туралы түсіндіру.
Тапсырманы өздері істеп көруге және құжат құрылымын ажырата білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, уақытты тиімді қолдануға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижеҚұжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптерімен танысады;
Мәтін түрлерін біледі;
Терезелерді бөлу, ретке келтірумен танысады.
Сабақтың типіТәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы
Сабақтың түріАралас сабақ
Тақырыпты ашуға байланысты тәсілдерМозайка, куббизм тәсілі, тірек сөздермен жұмыс(эссе)
Сабақта қолданылатын құралдар Интербелсенді тақта, электронды оқулық, компьютер, маркер, стикерлер, постер
Пән аралық байланысҚазақ тілі
Сабақтың жоспарыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіҰйымдастыру кезеңі(2 минут) Қызығушылықты ояту.
«Жалын-мұз» жаттығуы.
"Мозайка" әдісі бойынша топқа бөлемін.
Құрастырылған суреттер туралы не айтасыңдар? Қатысушылар тік тұрып «Жалын» дегенде жылдам барлық дене бұлшық етімен қимыл-қозғалысқа түседі. Әрбір қатысушы оны өз ырқына қарай алады. Ал «Мұз» дегенде сол тоқтаған кейпінде қалшиып қалады. Жүргізуші бірнеше рет бұл үрдісті қадағалайды.
Сурет қиындыларын алады, құрастыру арқылы топтарға бірігеді.
Оқушылар өз ойын айтады.
Техника қауіпсіздігі
(1 минут) Электронды оқулықты іске қосу. Техника қауіпсіздігі жөнінде қысқаша мәліметтер айтады.
Үй тапсырмасын тексеру
(7 минут)
«Куббизм» тәсілі. Топтың ортасына кубикті тастаймын, түскен жағындағы әрекетті жасауға ұсыныс беру
Мәтіндік процессордың қандай мүмкіндіктері бар?
Мәтін дегеніміз не?
Мәтіннің қандай түрлері бар?
Құжатты сақтаудың қандай жолдары бар?
Word терезесінің құрылысын атаңдар.
Ctrl+N батырмалар үйлесімін қай кезде қолданамыз?
Сақталған құжатты ашу жолдарын атаңдар. Түскен әрекетке қарай, топ болып өздерінің ойларын айтады.
Тақырыпқа шығу
(2 минут) Топқа бөлінген суреттеріне оқушылардың назарын аударта отырып, ойларын сұрау және сол арқылы тақырыптқа шығу. Оқушылар суреттерге назар аудара отырып өз ойларын айтады.
ББҮ
(3 минут) Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру туралы не білетіндерін және не білгілері келетіндіктерін анықтау. Оқушылар тақырыпқа байланысты ойларын жинақтайды және не білу керек екені туралы ойларын ортаға салады.
«Өкіл»
10 минут Әр топқа белгілі мәтіндер беріледі. Мәтінді алдымен жеке оқып шығып содан кейін жұпта талқылау жүргізеді.
Оқушылар мәтінмен танысады, талқылайды. Келесі топтарға
Өкіл есебінде бара отырып өз мәтіндерімен таныстырып шығады.
Компьютермен жұмыс
(10 минут)
Тәжірибелік тапсырмалар.
Өз ойларыңды топпен ақылдасып, қағазға түсіріңдер.
Топтарға тақырып бөліп беру.
Құжат терезесіндегі сызғышты баптау.
Құжатты қарау тәртіптері.
Черновик режімі.
Web-құжат.
Беттердің орналасуы.
Құрылым.
Оқу режімі.
Алдын ала қарау режімі.
Терезелерді бөлу, ретке келтіру. Тәжірибелік тапсырмалар арқылы топ жұмыс жасайды.
Топтарына жиналып, берілген тақырыпшаларына байланысты постерге түсіреді, қорғайды.
« Зымыран сұрақтары»
(5 минут)
Құжат терезесін қандай параметрлер бойынша баптауға болады?
Құжатты көрудің қандай режімдері бар?
Құжатқа сызғышты қалай орналастырамыз және оның артықшылығы неде?
Экран масштабын қалай баптауға болады?
Сызғыш қандай режімде тігінен орналастырады?
Қарапайым құжат құрғанда қандай режіммен жұмыс жасаған қолайлы?
Құжат терезесінің орналасу түрлерін атаңдар.
Черновик, беттердің орналасу режімі дегеніміз не?
Алдын ала қарау режіміне өту үшін қандай әрекеттерді орындау керек? Сұрақ-жауап арқылы жауап береді.
Рефлексия
(2 минут) «Екі жұлдыз, - бір тілек» әдісін ұсыну. «Екі жұлдыз, - бір тілек» әдісімен толтырады.
Бағалау
(2 минут) Бақылаймын, бағалаймын.
Оқушыларды бағалауда өз бағасын ортақ балмен есептейді. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады.
Үйге тапсырма (1 минут) §10. Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасын сұрау ұпаймен (5) Тәжірибелік ұпаймен (5) Зымыран сұрақтар ұпаймен (3) Өзіңді тексер!
ұпаймен (5) Бағасы
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. Баға мониторингісі:
18 ұпай – «5»
15-13 ұпай – «4»
10-8 ұпай – «3»